Оқулық. Алматы, 518 бет


Індеттанудың тарихы мен жетістіктеріне қысқаша шолу



Pdf көрінісі
бет4/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
1.2. Індеттанудың тарихы мен жетістіктеріне қысқаша шолу
Жануарлар арасында байқалатын жүқпалы. ауруларға адам баласы ерте- 
ден-ақ көңіл аудара бастады. Адамзат қоғамының ой-өрісі жетіліп, өнер-білім 
мен мэдениетті қалыптастырудағы ұзақ тарихи даму жолында ғылымның 
көптеген салаларының бірі ретінде осы заманғы індеттану қалыптасты. Адам 
жабайы аңдарды қолға үйретіп, одан кейін мал шаруашылығымек айналыса 
бастаған кезде-ақ жануарлардың эр түрлі ауруларымен, олардың ішінде 
жұқпалы аурулармен кездесті. Жұқпалы аурулардың белгілеріне, таралу заң- 
дылықтарына көңіл бөлумен қатар, олармен күресу шаралары да қарастырыла 
бастады. Бұл аурулардың жұқпалылығы, адам мен малда тез тарайтындығы, 
бір ауырып жазылған соң қайтадан ол аурумен ауырмайтындығы, аурудың 
ауру малдан сау малға тікелей жанасқанда ғана емес бөгдё заттар арқылы да 
жұғатындығы (мысалы, ауру мап ішкен суды сіау мал ішсе соңғысының дертке 
шалдығуы, т.б.) бұл аурулардың кейбір сырларын ашып қана қоймай, адам 
санасын түбегейлі өзгерткен білімнің көптеген жаңа салаларын (микробио- 
логия, иммуннология, т.б.) тудыруға түрткі болады.
Ертедегі Грекия мен Рим ойшылдары (Гиппократ, б.д.д. 460-377 ж.; Тит 
Лукреций, б.д.д. 96-55 ж.; Вергилий б.д.д. 70-19 ж.; Д. Фрокастро, 1478- 
1553 ж.) адам мен жануарлардың жұқпалы ауруларының табиғатын дөп 
басып, оларды қоздыратын бір адамнан екінші адамға немесе малдан малға 
берілетін қандай да бір себепкердің болатындығын тұжырымдады.
Індеттен тез құтылу үшін ауруды қолдан жұқтыру әдісі бірталай ха- 
лықтарда ерте заманнан-ақ белгілі. Бұл эдістің кең таралуына зор ықпал етіп, 
оны "вакциналау" деп атаған ағылшын ғалымы Дженнер болды 
(vacca -
латынша сиыр, өйткені бүл эдіс бойынша адамға шешекті егу үіпін осы ауруға 
шалдыққан сиырдың желініндегі қабыршақтар пайдаланылды).
Жұқпалы аурулармен күрестің ғылыми негізі микробиология мен имму- 
нологияның жетістіктерінен туындады. Атап айтқанда, француз ғалымы Луи 
Пастер (1822-1895), неміс ғалымы Роберт Кох (1843-1910) ауру қоздыратын 
микробтарды ашып, олардан вакцина даярлауы осы заманғы жұқпалы аурулар 
туралы барлық ғылымдардың іргетасын қалады. Бұл саладағы ғылымдарды 
дамытуға фагоцитарлық теорияның авторы ресейлік ғалым И.И. Мечников 
(1845-1916), иммунитеттің гуморальдық теориясын жасаған неміс ғалымы П. 
Эрлих (1854-1915), вирустарды ашқан орыс ғалымы Д.И. Ивановский (1864- 
1920) үлкен әсер етті. Ал енді осы ғылымдардың аясынан індеттанудың 
(эпизоотологияның) жеке ілім болып қалыптасуына 1905 ж. Будапешт қала-


сында шыққан, одан бері 11 рет кайта басылған Ф. Гутира мен И. Марек жаз- 
ған "Үй ж ануарларының арнайы патологиясы мен терапиясы" деген үш
томдық еңбек айтарлықтай үлес қосты.
Малдың жұқпалы аурулары Ресейдін Петербург қаласындағы дәрігерлік- 
хирургиялық академиясында оқытыла бастауына байланысты осы оқу орны- 
ның профессоры П.И.Лукин (1790-1836) 1836 жылы "Эпизоотологические 
болезни или скотские падежи" (Індет аурулары немесе малдың қырылуы), 
белгілі эпизоотолог, профессор И.В. Всеволодов (1790-1863) 1846 жылы 
"Жануарлардың жаппай өлім-жітімі жэне жұқпалы ауруларын зерттеу тәжіри- 
бесі" деген кітап жазып, сол кездегі жинақталған ғылымның осы саласындағы 
жетістіктерін қорытындылады.
Кеңес Одағында індеттану пэнін оқыту, оқулықтар жазу жолында ака- 
демик С.Н. Вышелесский (1874-1958), профессор М.С. Ганушкин (1903-1969) 
елеулі қызмет атқарды. Жұқпалы ауруларды зерттеуде жэне 1 індеттану 
ғылымын дамыту саласында бұрынғы Кеңес Одағының ғалымдары айтар- 
лықтай табыстарға жетті. Олардың қатарында ауасыбағасыз микробтар қоз- 
дыратын ауруларды жан-жақты зерттеген академик Я.Р. Коваленко (1906- 
1978), жылқының делбе, төлдің колибактериоз ауруларьін' зерттегек профес- 
сор Я.Е. Коляков, вирус аурулары бойынша академик В.Н.Сюрин, микоздар 
бойынша академик А.Х. Саркисов бар.
Қазақ халқы мал шаруашылығымен айналысқан өзінің сан ғасырлық 
тарихында жануарлардың жұқпалы ауруларымен күресудің өзіндік мол 
тэжірибесін жинақтады. Оның ішінде атам заманнан 'қалыптасқан сиырда 
аусылды, қойда шешекті, ешкіде кебенекті ауру малдан сау малға егу арқылы 
осы індеттермен күресу эдістерін атауға болады. Сондай-ақ сол заманғы 
шаруашылық жэне тіршілік жағдайына сай жұрт жаңарту. іжайылым ауыс- 
тыру, көші-қонды реттеу, ауру малды оқшаулау, өлексені көму, не өртеу 
сияқты шараларды алсақ, індеттің тарауына қарсы қалыптасқан тұтас 'бір 
жүйені көреміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет