Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет330/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Төлдің ішегіне түскен сальмонеллалар өсіп-өніп, қабыну 
процесін тудырады. Ішектен қоздырушының өзі жэне оның өнімдері, эсіресе 
эндотоксиндері сөл жүйесіне өтіп, одан қанға түседі. Мұндай жағдайда 
септицемия орын алады. Қоздырушының өсіп-өну қарқыны жоғарылағанда, 
оның уыттылығы да артып, көп мөлшерде улы заттар бөліп шығарады. Ми- 
кроб мұндай дэрежеге жеткенде элсіреген жануарлардың ғана емес, төзім- 
ділігі жеткілікті дэрежедегі жануарладың да қорғаныс қабілетін жеңіп, ауру 
туғызады. Сальмонеллездің дерттену процесінде қоздырушы микробтың 
эндотоксині маңызды рөл аткарады. Бұл улы заттар қан тамырларына әсер 
етіп, экссудат бөлініп шығуына, қан тамырларынан эртроциттердің сүзіліп 
өтіп, кілегейлі жэне сірі қабықтардың қанталауына жағдай туғызады. Ішектің 
кілегейлі қабықтарындағы, бауырдағы, көк бауырдағы жэне бүйректегі 
дегенеративті процестер өліеттенуге әкеп соғады. Өкпенің, мидың, буындар- 
дың зақымдануы мүмкін. Буаз жануарлардың жатыры мен оның ішіндегі төл 
дертке шалдығады. Сальмонеллалардың бүкіл денеге жайылуы жануардың 
өліміне себеп болады.
412


Өтуі мен симптомдары. 
Жасырын кезеңі 1-3 күн, кейде 7 күнге дейін 
жетеді. Ауру септицемия, жіті жэне созылмалы энтерит түрінде өтеді. Жас 
төлдерде (бұзау, козы, торай) септицемия, _ ересек малда эдетте жіті энтериі 
түрінде өтсе, жас шошқапарда, кейде сйырда созылмапы энтерит ретінде 
байқалады.
Бұзауда қылау 
жіті, жітіден төмен, созылмалы
жэне 
үзікті түрде
өтеді. 
Жіті
өткенде қатты күйзеліп, дененің ыстығы көтеріліп, тұрақты 41- 
42°С болады. Ауырған бұзау бір орыннан көп жылжымайды, көбінесе жата 
береді, жатқанда мойынын созып немесе кеудесіне бүгеді, тұрғанда бүгжиіп, 
көзін жартылай ғана ашады. Тамыры жиілеп, минутына 110-150 рет соғады. 
Ентігіп, бүйірімен дем алады, тынысы жиілеп, минутына 60-90-ға жетеді. 
Көздің конъюнктивасы қызарып, домбығып, жас ағады. Танауынан кілегейлі 
сұйық ағады. Жүні ұйпаланып, терісі тұла бойында қызынып, сирақтары мен 
құлақтарында суынады. Егер бұзау өліп калмаса, 2-3 күн өткён соң іші өте 
бастайды. Нәжісі сұйылып, түсі коңыр-сарғыш, басында қоймалжың жалқақ, 
ал соңынан қан аралас болады. Нәжістің иісі жағымсыз, бара-бара іштің өтуі 
күшейіи, артқы тесіктен өзінен-өзі агып тұрады. Кейбір бұзау дірілдеп, қалты- 
рап, сирақтарының бұлшық еттері жыбырлап тұрады.
Ауру қатты өткенде бүйректің закымданған белгілері байқалып, несептің 
бөлінуі жиілеп, нёсеп күңгірттеніп, реакциясы қышқылданып, құрамында 
белок, эпителий торшалары, гиалин цилиндрлерІ, эритроциттер ұшырасады. 
Токсикоздың салдарынан несептің көлемі азайып, жүрек қызметінің бұзылу 
белгілері өрши бастайды. Бұзау жүдеп, элсірейді, ыңырсып, басын кегжитіп 
немесе мойынын созып, басын жерге тіреп, көңіл аудармай, селқос күйге 
түседі. 5-10 күн ауырғанда тамыр соғуы ретсізденіп, тыныс алуы үздік-создык 
болып, есеңгіреп, өліп қалады.
Егер ауру жеңіл өтсе жэне уақыттылы дұрыс емделсе, дёненің ыстығы 
бірте-бірте қайтып, ішек-қарынның қызметі қалпына келеді ' Іштің өтуі 
тоқтап, бұзау жазылып кетеді. Басқаша болғанда ауру жітіден төмен неме- 
се созылмалы түрге ауысады.
Жітіден төмен
өткенде клиникалық белгілері жіті өткеңдегідей, бірақ 
бэсеңірек білінеді. Іші бір өтіп, бір тыйылады да, тыныс мүшелерінің зақым- 
дануы: ринит, конъюнктивит, жөтел байкалып, танаудан сулы-кілегейлі сора 
ағады. Жұгқыншақты басқанда жөтеле бастайды. Аускультация кезінде 
өкпеден везикулярлық тыныс пен сырыл естіледі, перкуссия кезінде кейде 
өкпенің алдыңғы бөлігінде дыбыс бәсендеп шығады.
Созылмалы өтуі
әдетте жіті жэне жітіден төмен өтуінен туындайды да, 
тыныс мүшелерінің басым зақымдануымен ерекшеленеді; Танаудан кілегейлі- 
іріңді сора ағып, жөтел пайда болады. Жөтел бастапқыда құрғақ, соңынан 
ьшғалды болып, жөтелгенде бұзау қиналып, тынысы тарылады. Аускультация 
кезінде қатайған везикулярлық тыныс пен құрғақ сырыл естіледі. Дененің 
ыстығы тұрақсыз, айнымалы болып, пневмонияның белгілері күшейе түседі. 
Өкпенің зақымданған бөлігінде тыныс бронхалық сипат алып, ылғалды сырыл 
шығып, перкуссия дыбысы бэсеңдейді. Ауру бұзау селқостанып, жемшөп 
ж еуі наш арлайды, ж өтелгенде ауң рсы ны п , ы ңы рсы ған ды бы с ш ығарады.
413


Дененің температурасы кейде 40,5-41,5°С деңгейінде тұрып алады. Кейде 
созылмалы қылау кезінде буындары ісіп, алғашында тізеіжэне тілерсек буын- 
дары ысынып, ауырсынып, бара-бара ұлғайып, тығыздалады да, мал ақсайды. 
Бұзау арықтап, элсіреп, ауру бірнеше айға созылып, ем қолданылмаса өліп 
қалады.
52-сурет. Салъмонеллезге шалдыщан бұзаудың
жіліншік буыньіның ісінуі.
Үзікті түрі
кей жағдайда ересек бұзауларда байқалады. Олар эдеттегіден 
тыс жеңіл ғана ауырады. Жемшөпке зауқы төмеңдеп, ыстығы аздап көтері- 
леді. Кейде іші өтіп, бірер күн өткен соң сауығып кетеді.
Торайда қылау жіті, жітіден төмен жэне созылмалы өтеді. Аурудың жіті 
өтуі сальмонеллездің шыққан кезінде жетілмеген элжуаз жас торайларда 
байқалады. Ауырған торайлар күйзеліп, төсенішке басын тығып жатады, оры- 
нынан зорға тұрады, тынысы жиілеп, ыстығы 41-42° С-қа жетеді. Одан іші 
өтеді, нәжісі сұйық, сарғыш түсті, иісі жағымсыз. Көзге көрінетін кілегейлі қа- 
бықтарын қан кернейді. Көзде конъюнктивит байкалып, аққан сора тобарсып 
кеуіп, қабағын аштырмай, бір-біріне жабыстырып тастайды. Жүрек қызметі- 
нің бұзылуы салдарынан құрсақ тұсындағы, шабындағы терісі қызарып, 
көгереді. Егер уақыттылы емделмесе 3-7 күн шамасында ауырған торайлар 
өліп қалады немесе ауру созылмалы сипат алады.
Жітіден төмен өткенде дененің ыстығы сэл көтеріліп, айнымалы болады. 
Тэбеті бұзылып, шөлдей береді. Іштің өтуі мен қатуы алма-кезек болады. 
Торай жүдей бастайды. Көбінесе ауру пневмонияға үласып, ентігіп, жөтеліп, 
жиі дем алады. 2-3 аптада өліп қалады немесе дерт созылмалы сипат алады.
Созылмалы өткенде торайлардың өсуі бэсендеп, жүдеп кетеді. Терісі 
серпімділігін жойып, жүні үрпиіп, қайызғақтанып түрады. Бастапқы нэжісі 
коймалжыңданып, кейіннен сұйыла бастайды, түсі жасыл-сарғыш, иісі 
жағымсыз, кейде қан араласады. Кейбір торайларда пневмония байқалып, 
ентігіп, тынысы тарылып, дем алғанда кеудесі сырылдап түрады. Қ өбінесе
414


I
буындары ісініп, жуандайды, жүргеңде аяғы ақсайды. Ауру 2-3 айға созылып, 
хайуандар шектен тыс жүдейді де, арасында өлім - көбейеді. Бұндай торай- 
ларды күтімі ақталмайтын .болғандықтан жэне қатарға қосылмайтындықтан 
өлтіріп тастаған жөн. Кейіннен олар үзақ уақыт микроб алып жүреді.
Құлын, егер енесінен ауру 'жүқтырып туса, іу а салысымен қылаудың 
вслиникалык белгілері білініп, жіті өтеді Ондай құлын орынынан тұра 
алмайды, енесін емуге шамасы жетпейді Ыстығы 40-41 °С-қа көтеріліп іші 
өтеді. Нэжісі сұйық; түсі сарғыш, жалқақтанып, қорытылмаған сүттің ірімігі 
кездеседі. Кейде буындары ісіп, ауырсынады. 2-3 күн_өткенде құлын әбден 
элсіреп, өліп қалады. Ересектеу құлындарда ауру біршама үзаққа созылады. 
Температурасы 40-41°С шамасында, тынысы жиілеп, кетеуі кетіп, жүдей бас- 
тайды. Буындары, әсіресе, тілерсек, толарсақ буындары, ісініп, басып көрген- 
де ысып, ауырсынады. Артриттен аяғы ақсайды. Іші өтіп, элі кетіп, жүдеп, 
жүрек қызметі әлсіреп, өліп қалады. Жазылған кұлын көпке дейін бактерия 
алып жүреді, өсуі баяулап, шор буын болып калады.
Қозылар қылаумен туа салысымен ауырады. Олар өте әлсіреп, енесін еме 
алмай, жатып. қалады. Денесінін қызуы 41-42°С, ауыр дем алып, тамыры 
лыпылдап, жиі соғады. Іші өтіп, нәжісінде үйыған қан болады. Ауру жіті 
өрбіп, көбінесе 2-5 күнде өліммен тынады. Ересек қозыларда (2-3 аптадан 
жоғары) қылау пневмония жэне артритпен асқынады. Төл қиналып жөіеліп, 
танауынан іріңді коймалжың сора ағады. Аускультация кезінде бронхалық 
тыныс пен ылғалды сырыл естіледі. Жазылған қозы нашар өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   326   327   328   329   330   331   332   333   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет