50-сурет. Атрофиялъщ ринит кезінде шоіиқаның түмсыгыныц цисаюы.
Серологиялық реакциялар ауруды балауда кең қолдану таппады.
А ж ы раты п балау. Атрофиялық ринитті тұмаудан,
өліеттенулік танау
қабынуынан, энзоотиялық өкпе қабынуынан ажыратады.
Түмау жылдам таралып, жіті түрде өтеді.
Өліеттенулік танау қабынуында танаудың жұмсақ ұлпалары, шеміршегі,
сүйегі ыдырап, ойық жаралар кездеседі.
Энзоотиялық өкпе қабыну жөтелмен, дене қызынуымен сипатталып, жай
таралып, көп шығын болмайды.
Емі. Емдеу ауру жаңа басталған кезінде нәтиже беруі мүмкін. Осы мақ-
сатта антибиотиктерді, сульфаниламидтерді, Д витаминін пайдаланады. Танау
қуысына йодтың 1:500, Люголь, ашудастың, фурацилин, АСД, 3%
сутегінің
қос тотығының, риванолдың 1:1000, т.б. ерітінділерін жіберіп емдёйді. Ауру
жаңа білінген малдарды емдеп, кеңсіріктің семуін болдырмауға болады.
Бірақ, жазылған шошқалар көп уакытқа дейін микроб алып жүретіндіктен
оларды тұкымға қалдыруға болмайды, семіртіп етке өткізеді.
Иммунитет.
Ауырып жазылған сақа шошқалар қайталап ауырмайды,
жэне олардың қанын торайларды дауалауға пайдалануға болады. Жапонияда,
АҚШ-та телімді дауалау үшін тірі жэне өлтірілген вакциналар қолданылады.
Вакцинамен мегежіндерді торайлауға 8-9 жэне 4-5 апта калғанда екі кайта
егеді. Олардан туған торайларды 3-4 жэне 5-6 апталығында тағы да
екі реттен
вакциналайды.
Достарыңызбен бөлісу: