Оқулық. Алматы, 518 бет


Респираторлық микоплазмоз



Pdf көрінісі
бет360/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
14.5. Респираторлық микоплазмоз
Респираторлық микроплазмоз 
(Mycoplasmosis respiratoria,
респиратор- 
ный микоплазмоз) - құстың тыныс мүшелерінің зақымдануы, синовит, 
арықтау жэне өнімділігін жоғалтуымен сипатталатын созылмалы ауруы.
Тарихи деректер. 
Ауруды алғаш рет 1936 ж АҚШ-та Нельсон мен 
Жиббс (1936), қоздырушысын Делаплан мен Стюарт (1943) сипаттады. Алға- 
шында АҚШ пен Канадада байқалатын ауру кейін 1956 ж бастап басқа 
елдерге тарады. Әртүрлі аталып келген бүл ауру 1961 ж Халықаралық індет 
бюросының шешімімен «құстың респираторлық микоплазмозы» деп аталды.
445


Қоздырушысы 
-
Mycoplasma galliseptica,
полиморфты, көбінесе кок- 
тарға ұқсас, жартылай ауасыбағалы, белокпен, көмірсулармен, стериндермен, 
витаминдермен байытылған қоректік орталарда, тауық эмбриондарында, тор- 
ша өсіндерінде өседі. Лиофильді кептіргенде, төмен температурада қатыр- 
ғанда бірнеше жыл, өсіндіде 2-4°С-та - 60 күнге, 20°С-та - 30-60 күнге, 37°С- 
та - 15 күнге дейін сақталады, ыстыққа төзімсіз, бірнеше минутта өледі. 
Дезинфектанттарға сезімтал.
Індеттік ерекшеліктері. 
Ауруға тауық, күрке тауық, бөдене, қүр, шіл, 
көгершін басқа да тауық түқымдас құстар шалдығады. Негізінен тауық пен 
күрке тауық ауырады, әсіресе, 2-4 айлық балапандар мен жұмыртқапай бас- 
таған жас мекиендер сезімтал келеді.
Реписторлық микоплазмоз көбінесе өндірістік негіздегі ірі шаруашылық- 
тарда, шектеулі кеңістікте құстарды тығыз орналастырғанда байқалады. 
Сыртқы ортаның қолайсыз жағдайы аурудың тез таралуына жағдай жасайды.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауру жэне микоплазма апып 
жүруші қүс. Ауру қоздырушысы аэрогендік жолмен жэне жүмыртқа арқылы 
трансовориальді беріледі. Микроклиматтың жайсыздығы, құсты тасымалдау 
мен орнын ауыстыру, вакциналау сияқты қолайсыз эсерлер аурудың шығуына 
жағдай жасайды. Микоплазмоз әдетте колибактериоз, жүқпалы ларинготра- 
хеит жэне жүқпалы бронхитпен қабаттасып көбінесе қосарланған инфекция 
ретінде өтеді. Өлім көрсеткіші 5% -дан 50% -ға дейін жетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   356   357   358   359   360   361   362   363   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет