Тарихи деректер. 1889 ж Англияда алғаш рет Клейн бүл аурудың жап-
пай байқалуын сипаттап, «құс сальмонелезі» деп атады. ¥ зақ уақыт бойы ере-
сек тауықта «сүзек» (тиф), ал балапанда «ақ тышқақ» деп аталды. Кейінірек
пуллороз бен тиф бір қоздырушы тудыратын ауру екені дәлелденді.
Қоздырушысы -
Salmonella pullorum gallinarum сальмонеллалар тобы-
на жатады. Бүл топтағы басқа микробтардан айырмашылығы жіпшелері жоқ,
қозғалмайды. Спора мен қауашақ түзбейді, грамтеріс, қарапайым қоректік ор-
тада жақсы өседі.
Сыртқы ортада төзімділігі жоғары, кұрғатылған жағдайда өсіні жылдар
бойы сақталады: Топырақта 14 ай, қүстың сыңғырағында 3 айға дейш тірші-
лігін жоймайды.
;
Дезинфекция үшін 15-20% кальцийленген сода, 5-6% нафтиназол, 3-5%
сілті, 1 % формальдегид, 20% хлорлы эк ерітінділері жақсы нэтиже береді.
Індеттік ерекшеліктері. Пуллорозға қүстардың көптеген түрлері бейім,
бірақ, көбінесе тауық пен күрке тауық ауырады. Бәрінен де ет тұқымды та-
уықтардың балапандары ауруға жиі шалдығады. Олардың ауруға шалдығу
көрсеткіші 80% дейін жетеді.
Пуллороздың жіті қаулауы 5-7 күн аралығындағы балапандарда жиі бай-
қалып, ауруға шалдығу 14 күнге дейін жалғасады. Кейіннен аурудың таралуы
бәсеңдеп, 20-45 күн аралығындағы балапандарда тек спорадия ретінде кез-
десіп, созылмалы түрге ауысады.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған балапандар жэне микроб
алып жүретін ересек тауықтар. Сальмонеллалар сыртқы ортаға нэжіспен жэне
жүмыртқамен бөлінеді. Зарарланған жүмыртқаның 40-60% -ынан балапан
шығады да, қалғанындағы ұрық өліп қалады. Сонымен балапандарда пул-
лороз жүмыртқа арқылы берілетін конгенитальды (трансовориальды) жэне
туғаннан соң жүғатын постнатальды болып бөлінеді.
Пуллороздың кең таралуына қүс пен оның балапанын дүрыс азықтан-
дырмау, гиповитаминоз, суыққа шалдығу, ұзақ уақыт тасымалдау жағдай ту-
дырады.
Дерттенуі. Ауру қоздырушысы ас қорыту немесе тыныс алу мүшелеріне
енгеннен соң қанға өтіп, бауырда, көк бауырда, бүйректе, жыныс мүшелерін-
442
де іркіліп, кабыну процестерін тудырады. Кей жағдайда сальмонеллалар тек
ішек-қарында ғана қөбейіп, қанға аз_ мөлщерде өтеді. Тыныс мүщелеріне
түскен қозырушы микроб септицемия тудырады. Инкубациядағы жұмыртқаға
түскен микроб токсйндері эмбрионның өлуіне себеп, болады.