17.5. Бранхиомикоз
Бранхиомикоз - балықтың желбезегінің
зақымдануымен сипатталатын,
жіті өтетін жүқпалы ауру.
Тарихи деректер.
Ауруды алғаш рет Германияда М.Плен (1912) сипат-
таған, кейіннен ол Польшада, Чехославакияда, Ресейде байқалды.
Қоздырушысы
- Тұқы балықта, сазанда,
табанда -
Branchiomyces
sanguinis,
шортанда -
Branchiomyces demigrans,
ал қара балықта саңьфау-
құлақтың аталған екі түрі де ауру қоздырады.
Індеттік ерекшеліктері.
Бэрінен де 1-2 жастағы тұқы балық пен сазан
жиі ауырады, басқа балықтар сирек шалдығады. Бранхиомикоз тек жазды күні
судың температурасы 22°С-тан жоғары болғанда байқалады.
Кенеттен жэне
жаппай білінеді.
Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған балықтар, ал жүғу фак-
торы - өлген балықтар мен зарарланған тоғанның түбі. Аурудың шығуына су
қоймасының ластануы, судағы оттегінің азаюы ықпал етеді.
Бір су қоймасы-
нан екіншісіне ауру қоздьфушысы тасымалданған балықпен, аққан сумен
келеді. Өлім көрсеткіші 50-70% -ға жетеді.
Өтуі мен симптомдары.
Бранхиомикоздың жаппай білінуі
5-12
күнге
созылады. Ауьфған
балық қоректенуін тоқтатып, ағынға немесе тоғанның жа-
ғасында судың бетінде қимылсыз тұрып қалады. Желбезегінде ноқатты қан-
талаулар пайда болып, желбезек
ұлпасының бір жері бозарып, екінші жері
қарақошқылданып, аламыш түсті келеді. Желбезектің кей тұстары өліеттеніп,
шеті жьфымдалады.
Патологоанатомиялық өзгерістер
ішкі ағзаларында байқалмайды. Жел-
безектен гистологиялық препарат даярлап, микроскоппен
карағанда саңырау-
кұлақтың жіпшелері мен споралары көрінеді.
Балау
алдын-ала клиникалық жэне патологоанатомиялық белгілері бо-
йынша (желбезектің аламыштануы жэне бүлінуі) қойылады. Түпкілікті диаг-
ноз микроскопиялық, гистологиялық жэне микологиялық зерттеулердің нәти-
жесіне негізделеді.
Достарыңызбен бөлісу: