арқылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән зақымдану сойылған малдың
ұшасы мен ағзаиарын тексерген сэтте байқалады. Ретті түрде
малДы
тубер-
кулинмен тексеріп тұру аурудың бастапқы сатысы кезінде байқауға мүмкіндік
тудырады. Туберкулездің клиникалық формасының көзге түсуі аурудың ұзақ
уақыт бойы орын алғандығын көрсетеді.
Дерт процесінің денеде орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі
жэне ішектегі түрін ажыратады, сонымен қатар желіннің,
сірі қабықтарының
зақымдануы (меруерттену), генитальдік жэне денені жайлаған (генериялиза-
цияланған) түрі кездеседі.
Шартты түрде туберкулездің ашық немесе белсенді жэне жабық немесе
жасырын түрлерін ажыратады. Ашық туберкулез кезінде ауру қоздырудіысы
нэжіспен, неееппен, сүтпен, қақырықпен сыртқа бөлініп шығады да, жабық
туберкулез кезінде айналасы қабыршықтанған дерт ошақтарынан микроб де-
неден сыртқы ортаға шықпайды. Ішек, желін, жатыр зақымданған кезде ту-
беркулез процесі эрқашан да ашық болып есептеледі.
Ірі қараның түберкулезі кезінде өкпе жиі зақымданады. Бүл жағдайда
дененің
ыстығы біраз көтеріледі, оқтын-оқтын қаттыіжөтел пайда болады.
Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсеңдеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат
алады. Қақырық түсуі байқалмайды десе де болады. Жөтелген кездегі тыныс
жолдарынан бөлінген сораны мал жүтып қояды, немесе ол мүрыннан ағып
түрады. Ауру мап ентігіп, жемшөп жеуі азаяды, қоңдылығымен өнімділігі
төмендейді. Көрінетін кілегейлі қабықтары бозғылт тартады. Өкпені тыңда-
ғанда сырыл естіледі. Перкуссия кезінде
дыбыстың әлсіреген ошақтары
табылады. Ішек зақымданған кезде іш өтіп қоңдылығы күрт төмендеп, жа-
нуарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі.
Желін зақымданган кезде желінүсті сөл түйіні үлғайып, қатаяды, беті
бүжырланыгі, қозғалуы шектеледі. Желіннің зақымданған бөлігін басып көр-
генде қатайған, ауырсынбайтын бәлшектер сезіледі, зақымдану аса қатты
болса желіннің сыргқы түрпаты өзгеріп, бір жағына қисаяды. Сауып көргенде
сүттің сұйылып, қан немесе ірімік араласқанын байқауға болады. Жыныс
мүшелері зақымданған сиырлар уақыгсыз күйлеп, қысыр қалады, ал бүқалар-
да орхит кездеседі.
Бойды жайлаған туберкулез кезінде гысқары орналасқан сөл бездері (жақ
астындағы,
жауырын алдындағы, шаптағы, желін
үетіндегі)
үлғайып, қозғалы-
сы шектеледі.
Шоищада
туберкулез байқаусыз өтеді. ,Кейде жақ астындағы іжэне жұт-
қыншақ артындағы сөл түйіндері үлғаяды. ,3ақымданған түйіндерде абцес-
салар пайда болып, олар тесілгеннен кейін іріңді ірімік бөлініп щығады. Өкгіе
ауқымды түрде зақымданса жөтел пайда болып, қүсып, тыныс тарылады.
Қой мен ешкі
туберкулезбен сирек жэне байқаусыз ауырады. Ауру қатты
еткен кезде ірі қарамен үқсастығы аңғарылады.
154
8-сурет. Туберкулез кезіндегі сөл түйіндерінің (жац астындагы, цұлац түбіндегі және
шабындагы) зацымдануы.
Қүстарда
туберкулез созылмалы, клиникалық
белгілері айқын емес
түрде өтеді. Бойға жайылған түрі кезінде әлсіздік, жұмыртқаларының азаюы,
арықтау (кеуде етінің солуы) байқалады. Ішек зақымданғанда іші өтіп,
бауыры зақымданғанда кілегейлі қабықтары мен терісі сарғыш тартады.
Кейде аяғы ақсап, табанында ісік пайда болады.
Терісі цұнды ацдардьщ
(түлкі, күзен, сазқүндыз) негізінен туберкулезбен
күшіктері ауырады. Ауырған аң әлсіреп, шегіне жете жүдейді, өкпе зақым-
данған түрі кезінде жөтеліп, ентігеді.
Ішегі зақымданғанда іші өтіп, бауыры
зақымданса кілегейлі қабықтары сарғыш тартады. Түлкіде кей кезде терісінде
үзақ уақыт жазылмайтын ойылым пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: