леинді бұрынғы көзге қайталап 5-6 күннен кейін жібереді. Реакцияны 3-6-9-12
сағаттан кейін есепке алады. Маллеинмен тексергенде малды байлап ұстайды.
Түйелерге маллеинді бір-ақ рет жібереді. Ал арық, элсіз, ауру меңдеген мал-
дардың маллеинге реакциясы төмен болады.
41-сурет. Жылцыныц көз сынамасы бойынгиа маллеинге оц реакциясы.
Маллеинді тері астына көз байқауын жүргізуге болмайтын жағдайда жі-
береді, мысалы, көз зақымданса,
сондай-ақ, «көз байқауы» нақты нәтиже бер-
месе, мұндай жағдайда алдын-ала малдың таңертең, түсте, кешке темпе-
ратурасын өлшегенде, орташа дене қызуы 38,5°С-тан аспауы керек. 1 мл мал-
леинді мойын терісінің астына жіберген соң келесі күні таңертең сағат 6 дан
бастап кешке дейін эрбір сағатта ақырғы рет 24 жэне 36
сағаттан кейін дене
қызуын өлшейді. Реакцияның нәтижесін дене қызуы мен терінің қабынуына
қарай бағалайды. Егер қызуы 40°С-қа көтеріліп, 6-8 сағат бойы төмендемей
содан біртіндеп қалпына келсе, маллеин жіберген тері ісініп, сипағанда ыстық
екені білініп, ауырсынса реакция оң деп саналады.
Күмэнді реакция кезінде тері сәл ғана ісініп,
дененің температурасы
39°С-39,6°С аралығында болады. Кейде дене қызуы көтерілгенімен (40°С)
тері реакциясы болмауы мүмкін.
Егер, маллеин жіберген жерде терінің қабынуы байқалмаса немесе сэл
ғана болса, ал дене қызуы 39°С-қа дейін көтерілсе онда реакция теріс деп
саналады.
Жалпы тері астына жіберілген маллеин 95% ауру малды анықгайды,
бірақ, жұмысы көп, орындауы қиын.
Маллеинді тері ішіне жіберу тэсілімен асау, табындағы жылқыларды
тексереді. Олар үшін 0,2 мл маллеинді мойын терісіне жіберіп, реакциясын 48
сағаттан кейін есепке алады.
Теріде ұстағанда ыссы, ауыртпалы, тығыз ісік
335
пайда болса реакция оң болғаны. Экспортқа шығаратын жылқыларды осы
тәсілмен екі мэрте тексереді.
Комплемент байланыстыру реакциясымен маллеинге оң реакция берген
малдың ғана қан сарсуын тексереді. Егер КБР оң нэтиже берсе жылқының де-
несінде маңқа түйіні болғаны. Бұл реакцияның көмегімен маллеинмен тексе-
рудің нэтижесі теріс болғанда маңқаға диогноз қоюға болмайды.
Кей жағ-
дайда бактериологиялық жэне гистологиялық зерттеулер жүргізіледі. Соны-
мен қатар, мысық пен теңіз тышқанына биосынама қоюға болады.
Достарыңызбен бөлісу: