шөп, су, құрал-сайман жэне ат әбзелдері. Негізгі жұғу жолы алиментарлық,
сонымен қатар, сау мал-мен ауру мал жанасқаңда
тікелей бір- біріне жэне
аэрогендік жолмен де беріледі.
Маңқаға бейім жануарлар арасында ауру гез таралмайды, себебі, індет
баяу жэне жасырын өршігенде қоздырушысы сыртқы ортаға сирек бөлінеді.
Керісінше мал тар қорада ұсталса нёмесе қансорушы жэндіістері көп жайы-
лымда жайылса ауру тез тарайды.
Маңқа тұрақты тараған аймақта ауру көпшілік малда сырт белгілерінсіз
жасырын өтеді. Мұндайда кейбір жылқылардың маллеинге реақциясы жоға-
лады. Егер осы жануарларды жұмысқа жексе немесе
климаты басқаша өңірге
ауыстырса, болмаса күтімі нашарласа инфекдиялық процесс өршіп кетеді.
Маңқаның індет ретінде таралуында белгілі бір мерзімділік болмайды, сон-
дықтан жылдың кез келген уақытында байқалуы мүмкін.
Дерттенуі.
Маңқа қоздырушысы организмге енгеннен соң сөл жолдары-
мен қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды. Дегенмен қоздырушы көбіне өкпеде,
кеңсірік
қуысында және теріде іркіліп, онда өсіп-өнеді. Қоздырушы өскен
орында өзіне тэн қабыну басталып, сарысу жиналады. Зақымданған мүшелер-
де маңқа түйіндері пайда болып, олар өліеттеніп, ыдырауға ұшырайды да,
сыртынан дәнекер ұлпалы қауашақпен қоршалады. Ауруға төзімділігі жоға-
ры жануарларда*маңқа түйіндері қауашақпен тёзірек қоршалып, қөбінесе тұз
жиналып, қатаяды. Мұндайда инфекциялық процесс созылмалы ікүйге ауы-
сып, кейде тіпті жасырын түрге көшіп, сырт көзге мал ж азылып' кеткендей
болады. Ал төзімділігі төмен малдарда маңқа түйіндерінің қоршалуы элсіз
болып,
айналасында инфильтрат, сарысу жиналып, көптеген жаңа түйіндер
пайда болады. Өкпені процесс кеңінен қамтып, лобулярлы пневмонрія түрін-
де өтеді. Ал кеңсірік қуысында түйіндер өліеттеніп, жазылмайтын ойылым
жараға, тіпті шеміршектің ыдырауына әкеліп соғады.
Зақымданған теріде, кө-
бінесе малдың басында, мойынында, сирақтарында, көптеген түйіндер ыды-
рап, іріңді ойылымдар пайда болады.
Ауру малдың жалпы жайы оның қанына түскен қоздырушының уытты-
лығына байланысты. Осыған орай маңқа процесінің өршу деңгейі эр түрлі
болады. Жалпы дерттің даму үзақтығы бірнеше күннен 7
жылға дейін созы-
лады. Аурудың созылмалы түрінде процесс оқтын-оқтын өршіп, артынан ба-
сылып отырады. Мұндайда нақты клиникалық белгілері пайда болып, дене
қызуы 39-40°С-қа көтеріледі. Рецидив кезінде денеде жаңадан түйіндер пайда
болып, ремиссия уақыты бірнеше айға созылуы мүмкін. Малдың күтімі жақсы
болса латтентті
ауру жылқылар ешбір белгісіз, үзақ мерзімге сау малдардан
айнымайды.
Достарыңызбен бөлісу: