Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет322/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
Дерттенуі. М. нуорпеитопіае
өкпе ұлпасында өсуге бейім келеді. Шош- 
қа организміне тыныс мүшелері арқылы енгесін, өкпе жэне бронха эпителий- 
лерінде өсіп, ол жерлерде сірілі катарлы қабыну ошақтары пайда болады. 
Кейіннен альвеол қабығының ішкі қабаттарында лимфоидты-моноцитті тор- 
шалар шоғырланып, альвеолдің сығылып қысылуына, кейіннен бронха қуы- 
сының тарылып, тыныс алудың бұзылуына соқтырады. Қабыну ошақтары 
көбіңесе өкпенің шет жақтарында орналасады. Егерде жем, күтім жағдайы 
жақсы болып, қосалқы инфекциялармен асқынбаған жағдайда, ауру зілсіз 
өтіп, 2-3 аптадан кейін мал жазылады. Керісінше күтім, жем нашар болып, 
ауруға қосымша немесе басқа инфекциялар (вирусты өкпе қабыну, тоғышар- 
лық инвазиялар) араласса, өкпедегі зардапты өзгерістер өкпенің көптеген бө- 
лігін (лобарлы) қамтитын катарлы-ірінді, не ірінді-некрозды қабынулар өр- 
біп, көпшілігі шығынға ұшырайды.
Өтуі және симптөмдары. 
Аурудың жасырын мерзімі 
10-16 
тэулік жэне 
созылмалы түрде өтеді. Ауру өзінің өрбуінде екі сатыдан өтеді. Алғашқы 
кезенде торайлардың 
3-10 
апталығында, олар аздап қызынып, түшкіріп, си- 
ректеу, құрғақ жөтеледі. Бұл кезеңнің ұзақтығы 2 апта шамасындай, торай- 
лардың жалпы күйі көп өзгермейді, жемнен қалмайды.
Аурудың екінші кезеңі бірнеше аптаға, айға созылады. Оның негізгі 
белгісі жөтел, ол әсіресе торайларда таңертеңгі жем берген кезде, серуенде- 
генде күшейеді. Ауру малдар жиі жэне қиналып дем алып, алдыңғы аяқтарын 
алшақ қойып тұрады. Торайлар самарқау тартып, мезгіл-мезгіл қызынып, жү- 
деп, қатарынан қалады. Кейде көздің қасаң қабығы кілегейлі-іріңді қабынып, 
теріде қышыма пайда болады. Егер қосалқы инфекциялармен асқынса ауру- 
дың өтуі ауырлайды. Індетке басқа инфекциялар, соның ішінде гемофилезді 
полисерозит, жұқпалы атрофиялық ринит араласуы мүмкін. Мүндай жэйт 
көбінесе шошқа бордақылайтын шаруашылықтарда кездесіп, үлкен экономи- 
калық нұқсан келтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет