Ажыратып балау.
Гемофилді полисерозитті микоплазма, ішек бактерия-
сы, коктар қоздыратын полисерозиттерден ажырату үшін бактериологиялық
зерттеулер жүргізу керек жэне басқа полисерозиттер індеттік қаулау ретінде
өтпейтінін ескеру қажет.
Емі.
Емдеу мақсатында кез келген антибиотиктерді пайдалануға болады.
Алайда торайларды аурудың әсерінен пайда болатын ішектегі, жүректегі жа-
бысқан жерлердің әсерінен, олар толықтай аурудан айықпай, өсуден қалып,
көпшілігі шығын болады. Осы себегітен полисерозитпен ауырған торайларды
емдеу экономикалық түрғыдан өзін-өзі ақтамайды.
409
Иммунитет.
Буаз мегежіндерді және торайларды белсенді иммундеу
мақсатында өлтірілген вакцина қолданылады.
Дауалау және күресу шаралары.
Дауалау үшін шаруашылықта ветери-
нариялық-санитариялық ережелерді, торайларды өсірудің, эсіресе, уакытында
енесінен айырудың технологияларын қатаң сақтау керек.
Ауру байқалған жағдайда, ауырған торайды ұялас торайлар мен енесімен
бірге оқшаулап, етке тапсырады. Ауру шыққан шошқа қораны жақсылап таза-
лап, (аэрозольді эдіспен) дезинфекция жасайды.
Атаулар мен ұғымдар
Гемофилезді полисерозит, Глессер ауруы, Poliserositis haempphilosis,
гемофилезный полисерозит, болезнь Глессера, Haemophilus parasuis.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер санапатын негізгі мәліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық! өзгерістер,
бапау, емі, иммунитет, дауапау жэне күресу шарапары.
Тапсырма
Шошқаның жасына қарай қандай жұқпалы ауруларға шалдығатынына,
торайлар, жас шошқалар (подсвиники), мегежіндердің қандай аурулары бола-
тынына талдау жасаңыз.
410
13 map ay
Достарыңызбен бөлісу: |