Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет261/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Өтуі және симптомдары
Аурудың бастапқы кезінде патологиялық про- 
цесс тек ішкі мүшелерде ғана дамып, сыртқы клиникалық белгілерінсіз өтеді 
де, 4-5 жұмадай уақыттан соң біртіндеп көріне бастайды. Жалпы маңқа жіті 
немесе созылмалы түрінде өтеді. Ал патологиялық процестің қайсы мүшені 
көбірек зақымдауына байланысты клиникалық айқындалған өкпе, кеңсірік 
жэне тері маңқасы деп бөлінеді. Сонымен қатар, ауру жасырын түрде белгі- 
лері білінбей де өтеді.
332


Ауру жіті дамығанда дене қызуы 41-42°С-қа дейін көтеріліп, қызынып- 
суынып, бұлшық еттері дірілдейді. Көрінетін кілегейлі кабықтар, коньюнк- 
тива қызарып. тамыр соғысы элсіз, минутына 60-80 іге жетеді: Дем алысы 
жиілеп, жемшөпке тэбеті төмендеп, ауру мал жекеленіп, күйзелісі біліне бас- 
тайды.
40-сурет. Мащамен ауырган жылцыныц таиау қуысы мен сирагындагы ойылымдар.
Маңқа кезінде өкпенің зақымдануы тұрақты болғанымен ол сыртқы 
клиникалық көп байқалмайды жэне созылмалы дамиды. Сондықтан жөтелу, 
ентігу, қырылдау сирек байқалады. Ал кеңсірік маңқасы кезінде кеңсіріктің 
зақымдануы өкпе жарақатынан кейін пайда болады да, танау қуысының 
кілегейлі қабығында дөңгелек қызыл дақтар пайда болып, 2-3 күннен кейін 
сарғыш түсті түйінге айналады. ¥зам ай бұл түйіндер, өліеттенігі, орындарында 
дөңгелек ойылымдар қалады. Олардан сарғыш түсті щірік сарысу-эқссудат, 
кейде қан араласқан сора ағып тұрады. Егер патологиялық процесс өрши 
түссе, онда ұсақ ойылымдар үлғайып, бір-бірімен қосыла келе, үлкен жараға 
айналады. Кеңсірік пердесі ьщырап, шеміршек шіріп зақымданады. Мүрыны- 
нан ірің тэрізді сора ағып түрады. Инфекциялық процесс созылмалы түрге 
ауысса, ойылымдар жазылып, олардың орынында жүлдыз тэрізді тыртықтар 
қалады.
Ауырған малдың кеңсірігі жарақаттанғанда. дерт әлбетте жүтқыншак ас- 
тындағы сөл түйіндерін де қамтиды. Сөл түйіндері қабынып, сипағанда ауыр- 
сынып, ыссы болады, ал кейін тығызданып, ауырмай қозғалысы щектеліп
қатая түседі.
Ауру негізінен теріні зақымдаса, онда ойылымдар көбінесе малдың ба- 
сында, мойынында, сирақтарында жэне үмасында болады. Бастапқы теріде 
ауыртпалы домбығу байқалып, 1-2 күннен кейін оның орнында тығыз түйін- 
дер пайда болады. Олар біртіндеп шіріп, ыдырап, іріңді жараға айналады. Тері
:3 3 3


шелінде орналасқан сөл тамырлары қабынып, буылтықтанып, біртіндеп жұм- 
сарып, жарылады.
Маңқаның 
жіті өтуі
8-30 күнге созылады. Ақыры мал өледі немесе ауру 
созылмалы түрге ауысады.
Жылқыда маңқаның 
созылмапы түрі
жиі кездеседі және бірнеше айдан 
жылдарға созылып, кейде тіпті белгісіз өтеді. Ауру малдар кейде жөтеліп, 
өкпеде эмфизема пайда болады. Кеңсіріктің кілегёйлі қабығында жазылған 
жара орынында жұлдыз тэрізді тыртықгар көрініп тұрады. Жақ асты сөл 
түйіндері кейде ұлғайып, тығызданғанымен ауырсынбайды. Тері маңқасы 
кезінде жылқының артқы сирақтары шектен тыс жуандайды (шор аяқ). Со- 
зылмалы маңқа кезінде оқтын-оқтын ауру шиеленісіп, рецидив байқалып 
түрады.
Маңқаның жасырын - лантентті түрі ауру тұрақты таралған аймақтарда 
кездеседі. Мұнда ұзақ жылдар бойында дерт клиникалық белгілерінсіз дами- 
ды.
Ауру жыртқыш жануарларда жіті түрінде өтеді. Алдымен олар ақсайды, 
кейінірек мұрыннан ірінді сора ағып, тұмсықта, теріде, сирақтарында ойы- 
лымдар пайда болады. Ауырған жануар әлбетте бір-екі аптада өледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   257   258   259   260   261   262   263   264   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет