лысымен, кейде есейгенде, қүлын негізінен туғаннан соң бірінші апта ішіңде,
ал кейде 3 аптадан 3 айлығына дейіңгі аралықта ауырады.
Зертханалық жа-
нуарлардан ақ тышқан бейім, оны биосынама қою үшін пайдаланады. Сальмо-
неллаларды алып жүру жану арл ар арасында кең тараған. Ересек жануарлар-
дың көпшілігінде, мал қораларында бұл микроб жиі кездеседі. Сондықтан
сальмонеллез кез келген шаруашылықта орын алады да, малдың ауруға шал-
дығуы оның күтімі мен ветеринариялық-санитариялық жағдайға байланысты,
аурудың басты себебі - мал шаруашылығындағы ретсіздік. Мал өнімдерін
өндіру технологиясы жедетілген сайын бұл аурудың таралу ауқымы арта
түседі.
Сальмонеллезден буаз мал, әсіресе,
жылқы мен қой, ешкі іш тасгайды. Іш
тастау буаздық мерзімі екінші жартысына ауған сәтте басталады. Ол кезде
шараяа суымен сыртқы ортаға көп мелшерде сальмонеллапар бөлініп шыға-
ды. Ауру белгісі жоқ микроб алып жүретін ересек жануарлар инфекция қоз-
дырушысын сүтпен жэне нэжіспен бөліп шығарады. Ауырған жас төл саль-
монеллаларды нэжіспен, несеппен
жэне мұрыннан аққан сорамен, сілекеймен
бөліп шығарады. Бұл бөлінділер жемшөпті, суды, төсенішті, қорадағы эртүрлі
заттарды ыластап, оларды аурудың жұқтыру факторларына айналдырады. Әр-
түрлі жэндіктер (шыбын, тарақан), кемірушілер (егеуқұйрық, тыіықан) қоз-
дырушыны тасымалдаушы қызметін атқарады.
Бұзауға, қозыға жэне торайға ауру негізінен алиментарлық жолмен,
сиреі ірек тыныс ағзалары арқылы жұғады, ал
құлын кейде қозы тумай тұрып,
жатырда ауру жұқтырады. Іштен ауру болып туған төл көп тұрмай бірер күн
ішінде өліп калады.
Төлдің қылаумен ауыруына жағымсыз факторлар: рационда белоктың,
витаминдердің, минералдық заттардың, әсіресе кальций мен фосфордың,
жетіспеуі, қысты күні қораның суық жэне дымқыл болуы, ал жазда ыстық өтуі
себеп болады.
Достарыңызбен бөлісу: