Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет326/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Полисерозитке көбінесе торайлар енесінен ай- 
ырған мезгілде (30-65 тәуліктігінде), эсіресе, енесінен айырғаннан кейінгі 8- 
15 күнде жиірек ауырады, алайда ірі шошқа шаруашылықтарында 25 күнге 
дейінгі еметін торайлар да ауырады. Ауру қоздырушысының бастауьі бакте- 
рия алып жүруші сақа шошқалар және ауру, ауырып жазылған торайлар. Қа- 
лыпты жағдайда ауру көбінесе сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының 
(енесінен ерте айыру, тасымалдау, қатты тоңазу, ыстықтау) эсеріне үшыраган 
торайларда жиі кездеседі.
408


Қоздырушы негізінен ауамен беріліп, танау-аңқа мүшелері арқылы жұға- 
ды. Індет жылдам тарап, шалдығу көрсеткіші 70%-ға жетіп, шығын 50 % бо- 
лады.
Өтуі және белгілері. 
Аурудың жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бір тэу- 
лікке созылады. Ауру жіті, жітіден төмен жэне созылмалы түрі кездеседі.
Жіті өткенде торайлардың қызуы 40,5°-41,5°С дейін көтеріліп, жемнен 
қалып, жай қозғалып, түшкіріп, жөтеліп, кейде құсады. Жүрек жүмысы элсі- 
реп, ауру басталғаннан кейін 24-36 сағатта өледі. Жітіден төмен жэне созыл- 
малы түрлерімен ауырғанда, торайлар жылдам жүдеп, жай қозғалып, 10-15 
күннен кейін өледі. Кейбір торайлар аурудан айыққандай болғанмен, ішектер- 
дің, жүрек пен жүрек кабының бір-біріне жабысуы әсерінен шошқалардың іші 
қатып, демігуден өледі.
Патологоанатомиялык өзгерістер. 
Аурудың жіті түрінде өлексенің кө- 
кірек, құрсак қуыстарында, жүрек қапшықшасында көптеген мөлшерде фиб- 
рин талшықшалары бар күңгірттеу сұйық жиналады. Аурудың жітіден төмен 
жэне созылмалы түрлерінде ол қуыстарда сұйық аздау болып, жүректе, көкі- 
рек пердесінде, ішектерде фибриннің жүқа қабықшасының шөгінділері кезде- 
седі. Ішектер бір-біріне жэне жүрек қабықшасына жабысып қалады. Көптеген 
торайларда өкпенің катарлы қабынуы, буынның зақымданулары кездеседі.
Балау. 
Ауруды індеттанулық деректерге, клиникалық белгілерге, патоло- 
гоанатомиялық өзгерістерге жэне бактериологиялық зерттеулерге сүйеніп 
анықтайды.
Зертханаға іш, кеуде, жүрек қапшықшасынан алынған жалқаяқ жэне жү- 
рек қабығынан алынған қырындыны жібереді. Зертханада жағындыны ;бояп, 
қарайды, жэне Петри табақшасына дайындалған қан қосылған ЕПА-ға себінді 
жасайды. Сепкеннен кейін оған штрихпен (2 крест тэрізді) гемолиз бермейтін 
ақ стафилококтің немесе ішек таяқшасының штаммдарын себеді (бактериоло- 
гиялык телу), олар 
Н. parasuis
өсуі үшін қажетті У-фактордың көзі болып 
есептелінеді. Себіндіні 24 сағатқа 37-38°С термостатқа қояды. 
Н. parasuis
өс- 
кен жағдайда олар бактериологиялық телудің бойына орналасқан уақ (0,1 -0,2 
мм), дөңгелек, жылтыр шоғырлар түзеді. Шоғырдан дайындалған жағындыда 
уақ, грамтеріс кейде тізбектей орналасқан сыртында қауашағы бар түйіршікті 
таяқшаларды көруге болады.
Бөлініп алынған бактерияның зардаптылығын анықтау үшін, оны салма- 
ғы 300-350 г теңіз тышқанының қүрсақ қуысына егіп тексереді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   322   323   324   325   326   327   328   329   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет