Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет310/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

ө т і і і

жемге қарамай, қүсып, салмағын. жоғалтады, сүті азайып, кейде сүт 
бөлмеуі де мүмкін (агалактия). Қалыпты жағдайда, қосалқы инфекциялар мен 
асқынулар болмағанда, ауру мегежіндердің көпшілігі 3-5 күннен кейін.сауы- 
ғады. Өлім сиректеу болады, ал асқынған жағдайда шығын 2-4% ға жетеді.
Жас торайларда ауру кейде кенеттен құсып, енесін ембей, іш өтумён бас- 
галады. Олар самарқау қозғалып, көбінесе барлығы бір жерге жина-лып үй- 
мелейді. Нәжісі эуелінде қоймалжыңдау сарғыііьсұр түстес, і кейіннен еріксіз- 
ден бөлінетін қолаңса иісті жасыл-сұр түстес сүйыққа айналады.
Торайлардың организмі сусызданып, шөліркеп, тёз әлсіреп, салмағын 
жоғалтып, жүргенде шатқаяқтап, кілегейлі қабықтары көкшіл тартып, кейде 
аз уакытқа дене кызуы 2°-2,5°С-қа көтеріледі. 
1
Аурудың өтуі, клиникалық белгілері жэне ақыры малдың жас мөлшеріне 
байланысты болып келеді. П. И. Притулиннің (1976): деректеріне қарағанда 
жас мөлшері мен шығынның байланысы төмендегідей: 5 күнге дейінгі 
торайларда шығын 100%, 6-10 күндік торайларда 67%, 11-15 күндіқ 30%, ал 
0,5-3,5 айлық торайларда 35%. 

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
і 
Өлекседегі негізгі өзгерістер 
ас қорыту жүйесінде кездеседі. Торайлардың өлексесі сусызданған, қарын 
қуысы көбінесе ұйыған сүтке толы болады. Қарынның кілегейлі қабығы 
катарлы немесе геморрагиялық қабыньш, ойық жаралар кездеседі. Аш ішектің 
қабырғасы жүқарып, кілегейлі қабығында катарлы не геморрагиялық қабы- 
нулар кездесіп, бүртіктері ісініп, өліеттенеді. Аш ішектің ішінде қорытыл- 
маған сүттің іріміктері, көпіршіктенген коймалжьщ сүйық, газ кездеседі. Тоқ 
ішектің кілегейлі қабығы ісіңкі болып, беті кілегейлі шырыштан түратын 
жеңіл сыдырылатын қабықшамен жабылады, қуысы жем қалдықтарына толы 
болады. 
'
Шарбының, шарбы сөл түйіндерінің тамырларын қан кернеп, көк ба- 
уырда қан толу жэне инфаркт тэрізді қан құйылулар кездеседі. Бауыр бол- 
бырап босап, дегенерациялық өзгерістерге үшырайды.
Бүйрек қабықшасының астында, ;қуықтың кілегейлі қабығында ірілі- 
уақты қанталаулар кездеседі.
Вирусты гастроэнтериттегі негізгі көңіл аударатын патологиялық-анато- 
миялық өзгеріске аш ішектің бүртіктерінің аласарып, семуі жатады. Сау мал- 
дардағы бүртіктің ұзындығының криптаға (ойыққа) ара қатынасы орташа 
есеппен 10:1 болса, ауру шошқаларда ол 2:1 жетеді.
Балау. 
Ауруды індеттанулық, клиникалық, патологиялық-анатомиялық 
деректерге, гистологиялық, вирусологиялық, серологиялық зерттеулерге сүйе- 
ніп анықтайды.
Індеттанулық деректерден негізінен ас қорыту жүйесінің зақымданып,'іш 
өтумен сипатталуы, жылдам таралып ж а с 1 торайлардың көп шығынға ұшы- 
рауы, ауруға тэн клиникалық, патологиялық-анатомиялық өзгерістер алдын- 
ала балау қоюға толық мүмкіндік береді.
392


Зертханаға ауру шошқалардан тік ішектің жуындысын алып, оны ішінде 
физиологиялық не Хенкс ерітіндісі бар шыны құтыға салады. Өлекседен, не 
өлтірілген малдан аш ішектің кесіндісін ішіндегісімен алып шыны құтыға 
орналастырады. Алынған материалды сол бойда ішінде мұзы бар термосқа 
салып, жылдам зертханаға жөнелтеді. Зертхана жағдайында матёриалды - 25- 
30°С-та сақтау керек.
Зертханада вирусты таза бөліп алып, ажырату керек. Вирусты өсіру үшін 
торайлардың бүйрек, ен, қалқан, сілекей бездері ұлпасының торшаларының, 
алғашқы не қайтара себілетін өсінділері пайдаланылады.
Ауру шаруашылықта алғаш пайда болған жағдайда биосынама қойып 
тексереді. Ол үшін аурудан сау шаруашылықтан 2-4 күндік жас торайлар 
алып, оларға антибиотиктермен өңделген зардапты материалдың 10% түнба- 
сын 3-5 мл мөлшерінде қорек жолы арқылы береді. Нәтижесі оң болған жағ- 
дайда 24-48 сағат ішінде торайлар аурудың өзіндік белгілерімен ауырады.
Бөлінген вирусты бейтараптау реакциясы (БР) арқылы ажыратады. Сон- 
дай-ақ, вирусты анықтау үшін иммунофлуоресценция реакциясы (ИФР), қо- 
салқы гемагглютинация реакциясы (ҚГАР), электронды микроскоппен қарау 
пайдаланылады.
Серологиялық зерттеулер үшін қос қан сарысуын алып, оның титрінің 
өсу айырмасын БР не ҚГАР арқылы анықтайды. Аурудың түрақты іошақ- 
тарында қан сарысуының БР титрінің 1:10-нан жоғары, ал ҚГАР 1:16-дан 
жоғары болуы, оң, балау қоюға жеткілікті болады.
А ж ы раты п
балау. 
Вирусты гастроэнтеритті обадан, дизентериядан, 
колибактериоздан, сальмонеллезден жэне жүқпалы емес қоректік аурулардан 
ажыратады.
Обада жалпы геморрагиялық өзгерістер көп болады, көк бауыр үлғайып, 
инфаркт болады, барлық жастағы шошқалар түгел ауырып, шығын жас 
мөлшеріне қарамайды.
Дизентерияда қан аралас кілегейлі іш өту болып, өзгерістер негізінен тоқ 
ішекте ррналасады, микроскоппен қарап, оның қырындысынан боррелийлерді 
табуға болады.
Колибактериозда дене қызуы жоғары болып, қанның қағынуы өрбиді. 
Микроскоптық зерттеулерде зардапты эшерихиялар анықталады.
Сальмонеллезге көбінесе 1,5-4 айлық торайлар бейім келеді. Қорытынды 
балау бактериологиялық зерттеуге негізделеді.
Жұкпалы емес қоректік ауруларға көбінесе эртүрлі уланулар жатады. 
Шошқалар ас-тұзымен, фосфорорганикалық, і хлорорганикалық, карбонатты, 
сынапорганикалық қосылыстармен уланады. Ажырату үшін химиялық-ток- 
сикологиялық зерттеулер жүргізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет