Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет105/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Вирус денеге ауыз бен тыныс жолдарының кілегейлі қабығы 
арқылы енеді. Вирустың алғашқы репродукциясы' 18 сағат өткеннен соң-ақ 
жүтқыншақтың кілегейлі қабығында, бас пен мойынның сөл түйіндерінде 
байқалады. Вирустың енген жерінде алғашқы күлдіреуік пайда болады. 
Бастапқы орын тепкен жерінен вирус сөл жолдары арқылы қанға, одан кейін 
лимфоидты-макрофагтық жүйенің ағзаларына өтеді. Онда вирустың мол 
мөлшерде шоғырланып, инфекция ошағын гүзуіне қолайлы жағдай болған- 
дықтан бүл сәт қайтадан өрбитін виремияның алғы кезеңі болып табылады да, 
клиникалық түрғыдан дене ыстығы көтерілуімён, жүні жоқ жерлерде (қаңсар, 
мүрын тесігі, желін), кілегейлі қабықтарда (ауызда, өңеште, таз қарында
қынапта) жэне тұяқ көбесі мен тұяқ ашасының терісінде күлдіреуіктер пайда 
болуымен ерекшеленеді. Әдетте бұның бэрі қағынғаннан соң 48 сағат өткенде 
немесе одан сэл кешірек байқалады.
Миотроптық (етке бейімділік) қасиетіне байланысты вирус жүрек жэне 
борша еттеріне бекініп, оларды түрлі зақымға ұшыратады. Кейде дертқе ор- 
тапық жүйке жүйесі де шалдығады. Ауру жайлы өткенде шамамен денені 
жайлағанына төрт күн толғанда антиденелер түзіле бастайды да, дененің 
ыстығы қайтып, вирустың бөлінуі азайып, жануар жазыла бастайды.
Өтуі және симптомдары . Жасырын кезеңі 36 сағаттан 7 тэулікке, кейде 
23 күнге дейін созылады. Клиникалық белгілерінің білінуі жануардың аусыл 
вирусына сезімталдығына жэне физиологиялық қалпына, ауру қоздырушы- 
сының уыттылығына байланысты. Аурудың өзіне тэн белгілері ересек ірі қара 
маида айқын байқалады да, басқа бейім жануарларда, әсіресе бүзауда, қозыда, 
торайда аурудың белгілері өзіне тән болмайды. Аусылдың қатерлі және қа- 
терсіз өтуі мүмкін.
Аурудың бірінші белгісі жануардың денесінің ыстығы 41°с-қа дейін және 
одан да жоғары көтерілуі болып табылады. Ауырған мал қатты қиналып, 
тамырының соғуы жиілеп, ауызының кілігейлі қабығы мен конъюнктивасы 
қызарады, күйіс қайтаруы тоқтап, сүті қайтады, қаңсары қүрғап, тұяк көбесі 
домбыға бастайды. Мал басын төмен созып, көбінде ыңырсиды. Содан кейін 
шұбатылып ауызынан сілекей аға бастайды да, тісін шықырлатып, оқтын- 
оқтын сілекейін жүтынады. Мал шөпті аса сақтықпен, шайнайды да, ауыр- 
сынып жүтынады, қатты шөлдейді. Түяқ көбесінің терісі домбығып, сезім- 
талдығы артады. Мал зақымданған аяғын баспауға тырысып, аяқтарын кезек- 
кезек алмастырып басып тұрады.
144


Ауру басталғаннан кейін 3 күндей өткеннен соң терінін жұка жерлерінде 
қызарған бөріткендер пайда болады. Ауызды ашып қараганда, кілегейлі қа- 
бықтарында күлдіреуіктер (афта) көрінеді, олар дөңгелек не сопақша болып
сүйыққа толыгі, сызданып тұрады да, саусақпен басқанда жарылады. Күлді- 
реуіктің жарылған жерінде кілегейлі қабық астындағы ұлгіадан оңай сыдыры- 
лады. Күлдіреуіктер эсіресе тілдің үстіне жиі шыгып, мөлшері тауықтың 
жұмыртқасындай, баланың жүдырығындай болады. Күлдіруіктің сөлі басында 
түссіз, кейіннен бактериялардың өсіп-өнуі нәтижесінде лайланып күңгірт гүс- 
ке ауысады. Кейде күлдіреуік онша томпаймайды да, оны сипап қана табуға 
болады. ¥сақ күлдіреуіктер езуде, ерін мен жақтың ішкі бетінде, қызыл иекте
таңдайда болады. Грек жаңғағындай үлкен күлдіреуіктер қаңсарда кездеседі. 
Кей жағдайда конъюнктива, мүйіздің түбі, дененің басқа да беліктері зақым- 
дануы мүмкін. Түяқтың көбесі мен ашасында бұршақтай қолдырауыктар 
(папула) пайда болады да, өсе келе көгершіннің жұмыртқасындай болады. 
Мал ақсап, белін бүгіп, аяқтарын бауырына қарай жинап гұрады. ¥ сақ афта- 
лар емшектің терісінде ғана болады. Кейде емшектер жіті домбығуға шал- 
дығады. Желіні ісініп, мал ка іты ауырсынады.
Механикалық әсерден (шөп жегенде, сауғанда, сирағына эр түрлі заттар 
тигенде) афталар пайда болғанынан 1-3 күннен кейін жарылады. Олардың 
орнындағы қызылшақа эрозиялардың формалары мен мөлшері эр түрлі, шет- 
тері жырым-жырым болады. Мұндай эрозиялар тілдің бүкіл кілегейлі қабьь 
ғында болады да ауыздан сыдырылған эпителий қабыктары мен қанның 
сілемдері араласқан созылмалы сілекей ағады. Аңқаның жэне кеңірдектің 
зақымдануы жұтыну мен тыныс алуды қиындатаі^ы. Жүрек қызметінің бүзы- 
луы нәтижесінде тахикардия, аритмия байқалады. Кейде ауырган малдың 
орталық жүйке жүйесі зақымданып, парез, паралич, атаксия, бұлшык еттері- 
нің дірілі сияқты қүбылыстар байқалады. Аусылдың вирусы буаз малды іш 
тастауға, төлді өлі немесе жетілмеген элсіз күйінде табуға әкеліл соктырады. 
Ауырған малды жақсылап бағып күткенде аурудың ақыры оңды болады. Ірі 
қарада өлім көрсеткіші 0,2-0,5 % деңгейінде. Ауру жұқканнан соң мал 3-4 
апта өткеннен соң жазылады.
Ауырған мал дұрыс бағылып күтілмесе немесе уақытында емделмесе 
ауру асқынып кетеді. Мұндай жағдайда ауыз қуысындағы ұлпалар өліеттеніп 
абцессалар пайда болады. Тұяқ күбірткеленігі, түсіи қалуы мүмкін. Терең 
орналасқан үлпалар зақымданып, дерт буын мен тарамысқа шабады. Желін 
қабынуы да жиі байқалады. Әсіресе ірің бактериялары, стрептококтар мен 
стафилококтар тудырған қосалқы мастит аса қауіпті больгп табылады. Мүндай 
жағдай сауын сиырды мерзімінен бұрын жарамсыздыққа шығаруға себеп 
болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет