Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет300/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Өлекседегі1 өзгерістер дерттің 
өтуіне, түріне байланысты болып келеді. Аурудын жіті түрінде әлекседегі 
өзгерістер өлітиюге тән болады. Кеуде тұсы, шабының терісі көкшіл тартып, 
бүйірінде, жонында эр түрлі келген қошідыл-қызғылт дақтар кездеседі. Ішкі 
қуыстар мен ағзалардың сірі қабықтарында уақ қан құйылулар, фибрин тал- 
шықтары кездеседі. Сөл түйіндері қанға толып, көлемі ұлғаяды. Көкбауыр үл-
382


кейіп, бауырда дистрофиялық өзгерістер кездеседі. Бүйрек қабынып, қанта- 
лаулар байқалады. Өкпе домбығып, қабыну ошақтары кезігеді. Жүрек еті боз- 
ғылт тартып жұмсарады. Қарынның, аш ішектің кілегейлі қабығында қан- 
талаулар болады. Аурудың созылмалы түрінде жүрек қақпақшаларында, 
буындарында өзгерістер кездеседі.
Балау. 
Тілмені індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық 
дереқтер, зертханалық зерттеулердің нәтижесінде анықтайды. Індеттанулық 
деректерден аурудың маусымдылығын, тұрақтылығын, ауыратын малдардың 
жас мөлшерін еске алып, клиникалық белгілерінен теріде кездесетін дақтарға 
көңіл аударады. Сондай-ақ, ауру шошқаларды емдегенде тілмеге қарсы сары- 
су мен антибиотиктердің жақсы эсер ететінін ескеру қажет. Патологиялық- 
анатомиялық өзгерістерден көкбауырдың ұлғаюы, қарын мен аш ішектің 
кілегейлі қабығының, сөл түйіндерінің, бүйректің қабынып, қанталаулар кез- 
десетінін ескереді. Зертханаға көкбауырдың, бауырдың, бүйректің кесінділе- 
рін жэне жілік сүйегін жібереді.
Патологиялық материалдардан жағынды дайындап, Грам эдісімен бояп
микроскоппең қарайды. Қоректік орталарға сеуіп, қоздырушының таза өсінін 
алады. Ажырату үшін флуоресценттік микроскоппен тексеру қолданылады.
Қажетті жағдайда үлпершек мүшелерден дайындалған езіндімен биосы- 
нама қояды. Ол үшін езіндіні көгершін немесе ақ тышқанға егіп тексереді. Оң 
нәтиже берсе, олар 3-5 тэулікте ауырып өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   296   297   298   299   300   301   302   303   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет