Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет362/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
14.6. Жұқпалы бронхит
Жұқпалы бронхит 
(Bronchitis infectiosa,
инфекционный бронхит) -
балапандардың тыныс мүшелерінің, мекиен тауықтардың жыныс мүшелерінің 
зақымданып, жүмыртқалауының төмендеуімен сипатталатын аса жүғымтал 
ауру.
Тарихи деректер. 
Ауруды алғаш рет АҚЩ-та Шалк пен Хафи (1931) 
сипаттап, қоздырушы вирусын Бич пен Шалк (1936) ашты. Қазіргі уақытта 
жұқпалы бронхит қүс шаруашылығы дамыған елдерде кеңінен тараған.
Қоздырушысы - Avian infectious bronchitis coronavirus -
коронави- 
рустар тұқымдастығына 
Coronaviridae
туыстастығына жатады. Қүрамында 
РНҚ бар, вириондары полиморфты, липидті қабықпен қапталған.
Тауық эмбрионының алантоис сүйығында 37°С-та 10 күн, 20-30°С-та 24 
күн, зардаптанған ұлпаларда 50% глицеринмен консервілегенде 4°С-та 80 күн 
сақталады. Қүс қораларында әртүрлі заттарда 17-23°С-та 7 күн, құстың 
саңғырығында 50-90 күн тіршілігін жоймайды.
Індеттік ерекшеліктері. 
Табиғи жағдайда жүқпалы бронхитке тауьщ 
жасына қарамай ауырады. Ауырған тауықпен жанасқан жапон бөденесі де 
ауырады. Қолдан көгершінге, көжекке, жарқанатқа жүқтыруға болады.
Вирустың бастауы - ауырған және жазылған соң 3 ай бойы вирус бөліп 
шығаратын тауықтар. Қоздырушысы ауа арқылы өте тез беріледі. Вирус сау 
шаруашылыққа экелінген жағдайда аэрогендік жолмен барлық құсқа жылдам 
жүғады. Ауру қаулағаннан кейін бір жыл бойы індет ошағы тұрақтанады. 
Індет басталған соң 2-43 күн бойы жүмыртқадан вирусты бөліп алуға болады. 
Жүқпалы бронхит шыққан шаруашылықтағы қүстар басқа аурулардың қоз- 
дырушыларына өте бейім келеді. Аурудың қай кезеңінде болмасын жұмыртқа 
өнімі күрт (50% жэне одан жоғары) азаяды.
Дерттенуі. 
Жүқпалы бронхиттің вирусы қүстың денесіне тыныс жолдары 
арқылы еніп, кеңірдектің эпителий торшаларында көбейеді де, олардың 
зақымданып, сыдырылуына әкеп соғады. Содан соң вирус қанға өтіп, бүкіл 
денеге тарайды. Қан тамырларының өткізгіштігінің жоғарлауы кеңірдек пен 
бронхалардың кілегейлі қабықтарының қабынуына экеп соғады. Тыныс жол-
447


дарындағы қабыну процестері шартты түрде зардапты микробтардың көбе- 
юіне, дерттің асқынуына жағдай жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет