Оқулық. Алматы, 518 бет


кілегейлі қабықтарда кездесіп, эр түрлі дерт  процестеріне қатысса, В тобындағы  Str. agalactiae



Pdf көрінісі
бет339/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

 
кілегейлі қабықтарда кездесіп, эр түрлі дерт 
процестеріне қатысса, В тобындағы 
Str. agalactiae
 
желінсаудын сиырдағы 
негізгі қоздырушысы болып табылады.
Стрептококтар барлық анилин бояуларымен жақсы боялады, грамоң қоз- 
ғалмайды, кауашақ түзеді, спорасы болмайды. Жаңадан алынған патология- 
лық материалдан даярланған жағындыда көбінесе қосарланып, кейде тізіліп, 
немесе жекелей орналасады. Қосарланып орналасқанда түйіскен ұштары жал- 
пақ, шеткері жағы үшкіл болып, ланцет (қандауыр) немесе шырақтың жалыны 
іспетті келеді. Қоректік ортада жақсы өседі. Қан қосылған агарда зардапты 
стрептококтар эдетте көкшіл түсті гемолиз зонасын береді.
Сыртқы ортада (мал қорасында, топырақта, көңде) стрептококтар 3-4 
күнде өледі. Әсіресе күн сәулесі жэне кептіру жойқың әсер етеді. 60°С-та 20 
мин. ішінде өледі. 1% формалин, 2% күйдіргіш натрий, 10% жаңадан сөнді- 
рілген эк ерітінділері 1-2 мин уақытта өлтіреді.
Індеттік ерекшеліктері. 
Стрептококкозға бұзау, құлын, қозы, лақ, торай 
шалдығады жэне құстар да ауырады. Жас төл туған күннен бастап, 2-6 ай- 
лығына дейінгі аралықта бүл ауыруға ұшырайды, эсіресе 15 күннен 2,5 айға 
дейінгі кезеңде аса сезімтал болады. Аурудың жаппай етек алуы малдың 
төлдейтін маусымына сэйкес келеді.
Ауру қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан немесе стрептокок- 
козбен ауырып жазылған төл, сонымен қатар диплококтық желінсаумен не- 
месе эндометритпен ауыратын ұрғашы мал. Ауру қоздырушысы ауырған 
төлдің танауынан аққан сорамен, несеппен жэне нэжіспен бөлініп шығады. 
Микроб денеге алиментарлық жолмен, негізінен енесінің сүтімен жэне ауа 
арқылы енеді. Сонымен қатар тумай тұрып жатырдағы кезінде жэне туған 
шағында кіндік арқылы жүғуы мүмкін. Жүқтыру факторына сүт қүйылатын 
ыдыс, ластанған төсеніш, қүрал-саймандар, мал күтетін адамның киімі жата- 
ды. Ауру оқтын-оқтын спорадия түрінде немесе жыл бойы байқалып, энзоо- 
тия ретінде анда-санда тұтаныс беріп тұрады. Стрептококкоз негізінен мал 
күтімі нашар фермаларда, щаруашылықтағы қырсыздықтың салдарынан бола- 
ды. Оның басты себебі - буаз мал мен жас төлді дұрыс бағып-күтпеу жэне 
жемшөптің сапасының нашарлығы.
Дерттенуі. 
Ac қорыту жэне тыныс жолдарына енген стрептококтар 
кілегейлі қабықтардан тез өтіп, қанға түседі де, фагоцитозды тежеп, септице- 
мия тудырады. Стрептококтар бөліп шығаратын экзотоксиндер қан тамырла- 
рының эндотелийін зақымдап, оның нәтижесінде эритроциттер ұлпаға өтіп
сірі жэне кілегейлі қабықтары қанталайды. Сонымен қатар қоздырушыдан 
бөлінген өнімдер дененің сезімталдығын арттырып, аллергиялық реакциялар
425


тудырады. Бүның нәтижесінде зат алмасуы бұзылып, үлпершек ағзалар мен 
жүрек етінде белокты-майлы дистрофиялық құбылыстар байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   335   336   337   338   339   340   341   342   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет