Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет334/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Іидеттік ерекшеліктері. 
Колибактериозбен барлық түліктің жас төлдері 
ауырады. Бұзау 2-7 күндігінде, қозы туа салысымен 5-7 айға дейін ауырады, 
құлын туа салысымен, торай туған соң бірер апта бойы, енесінен айырарда 
жэне енесінен айырған соң, құс 1 күннен 90 күнге дейін жэне жүмыртқалаған 
кезінде, терісі бағалы аңдар өмірінің бірінші аптасында ауырады.
Колибактериоз барлық өлкелерде кең тараған. Оның басты ерекшелігі -
жаңа туған төл жаппай ауырады. Жылдың кез келген маусымында байқал- 
ғанымен негізінен мал жаппай төлдеген кезде, қора жайда қоздырушы ми- 
кробтың шектен тыс шоғырлануына жэне бейім жануарлардың көбеюіне бай- 
ланысты туындайды. Қозының жаздың соңында, күздің басында шалдығуы 
оларды енесінен бөліп, қатаң азыққа көшіруге байланысты.
Ауру қоздырушысының бастауы - колибактериозбен ауырған және 
ауырып жазылған төл, сонымен қатар олардын микроб алып жүретін енелері. 
Мұңдай жануарлар зардапты эшерихияларды көп мөлшерде нэжісімен, кей 
жағдайда несебімен бөліп шығарады. Жұқтыру факторы нэжіспен жэне не- 
сеппен ластанған эртүрлі заттар болып табылады. Жаңа туған төлге ауру 
қоздырушысы гигиеналық тэртіп бүзылғанда, мал төлдеген шақта енесінің 
уызымен, жемшөппен жүғады. Микроб денеге негізінен алиментарлық, сире- 
гірек аэрогеңдік жолмен енеді. Аурудың түрақталған ошағында жас төлге 
ауру тумай түрып жатырда жүғады.
Колибактериоздың таралуына себеп болатын жағдайлар буаз малдың 
күтімінің нашар болуына байланысты уыздың құнарсыз болып, соның нэти- 
жесіңде төлдің ауруға төзімділігінің төмендеуі. Аурудың шығуына төлдің 
күгімінің нашарлығы, гигиеналық-санитариялық реттіліктің дүрыс сақталма-
419


уы көп жағдайда ерекше әсер етеді. Бұзау, лақ, қозы, торай, құлын туған ке- 
зінде қанында иммуноглобулиндер болмайды, олар алғашыңда тек қана ене- 
сінің уызынан төлдің қанына өтеді. Уызды жеткілікті мөлшерде жас төл ала 
алмаса, немесе уыздың сапасы талапқа сай болмаса, онда денеге енген ми- 
кробтарға, олардың ішінде эшерихияларға ешқаңдай тежеу болмай, жанауар 
ауруға шалдығады.
Колибактриоздың таралу ерекшелігі - ауру байқалған соң уақыт, өткен 
сайын ауруға шалдыққан малдың саны, індеттің қарқыны үдей түседі, соны- 
мен қатар аурудың өтуі де ауырлайды. Мал тұрған қорада ауру қоздырушы 
микробтың шектен тыс көбеюі жэне оларды ң, жануар организмі арқылы 
пассаждан өтіп, уыттылығының күшеюі нэтижесінде жас төл күйінің жақсы, 
төзімділігінің жоғарылығына қарамай жаппай ауырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   330   331   332   333   334   335   336   337   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет