Оқулық. Алматы, 518 бет


аурудан гүрақты хүрде сау



Pdf көрінісі
бет108/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

аурудан гүрақты хүрде сау 
болуы қамтамасыз етіледі. Бүған қарамасіан кей- 
бір өлкелерде аусылдың індет ошақтары сақталып, тиісті шаралар қолданыл- 
маса аурудың гарап кету қаупі орын алуда.
Аусылмен күрес бұл аурудан таза, ветеринариялық қызмет жоғары дэре- 
жеде қойылған елдерде (АҚШ, Канада, Жапония, Австралия) аусылмен ауыр- 
ған немесе ауру жүқты деп күдікіені ен сау емес ферма сондай-ақ, шаруашы- 
лықтағы барлық ауруға бейім малдарды сойып (стемпинг-аут), мұқият дезин- 
фекция жүргізіп, індет ошағын толық зарарсыздандыру арқылы іске асыры- 
лады. Басқа елдерде, негізінен Еуропада, бүл шаралармен қоса ауруға бейім 
жануарларды вакциңалау қолданылады. Азия, Африка, Оңтүстік Американың 
бірқатар елдерінде ауруға бейім жаиуарларды егіп, шектеу-карантин, вете- 
ринариялық-санитариялық шаралар іске асырылады да, ауырған жэне ауырып 
жазылған малды сою сирек қолданылады.
Біздің елде аусылға қарсы күрес шараларына шекаралас бұл аурудан сау 
емес мемлекеттерден ауру мал әкелуге жол бермеуге бағытталғаи. Ол үшін 
экелінетін мал, мал өнімдері мен шикізатқа қатаң бақылау жүргізіп, айнала 
иммунді аймақ қалыптастырылады. Аусылдың мүмкін болатын табиғи қорла- 
малары (мысалы, киіктер арасында) есегіке алынып, одан ауруды үй жануар- 
ларына жүқтырмау шаралары қарастырылады.
Аусыл байқалған сәтте сау емес шаруашылыққа не елді мекенге карантин 
енгізіліп, қатер төнген территорияны анықтайды. Ауданның, облыстың ша- 
руашылық әрекеттеріне шектеу қойылады. Бүл шектеу бойынша малды, мал 
өнімдерін шетке шығаруға тиым салынып, оларды дайындау мен пайдала- 
нудың ерекше тэртібін белгілеп, жеке және қоғамдық көліктің қозғалысына 
уақытша тиым салынуы мүмкін.
Індет ошағын шектеп, оған тэулік бойы кезекшілік тағайындайды. Жол- 
дарды жауып, шлагбаум орнатады. Барлық ауырған малдарды оқшаулап, ем-
149


дейді. Ауру мал тұрғаң қораны күн сайын, басқаларын үш күнде бір рет 
2%
күйдіргіш натрий ерітіндісімен дезинфекциялайды. Аусылдан сау өлкеде ең 
алғаш ауруға шалдыққан малдарды сол жердің өзінде тиісті ветеринариялық- 
санитариялық ережелерді сақтай отырып сояды. Етті шаруашылықтың өзінде 
пайдаланады, оны шикідей шетке әкетуге тиым салынады. Сүтті қайнатқан 
немесе пастерлеген соң ғана экетуге болады.
Аусылға қойылған карантин ең соңғы ауырған мал жазылған немесе 
сойылған соң 26 күн өткенде алынады. Карантин аларда барлық қораларды, 
аулаларды, саймаядар. мен көлікті мүқият қорытынды і дезинфекциялайды. 
Карантин апынған соң да шектеу сақталынады. Шектеу шаралары бойынша 
бір жылға дейін ауырып жазылған малды шетке шығаруға болмайды. Ауырып 
жазылған бүқаның шәуетін үш айға дейін пайдалануға болмайды. Ауырған 
мал жайылған жайылым бір жылға дейін пайдаланылмайды. Шаруашылыққа 
aycbuit а қарсы егілген малды ғана, егілген соң 23 күн өткенде әкелуге рұқсат 
етіледі:
Атаулар мен ұғымдар
Аусыл, ящур, Aphtae epizooticae, FMD (эфэмди) - foot an mouth disease, 
афтавирус жэне оның типтері: O, A, С, CAT-1, CAT-2, CAT-3, Азия-1, афта, 
күлдіреуік. Аусылға қарсы вакциналар: лапинденген, өсіндік, Френкельдің, 
бір валентті, екі валентті. Стемпинг-аут эдісі.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мэліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерек- 
шеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгеріс- 
тер, балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
2. Аусылдың вирусын айқындау үшін қандай серологиялық реакциялар 
қолданылады?
3. Аусылға қарсы қандай жағдайда вакцина қолдану, қандай жағдайда 
стемпинг-аут қолдану тиімді?
Тапсырма
1. Мемлекеттік шекарада орналасқан, еларалық автомобиль жолы өтетін 
ауданның бір шаруа қожалығында сиырдың аусылы байқалды. Стемпинг-аут 
әдісін қолданып жүргізілетін шаралардың жоспарын жасаңыз.
2. Ауданда 8 ауылдық округ бар. Соның бірінде аусыл байқалып, аудан- 
дағы барлық сиыр мен қой аусылға қарсы егіліп, індет басылған соң карантин 
алынды. Алдағы уақытта жүргізілетін шаралардың жоспарын жасаңыз.
150




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет