сақман кезінде байқалеа қозылар жүрек еті мен орталык жүйке жүйесінің за-
қымдануынан өлімге ұшырайды. Ересек қойлар аусыл вирусына сезімталдьі-
ғының төмен болуынан отардағы барлық малдардың ауруға шалдығуы ұзақ
уақытқа созылады.
Шошқа аусыл болғанда талпақ танауында, желінінде, түяқ көбесінде
афта пайда болады. Ауырғаң хайуан үзақ уақыт жатып алады, жорғалап қана,
тізерлеп қозғалады. Экссудативтік
процестер өрбігенде, ауру сирағьща аз-маз
зақым келсе тұяғы сыдырылып түсіп қалады. Торайларда аусыл сепсис тү-
рінде өтеді де, ауру шыққан фермадағы барлық еметін торайлар кырылыи
қалады.
П атологоан атом и ялы қ өзгерістер. Ірі қарада аусылға тән натологиялық
өзгерістердің ең бастысы - ауыз қуысында, желінде және сирақтарда
кездесетін күлдіреуіктер. Кейде күлдіреуікгер мен қызылшақаланған орыидар
өңештің, таз қарын мен жалбыршақ карынның кілегейлі қабығында кёздеседі.
Жүрек қабында транссудат жиналып, миокардта өліетгеиген ақсары нүктелер
кездеседі (жолбарыс терісі сипатты "тарлан” жүрек). Жүректегі мұндай өзге-
ріс әсіресе бүзауларда жиі ұшырасады. Соньшен қатар малдың бүл түдігіндё
геморрагиялық энтерит аурудың негізгі белгілерінің қатарыиа жатады.
Аусылдың денені жайлаған (генерализацияланған) түрінде сірі қабықтар
(көкірек пердесі, құрсақ пердесі)
қанталап, үлпершек ағзаларда дегенера-
тивтік өзгерістер байқалады.
Балау. Аусылға диагноз қою үшін індеттанулық деректер, клиникалық
белгілері жэне зертханалық зерттеулердің нэтижелері пайдаланылады. Аусыл
ең алғаш байқалғанда іміндетті түрде қоздырушы вирусты бөліп, оңың типі
мен вариантын анықтайды. Ол үшін кемінде 5 г афтаны тең мөлшерде алған
таза глицерин мен pH 7,4-7,6 фосфат буферінің қосындысынан даярланған
консервантқа салып зертханаға жібереді.
Аусылдың вирусын айқындау үшін комплемент байланыстыру реак-
циясы (КБР), диффузиялық гірецигіитация реакциясы (ДПР), қосалқы гема-
глютинация реакцтясы (ҚГАР), комлпемент байланыстыруды
тежеу реакция-
сы (КБТР), торшалар өсіндісінде вирусты бейтараптау реакциясы (БР) қолда-
нылады. Бұл реакцияларда аусыл вирусының барлық типтері мен вариантта-
рының лапинделген штамдарынан даярланған инфекциялық касиеті жоқ ан-
тигендер қолданылады. Ал ҚГАР-да танинденген, формалинденген гиперим-
мунды қан сарысуымен сенсибизацияланған қойдың эритроциті (антиденелік
диагностикум) қолданылады.
Аусыл вирусының типтері мен варианттарын айқындау үшін биосынама
да қолданылады. Қазіргі уақытта бүл мақсатта ірі қара өте сирек пайдала-
нылады да, эдетте 4-6 күндік бала тышқандарды, салмағы 500 г кем емес теңіз
тышқанын немесе үлгіа өсіндерін жұқтырады. Жұқтырған кезде тэжірибе екі
бағытта жүргізіледі: бірінде вируспен қатар
өзіне тән қан сарысуын жіберіп,
екіншісінде қан сарысуы жіберілмейді. Қан сарысуымен қорғау деп аталатын
бүл эдіс вирусты айқындау және вирусқа қарсы иммунитетті зерттеу үшін
қолданылады.
147
Ажыратып балау.
Сиырда жұқпайтын стоматиттен, шешектен, зілді
катарлы қызбадан, обадан, везикулярлық стоматиттен, вирустық диареядан,
қойда некробактериоздан (сарып), шошқада везикулярдьіқ аурудан. ажырату
керек.
.Кей елдерде кездесетін везикулярлық стоматит аусылға өте ұқсас, ауыр-
ған малдьщ сирағы зақымдапады. Бұл аурумен сиырмен қатар жылқы мен
есек те ауырады. Оның вирусына
ересек тышқан сезімтал, ал аусылдың виру-
сына жаңа туғаң тышқан сезімтал келеді. Шошқаның везиқулярлық ауруы
кезінде басқа мал.түліктері ауырмайды. Жұқпайтын везикулярлық стоматит
бұзылған жем-шөптен болады да, ауырған малдан сау малға тарамайды.
Шешек кезінде күлдіреуік желінде ғана болады, ал вирустық диарея, зілді ка-
тарлы қызба мен сиырдың обасы кезінде түяқтың көбесі мен тұяқ ашасы
зақы мданбайды.
Емі.
Ауырған малды жедел оқшаулап, жақсы жағдай жасайды, жүмсақ
жемщөп береді.
Құнарлы жемді, шырын тамырлы және түйін тамырлы мал
азығын қайнатып береді. Ауызын 2% сірке қышқылының, 1% бор қышқылы-
ның, 1:1000 калий перманганатының, 1:5000 фурацилин ерітінділерінің бірі-
мен оқтын-оқтын шаяды.. Күлдіреуіктің орнына 2,5 г новакаин, 2,5 г. анес-
тезин, 5 г тотыяйын, 20 г балық майы және 70 г вазелиннен тұратын қоспа
жағады. Болмаса ол үшін йод глицерин, 2% алюминий ашудасын (квасцы)
пайдаланады.
Тұяқтарын мұқият газалап, зақымданған көбесіне қара май мен
балық майының тең қоспасын, Вишневский линиментін, 10% креолин, 5-10%
ихтиол майларын жағады, 10-20% формалин ерітіндісімен күйдіруге де
болады. Егер аяғы ақсаған мал қөп болса оларды 1% тотыяйың, 5% формалин,
2% хлорамин ерітінділерінің бірінен даярланған аяқ ваннасы арқылы жүргізігі
өткізеді. Ауру сепсис болып асқынса вена ішіне 0,5% новокаин ерітіндісін, 0,5
мл/кг есебінен жібереді, антибиотиктер тағайындайды.
Сауын сиырлардың желінін мүқият күтіп, зақымданған терісіне синто-
мицин эмульсиясын, новокаиңді май жағады. Қатты ауырған малды, әсіресе
бұзауларды реконвалесценттердің (аусылмен ауырып жазылған)
қаны не қан
сарысуымен емдеу жақсы нэтиже береді. Бүл мақсатпен ауырып жазылған
немесе иммунденген сиырдың сүтінен даярланған иммунолактон қолданы-
лады. Дүрыс күту, күлдіреуікпен зақымданған жерлерін дезинфеқциялаущьі
ерітінділер мсн майлар арқылы домдау, бүкіл организмнің қуатын арттыру
үшін иммундік және басқа да дэрмектерді қолдану ауырған малдың са-
уығуына кепіл бола алады.
Достарыңызбен бөлісу: