perfringeans
микробының В типінің жэне оның токсинін қозының
ішегінен табу ауруды балауға негіз болады. Токсиннің эсері байқалған жағ-
дайда ак тышқанға бейтараптау реакциясын қою арқылы оның қай типке жа-
татындығын айқындайды. Реакция қою үшін токсиннің әр типіне қарсы телім-
ді қан сарысуы пайдаланылады. Егер ішектің ішінде токсин байқалмаса, бөлі-
ніп алынған микроб өсінімен де бейтараптау реакциясын жүргізуге болады.
Ауруды сальмонеллездең, колибақтериоздан, коқцидиоздаң ажырату қа-
жет. Дизентерия кезінде кезігетін ішектің кілегейлі қабығындағы ойық жара-
қаттар аталған ауруларда байқалмайды. Ең бастысы бұл аурулардың телімді
қоздырушылары арнаулы зерттеулер арқылы айқындалады.
Емі.
Ауырған қозыға анаэробтық дизентерия мен қойдың жұқпалы энте-
ротоксемиясына қарсы бивалентті антитоксиндік қан сарысуын жібереді. Ем-
нің нәтижесі аурудың ең бастапқы кезінде ғана дұрыс болады. Бұған қосым-
ша синтомицинді ішке 0,1-0,2 г. дозада күніне 2-3 рет 3 күн бойы жемге
қосып, норсульфазолды 1 кг. массасына 0,04-0,06 г. күніне 2-3 рет береді.
Дибиомицин 30-50 мың ӘБ/кг дозасында бұлшық етке жібергенде жақсы нэ-
тиже береді.
Иммунитет.
Ауырып жазылған қозыда белсенді иммунитет қалыптаса-
ды. Ауруға қарсы поливалентті концентрацияланған гидроокись аллюминийлі
(бродзот, энтеротоксемия, қатерлі домбығу жэне қозының дизентериясына
қарсы) вакцина жэне осыған тақылеттес анатоксин қолданылады. Енжар
иммундеу үшін жэне емдік мақсатпен қозының дизентериясына қарсы анти-
токсиндік қан сарысуы және қозының анаэробтық дизентериясы мен қойдың
жүқпалы энтеротоксемиясына қарсы бивалентті қан сарсуы шығарылады.
Дауалау және күресу шаралары.
Аурудың алдын алу үшін буаз саулық-
тарды дұрыс күтудің маңызы зор. Сондықтан қойдың рационының протеин,
минеральді заттар жэне витаминдер жағынан кемістігі болмауын, жас төлге
суық өтпеуін, астының сызсыз құрғақ болуын мүқият қадағалау қажет. Мал
төлдететін қора-жайды жақсылап тазартып, дезинфекциялап, санитариялық-
зоогигиеналық талаптарға сай ұстау керек.
Ауру шыққан отарда ауырған қозыны енесімен бірге оқшаулап, емдейді.
Мал қорасын көңнен тазартып, 10% хлорлы әкпен, 5% креолин эмульсия-
сымен дезинфекциялайды. Буаз саулықтарды туарынан бір ай бұрын бродзот,
энтеротоксемия қатерлі домбығу жэне қозының дизентериясына қарсы поли-
валентті вакцинамен егеді. Егілген қойда иммунитет 10-12 күн өткенде қа-
лыптасып, қайталап еккенде 4-5 ай сақталады. Уыз арқылы берілген антиде-
нелер қозыны дизентериядан сақтайды. Егер саулықтар уақыттылы егілмеген
болса, қозыларды аурудан сақтау үшін оларға туа салысымен дауалық мақ-
431
сатпен жұқпалы энтеротоксемия мен дизентерияға қарсы қан сарысуын жібе-
реді. Қозылар жем жей бастаған кезде ұнтақ жемге 0,5-1% мөлшерде емдік
премикс (окситетрациклин 30,0 г цинк бацитрацині 15,0 г, фуразолидон 15,0 г,
жарма Ікг) қосып береді.
Атаулар мен ұғымдар
Қозының анаэробтық дизентериясы, анаэробная дизентерия ягнят, Disen-
teria neonatorum anaerobica, Clostridium perfringens тип B, поливалентті кон-
центрацияланған гидроокись аллюминийлі брадзот, энтеротоксемия, қатерлі
домбығу жэне қозының анаэробтық дизентериясына қарсы вакцина.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
432
14 map ay
Достарыңызбен бөлісу: |