Тапсырма
Мандам байқапған кезде ат әбзелдерін (жүген, ноқта,
ер-тоқым, қамыт
сайман, қамшы, т.б.) қалай зарарсыздандыратынын түсіндіріңіз.
11.3. Сақау
Сақау
(Adenitis equorum,
мыт) - жіті өтетін,
мал денесінің ыстығы
көтеріліп, танау мен жұтқыншақтың кілегейлі қабығы іріңді-катарлы қабы-
нып жэне жақ асты сөл түйіндері абсцессаға айналуымен ерекшеленетін жыл-
қының жұқпалы ауруы.
Тарихи деректер.
Жылқының
сақауы
туралы тұңғыш хабарламаны
1664 ж Зоалейзель жазды. Дегенмен, бұдан кейін де ұзақ уақыт оны маңқамен
шатастырған теріс ұғым сақталды. Сақаудың жұқпалы ауру екендігін 1888 ж
Шютц анықтады. Ол ауру қоздырушы стрептококтарды бөліп аЛды.
Алайда
кейбір зерттеушілер (Ресейде) сақау вирустық ауру деп жорамалдап, стреп-
тококтарды
қосалқы
микроорганизмдерге
жатқызды.
Бірақ,
1930
ж
И.Я.Садовский жэне басқачар тәжірибеде стрептококтарды
құлынға жіберіп,
олардың ауру қоздырушысы екенін қуаттады. Қазіргі уақытта сақау дүние-
жүзінің барлық елдерінде кең тараған.
Қоздырушысы
-
Streptococcus equi
- домапақ немесе сопақша микро-
организм. Сөл түйіндері мен іріңнен алынған жағындыда стрептококтар ұзын,
тізбектелген моншақ тэрізді, бір-біріне түйіскен
жағынан қысыңқы болып, ал
жасанды коректік ортадағы өсіндіде (ЕПА) тізбегі қысқа, тұлғасы домапақ
болады. Сақау стрептококтары қозғалмайды, спора түзбейді,
анлинді бояулар-
мен жэне Гимза бояуымен боялады,
ал
қоңыр акридинмен (2мин.) эр түске
(стрептокок - қызыл, басқа микробтар көк түсті) боялады. Жаңа бөлінген
штамдар қауашақ түзеді, ол өзгертілген Бурри әдісімен бояғанда көрінеді.
Стрептокок
жартылай ауасыбағалы, кәдімгі қоректік орталардың бэрінде
өседі, 10-20% жылқы қанының сарысуы қосылған ортада тұлғасы өзгермей
жақсы өседі. Қан
қосылған агарда қанды ерітеді, өсу кезінде гемотоксин,
лейкотоксин, агрессин бөліп шығарады.
Төзімділігі.
Кепкен іріңде сақау қоздьфушысы 6 ай, қөңде 4 апта, ал
пішенде, теріде, жүнде 22 күнге дейін сақталады. 75°С-қа дейін қыздьфғанда
1 сағатта,
қайнатқанда бірден өледі, 5% карбол қышқылының ерітіндісі. 2%
формалин, 3% креолин сақау стрептокогін 10-15 мин. өлтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: