Колибактериоз
аса жіті, жіті
жэне
жітіден төмен
өтеді.
Аса жіті
өтуі туғанына бірер күн болған төлде байқалады. Ауырған мал
өте әлсіреп, дел-сал күйге түсіп, өлітиген белгілері білінеді. Ыстығы 41,5-
42°С-ка жетіп, тамырының соғуы мен тынысы жиілеп, көзге көрінетін кіле-
гейлі қабықтарын қан кернеп, кейде іші өтеді. Мал ес-түссіз халге түсіп, 1-2
күн ішінде өледі.
Ж іті
өтуі әдетте 3-7 күндік төлде байқалады. Мұндай жағдайда малдың
іттті толассыз өтіп, организмнің сусыздану белгілері байқалады, денесі құрыс-
танып, дел-сал күйге түседі. Ауру 3-4 күн ішінде өліммен аяқталады.
54-сурет. Колибахтериозбен ауырган бүзау.
Жітіден төмен
өтуі 6-10 күндік бұзауларда жиі байқалады. Аурудың бұл
түрі, әсіресе, іңдет тұрақты жайлаған фермаларда басым болады. Колибакте-
риоз жітіден төмен өткеңде оған басқа іш аурулары қабаттасып, аралас ішек
инфекциясы түрінде өтеді. Аралас ішек инфекциясын энтеробактериялардың
эшерихия, сальмонелла, цитробактер, протей, марганелла, клебсиелла туыс-
тастықтарына жататын микробтардың 2-3 түрі қабаттасып тудырады. Ауру
асқынып, дерт процесі Ішек-қарынмен қоса өкпеге, жүрекке, миға шабады.
Бастапқыда колибактриоз ретінде басталған инфекцияның соңғы кезіңде но-
зологиялық профилі басқа бағытқа өзгеруі де мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: