Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологоанатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет111/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологоанатомиялық өзгерістер. 
Әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда 
байқалатын өзгеше бүдырмақ түйіндер (туберкулалар) туберкулезге тэн ерек- 
шелік болып есептеледі. Бұл бүдырмақтардың көлемі тарыдан тауық жү- 
мыртқасына дейін, кейде одан да үлкен болады. Туберкулез ошағы дәнекер 
ұлпалы қапшықпен қоршалып, оның ішінде іріген, құрғақ, үгілген масса 
(казеозді өліеттену) болады. ¥ зақ аурудың нэтижесінде туберкулез түйіні әк- 
тенеді.
Күйіс қайтаратын жануарларда туберкулезбен өкпе жэне көкірек 
қуысындағы сөл түйіндері жиі зақымданады. Өкпеде тығыз, сұрғылт қызыл 
түсті ошақтар кездеседі. Оларды тілгенде майға үқсап жылтырап (өліет- 
тенбеген) ортасында казеоз, кейде іріңдеген фокустары болады. Сирек жағ- 
дайда көлемі эр түрлі каверналар кездеседі (сиыр мен ешкіде). Сөл түйіндері, • 
эсіресе жақ астындағы, жұткыншақтағы, жауырын алдындағы, жиі зақымда- 
нады. Олар үлкейіп қатаяды, беті бүжырланып, тіліп қарағанда ортасындағы 
үлпа казеозданып, іріп түрады.
155


Сірі қабықтар закымданған кезде көкірек жэне кұрсак перделерінде 
көптеген "меруерт" деп аталатын тығыршықтанған, жылтыраған, үлкендігі 
кейде емен жаңғағына жететін туберкулез түйіндері кездеседі. Аурудың ішек- 
тегі түрі кезінде шеті белдеуленген дөңгелек ойылымдар аш ішек пен мықын 
ішектің кілегейлі қабығында ұшырасады.
Балау. 
Туберкулезге диагноз індеттанулық деректер мен клиникалық 
белгілерін талдау, аллергиялық, серологиялық, патологоанатомиялық, гисто- 
логиялық, микробиологиялық жэне биологиялық зерттеулердің нэтижелері 
негізінде қойылады.
Клиникалық эдіс туберкулезге диагноз қою үшін оншама маңызды емес. 
Мысалы, туберкулезді зерттеудің көрнекті маманы академик М.К. Юсковец 
туберкулезге шалдыққан 600 сиыр мен 250 бүзауды мүқият клиникалық тек- 
серуден өткізгенде тек қана екі жағдайда ауруға дэл диагноз қойған екен. 
Тіпті аурудың айқын белгілері болғанда да диагноз қою үшін арнайы әдіс- 
термен қосымша зерттеулер жүргізілуі қажет.
9-сурет. Жануарларды туберкулинмен тексерудің оң нәтижесі:
1. Сиырдагы көз сынамасы. 2. Сиырдагы тері сынамасы. 3. Тауъщтагы тері сынамасы.
4. Шоіиқадагы тері сынамасы. 5. Түлкідегі көз сынсшасы.
Жануарларға тірі кезінде диагноз қоюдың негізгі әдісі - аллергиялық 
зерттеу. Малдың туберкулинмен ауруға тексеру екі айлық жасынан баста- 
лады. Ол үшін туберкулез қоздырушысының өсінінён алынған дәрмек -
туберкулин қолданылады. Туберкулиннің үш түрі болады: альттуберкулин,
156


сүт қоректілерге арналғаң құрғак тазартылған туберкулин (ППД), құсқа ар- 
налған құрғақ тазартылған туберкулин (ПГІД). Туберкулинді тері ішіне жэне 
көз конъюнктивасына жібереді. Тері ішіне жіберу туберкулиндеудің негізгі 
эдісі болып саналады. Сиыр, буйвол,зебу (еңеке), бұғы мен маралі а мойыны- 
ның ортаңғы үштен біріне тері ішіне шприц немесе инесіз инъектор арқылы 
жібереді. Шошқаға құлағының түбіне тақау сырт жағына жібереді. Қой, ешкі, 
ит, маймыл, терісі'бағалы аңдарға (күзенен басқа) санының ішкі бетіне, 
күзенге жоғарғы қабағына интрапалыіевральдік әдіспен, түйеге қүрсақ қа- 
бырғасының шонданай бүдырының тұсындағы терісіне, тауықтың сырғалы- 
ғына, күрке тауыққа жағыньщ астыңғы қалтасына, үйрек пен қазға жағының 
астыңіы тері қатиарына жібереді. Туберкулинді жіберетін жерді жүнін кыр- 
қып (қауырсындарын жұлып), 70%-да спирт жағады. Туберкулин жіберу үщің 
теріге дәрмек жіберетін арңайы ине жэне сыйымдылығы 1-2 мл шііриц қол- 
данылады. Малға туберкулин жіберу үшін инесіз инъекторларды кең түрде 
пайдалаңады. Туберкулиннің дозасы сүтқоректі жануарларға 0,2 мл, маймыл 
мен күзенге жэне қүстарға 0,1 мл. Реакцияны сиырда, бойволда, зебуде, 
түйеде, маралда, бүғыда 72 сағаттан соң, ал қой, ёшкі, шошқа, ит, маймыл, 
терісі бағалы аңдарда - 48 сағат, қүстарда 30-36 сағат-өткең соң есепке алады 
да, нәтижесін "оң" немесе "теріс" деп бағалайды. Егер туберкулин жіберген 
жер жайылған айқын шекарасыз қабынып, консистенциясы иленген қамырға 
үқсап, орны щектеулі температурасы көтеріліп, гиперемия байкгшса, реакция 
оң болып есептеледі. Кейбір жануарларда реакция контуры айқын, тығыз, 
ауырмайтын қабыну ретінде байқалады.
'Сиыр, буйвол, зебу, түйе, марал, бүғының туберкулинге реакциясы жоға- 
рыда айтылған белгілермен қоса терінің қатгіары маңындағы туберкулин 
жіберілмеген жердегі тері қатгіарымен салыстырғанда 3 мм жэне одан артық 
қалыңдаса, онда тексерудің нэтижесі "оң"’ деп бағаланады.
Аталық бүқаға, егер туберкулин қүйрық түбіндегі тері катпарына жібе- 
рілсе, ол жері ісініп тері қатпары 2 мм және одан артық қалыңдаса, онда реак- 
цияның нәтижесі "оң" болып бағаланады.
Қой, ешкі, шошқа, ит, маймыл, терісі бағалы аңдар 'мең құстар тубер- 
кулин жіберілген жерде қандай бір болмасын ісік пайда болғанда, реакцияның 
нәтижесі "оң" дегі табылады, ал күзенде мұндай қорытынды ушін туберкулин 
жіберілген қабағының ісінуі негіз болады.
Тері ішіне туберкулиндеу - туберкулезге тэн балау әдісі болып табыла- 
ды. Бірақ та бұл әдістің де кемшілігі жоқ емес. Біріншіден, коңы төмендеген, 
элсіреген жануарларда, сонымен қатар туберкулез денеге жайылған жағдайда 
организм туберкулинге реакция бермейді немесе реакция әлсіз болады (анер- 
гия). Екіншіден, туберкулин жібергенде туберкулезге тэн-емес парааллергия- 
лық реакция болады. Мүндай реакция мал организмінің басқа микробтармен, 
мысалы қүс туберкулезі мен паратуберкулездің қоздырушыларымен, зардап- 
ты емес атиптік микобактериялармен сезімталдандырылу нәтижесінде 
болады. Телімді реакция мен телімсіз реакцияны ажырату үшін еүт қоректі- 
лерғе жэне қүска арналған екі түрлі туберкулинді қатарынан симультанды
157


қолданады немесе бұл мақсатта атиптік микобактериапардан даярланған КАМ 
туберкулині пайдаланылады.
Туберкулинді көзге тамызу арқылы тексеру 5-6 күндік үзіліспен екі мезет 
жүргізіледі. Көз түтікшесі арқылы төменгі қабықтың конъюнктивасына 
немесе көздің қасаң қабығына 3-5 тамшы туберкулин тамызылады. Реакцияны 
есепке алу туберкулинді бірінші рет тамызғаннан соң 3, 6, 9, жэне 24 ісағат 
кейін, ал екінші рет тамызған соң 3, 6, 9, жэне 12 сағат өткенде жүргізіледі . 
Егер көздің ішкі шетінен қоймалжың немесе іріңді сора ағып, конъюнктива 
қызарып, домбығатын болса реакция оң болып есептеледі.
Егер туберкулинге реакция берген 2-3 малды сойғанда ішкі ағзалары мен 
сөл түйіндерінде туберкулезге тэн патологоанатомиялық өзгерістер табылса, 
ал ондай өзгерістер болмаған жағдайда бактериологиялық, гистологиялық 
немесе биологиялық зерттеулер оң нэтиже берсе, туберкулезге диагноз қо- 
йылды деп есегітеледі де, шаруашылық туберкулезден сау емес деп жария- 
ланады.
Туберкулезді балау үшін эр түрлі серологиялық реакциялар байқаудан 
өтті. Солардың ішінде айтарлықтай нэтиже бергені - конглютиндеуші кешен- 
ді байланыстыру реакциясы (ККБР). Бұл реакцияны туберкулинмен зерттеу 
әдісіне қосымша сау емес шаруашылықтарды сауықтыру шараларын іске 
асырғанда қолдануға болады.
Емі. Туберкулезбен ауырған малды емдемейді, оны сою қажет. Сау емес 
аң фермаларда туберкулезді дауалау үшін тубазид (изониазид) қолданылады. 
Дэріні жемге қосып күніне бір рет 10 мг/кг дозада 75 күн қатарынан береді. 
Басқа жануарларға, атап айтқанда ірі қараға, туберкулезге қарсы тубазид 
қолдану ойдағыдай нэтиже бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет