Тарихи деректер.
Бұл саңырауқұлақтар тудыратын
ауру ерте уақыттан
балықты қолдан тоған суларында жэне өндірістік тәсілмен өсіру басталғаннан
бері белгілі.
Қоздырушысы
- фикомицеттер саңырауқұлақтарының
Saprolegnia
жэне
Асһіуа
туыстастығына жататын шартты түрде зардапты микроорганизмдер.
Көбінесе балық денесі мен уылдырықта табылатын қоздырушылар:
S. para
sitica, S. feraXy S. mixta
жэне A.
flagellata.
Бұл саңырауқұлақтар сулы ортада
кеңінен тараған.
Індеттік ереқшеліктері.
Сапролегниозбен
балық кез келген жасында
ауырады. Ауру балық ашыққанда, жарақаттанғанда,
судың газдық жэне тұз-
дық кұрамы бұзылғанда жылдың кез келген маусымында байқалады. Сапро-
легниоз көбінесе басқа жүқпалы инфекциялық жэне инвазиялық ауруларға
қабаттасып өтеді. Сапролегниозға жарақаттанған
жэне тіршілігін жойған кез-
де уылдырық та шалдығады. Оны биссус деп атайды.
Өтуі мен симптомдары.
Балықтың терісінде, жүзу қанаттары мен жел-
безектерінде саңырауқүлақтың ұйысқан жіпшелерінен түратын
мақта тэрізді
тозаңды қабат кездеседі. Теріні тесіп, жіпшелер бұлшық етке,
тіпті ішкі
ағзаларға өтіп кетеді. Күшті зақымданған балықтар өліп қалады.
Балау
ауруға шалдыққан балық пен уылдырықты мұқият тексеріп қара-
ғанда қиынға түспейді. Мақта тэрізді тозаң қабатта микроскоппен қарағанда
саңырауқұлақтың жіпшелері мен зооспорангиялары көрінеді.
Емі. Ауруға шалдыққан балықтарды емдік ванналарға салады. 2-5% ас
тұзында 5 минут, 1:200 000 малахит жасылында 1 сағат ұстайды.
Уылдырық-
ты зарарсыздандыру үшін 1:500 - 1:1 000 формалин (экспорициясы 15 мин),
1:200 000 тотыяйын (60 мин), 1:100 000 калий перманганаты (15 мин), 1:200
000 малахит жасыл (60 мин), 1:100 000 метилен көгі (30 мин) қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: