Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет353/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Індеттік ерекшеліктері. 
Құстың тұмауы эпизоотия (індет) жэне энзоо- 
тия түрінде байқалады. Тұмаумен барлық үй, синантроптық жэне жабайы
438


I
құстар ауырады. Вирустың көптеген шгаммдары ауырмаған жыл құстарынан, 
эсіресе, ұя басатын жерлерінде, бөлініп алынады. Үй жэне жабайы құстардың 
арасында құстарға, адамға жэне жануарларға тэн тұмау вирустарының 
штаммдары айналымда болады.
Шаруашылыққа құстың тұмауының вирусы жеммен, құрал-жабдықтар- 
мен экелінеді, эсіресе, жұмыртқа мен қүс етін салған ыдыстар қауіпті. Ал- 
дымен балапандар немесе күйі нашар ересек құстар ауырады. Пассаждан өтіп
күшейіп алған вирус кейіннен күйі жақсы қүстарды да жаппай ауыртады. 
Вирус тыныс жолы, ауыз, тері асты, бүлшық ет арқылы енгенде ауру қозды- 
рады. Сүйтсе де ауру негізінен тыныс жолдары арқылы беріледі. Ауру қозды- 
рушысының негізгі бастауы - ауырған жэне ауырып жазылған (2 ай бойы 
вирус алып жүреді) қүстар. Вирус денеден барлық секреттер мен экскреттер 
арқылы жэне жүмыртқамен бөлінеді. Аурудың таратушы факторлары шаруа- 
шылықтағы кемірушілер, мысық, жабайы құстар болып табылады.
Дерттенуі. 
Вирус тыныс жолдарына енген соң жылдам көбейіп, қанға 
өтеді де, эритроциттерге жабысып бүкіл денеге тарайды. Көбейген вирус ішкі 
үлпершек ағзаларда шоғырланады. Қоздырушы денені жайлаған кезде лим- 
фоидты ағзалар зақымданып, организмнің қорғаныс қабілеті тежеледі. Бүның 
өзі вирустың одан ары көбейіп, виремияның өрбуіне жағдай туғызады. Вирус 
көбейген кезде зиянды заттар пайда болып, қүс организмі уланып, өлімге әкеп 
соғады.
Өтуі мен симптомдары. 
Жасырын кезеңінің үзақтығы 2-5 күн. Ауру 
басталғанда қүс күйзеліп, түмсығынан сора ағады. Экссудат алғашында сероз- 
ды-қатарлы болып, кейіннен серозды іріңге айналады. Аққан сора тұмсық 
тесігінің айналасында тобарсып, кеуіп, қүстың тынысы қиындайды. Синусит 
жэне синовит байқалады. Кей жағдайда көздің қабақтары экссудатпен жабы- 
сып, кілегейлі қабықтары қабынып, құстың басы ісінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   349   350   351   352   353   354   355   356   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет