немесе эшерихиоз атанды. БұрынғыКеңес Одағында
колибактериоз біршама
зерттелгенімен 1960-жылдары бұл ауру - жұқпайтын диспепсия деген қате
көзқарас үстемдік алды. Я.Е.Коляковтын еңбектері арқылы ауруды зерттеу
жэне онымен күрес жүргізу дұрыс жолға қойылды. Қазакстанда төлдің
колибактериозьш зерттеуді 1970-жылдары Э.А. Светоч жан-жақты жүргізді.
Қ озды руш ы сы -
Escherichia соіі
- грамтеріс,
қозғалмалы, спора түзбей-
тін, тұрқы қьіска, жуантық, ұштары жұмырланып біткен таяқша. Денесінде
соматикалык 0-, жіпшесіде Н-, қауашақ түзетіндерінде
сырткы К-антигендері
болады. К-антигендері ыстыққа төзімсіз, термолабильді, L-жэне В антиген-
дерге,
ыстыкка төзімді, термостабильді А-антигенге бөлінеді. L-антигенге
жататын К-88, К-99, 987 Р, Ғ-41, А-20 антигендері бар сероварларының
колибактериоздың этиологиясында маңызы аса зор.
Антигендік құрамы бойынша эшерихиялар 200-ге жуық сероварға бөлі-
неді. Қауашақты штаммдарында негізгі уыттылық факторы болып есептелетін
адгезиялық антигендері бар. Микроб
қарапайым қоректік орталарда, арнайы
Эндо ортасында жэне адгезиялык антигендері түзілу үшін Минк ортасында
өсіріледі.
Төзімділігі.
Эшерихиялар нәжісте 30 күнге дейін, топырақ пен суда 2-3
ай сақталады. 75° С-қа қыздырғанда 30 секундта өледі. Хлорлы эк,
хлорамин,
ксилонафт, күйдіргіш натрий, формалин, карбол қышқылы кэдімгі концен-
трациясында ойдағыдай зарарсыздандырады.
Достарыңызбен бөлісу: