Дерттенуі. М. нуорпеитопіае
өкпе ұлпасында өсуге бейім келеді. Шош-
қа организміне тыныс мүшелері арқылы енгесін, өкпе жэне бронха эпителий-
лерінде өсіп, ол жерлерде сірілі катарлы қабыну ошақтары пайда болады.
Кейіннен альвеол қабығының ішкі қабаттарында лимфоидты-моноцитті тор-
шалар шоғырланып, альвеолдің сығылып қысылуына, кейіннен бронха қуы-
сының тарылып, тыныс алудың бұзылуына соқтырады. Қабыну ошақтары
көбіңесе өкпенің шет жақтарында орналасады. Егерде жем, күтім жағдайы
жақсы болып, қосалқы инфекциялармен асқынбаған жағдайда, ауру зілсіз
өтіп, 2-3 аптадан кейін мал жазылады. Керісінше күтім, жем нашар болып,
ауруға қосымша немесе басқа инфекциялар (вирусты өкпе қабыну, тоғышар-
лық инвазиялар) араласса, өкпедегі зардапты өзгерістер өкпенің көптеген бө-
лігін (лобарлы) қамтитын катарлы-ірінді, не ірінді-некрозды қабынулар өр-
біп, көпшілігі шығынға ұшырайды.
Өтуі және симптөмдары.
Аурудың жасырын мерзімі
10-16
тэулік жэне
созылмалы түрде өтеді. Ауру өзінің өрбуінде екі сатыдан өтеді. Алғашқы
кезенде торайлардың
3-10
апталығында, олар аздап қызынып, түшкіріп, си-
ректеу, құрғақ жөтеледі. Бұл кезеңнің ұзақтығы 2 апта шамасындай, торай-
лардың жалпы күйі көп өзгермейді, жемнен қалмайды.
Аурудың екінші кезеңі бірнеше аптаға, айға созылады. Оның негізгі
белгісі жөтел, ол әсіресе торайларда таңертеңгі жем берген кезде, серуенде-
генде күшейеді. Ауру малдар жиі жэне қиналып дем алып, алдыңғы аяқтарын
алшақ қойып тұрады. Торайлар самарқау тартып, мезгіл-мезгіл қызынып, жү-
деп, қатарынан қалады. Кейде көздің қасаң қабығы кілегейлі-іріңді қабынып,
теріде қышыма пайда болады. Егер қосалқы инфекциялармен асқынса ауру-
дың өтуі ауырлайды. Індетке басқа инфекциялар, соның ішінде гемофилезді
полисерозит, жұқпалы атрофиялық ринит араласуы мүмкін. Мүндай жэйт
көбінесе шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда кездесіп, үлкен экономи-
калық нұқсан келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |