Індеттік ерекшеліктері. Ньюкасл ауруымен барлық жабайы тауық тү-
қымдастар ауырады, ал қүрке тауық, қырғауыл, мысыр тауығы, бөденелер
пэлендей көп ауыра бермейді. Бүл ауру қаз бен үйрек, көгершіндерде де
кездеседі. Әсіресе қауіпті вирусты тоты құстар көп таратады. Көптеген жа-
байы жэне сэндік құстар денесінде Ньюкасл ауруы вирусына қарсы антиде-
нелер бар.екені анықталып отыр.
Сау құстар көбінесе ауруға шалдыққан құстармен аралас жүргенде неме-
се вирус жұққан жем-судан, құрал-сайманнан, балапан шығатын жұмыртқа-
дан жүқтырып алады.
Ауру қоздырушысының бастауы - негізінен ауру құстар, ауруға қарсы
тұратын иммунитеті жоқ әлсіз балапандар мен осындай сақа құстар болып
табылады. Ал қоздырушының берілу факторлары: өлекселер, зарарсызданды-
рылмаған құс еті, қасап қалдықтары, балапан шығаруға арналған немесе сауда
орындарында түсетін жұмыртқалар.
Ньюкасл ауруын бұралқы иттер мен түлкілер, жабайы құстар, кеміру-
шілер, құс кенелері, шыбын-шіркейлер жиі таратады. Сондай-ақ бұл ауруды
құс шаруашылықтарындағы адамдар да таратуы мүмкін.
Шаруашылықтың өз ішіне вирус бір шақырым жерге дейін шаң тозаңмен
де тарай алады.
Індеттің кең таралуына қазіргі заманғы құс өнеркәсібіндегі зарарсыздан-
дырылмаған ыдыстар мен тасымал көліктерінің де қатысы жоқ емес. Қүс
өнімдері үздіксіз өндірілетін ірі қүс шаруашылықтарында қандай бір жолмен
әкелінген вирус әлсіз тауықтар мен балапандарға жүғып, сол жерде үзақ
уақыт бойы сақталып қалуы мүмкін. Ал мұндай шаруашылықтарда құс індеті
жиі шығып отырады.
Дерттенуі. Ауру қоздырушысы қүс денесіне енген соң 20 сағат ішінде
қанға өтіп, бүкіл денеге тарайды да, орталық жүйке жүйесі, тыныс жолдары
мен ас қорыту ағзалары зақымданады. Осының әсерінен кілегейлі қабықтар
жаппай қанталайды. Аурудың белгілері ішкі ағзалардың зақымдануына байла-
нысты болады.