Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Ауру өте жіті өткенде бала-
пандардың өлексесін сойып қарағанда қарынның етті бөлігі мен сөл шығара-
тын жағы екіге бөлініп, қантапап тұрады. Тоқ ішектің ісініп, соқыр ішектің
тармақгалатын тұсының үлкейгені, ішектің ішкі қабығының қабынғаны, тік
ішектің кілегейлі бездері мен қабығына ұсақ дақ түрінде немесе жолақтанып
қан құйылғаны айқын көрінеді.
Тыныс мүшелері зақымданған жағдайда баиапандардың басы іседі, кө-
мейі, кеңсірігі қызарып, таңдайы сілекейленеді, кеңірдек пен өкпе қабынады.
Бүйрек пен соқыр ішектің қабынуы сирек кездеседі.
Бұрын ауруға қарсы егілген сақа құстардың өлексесін сойып қарағанда
көбінесе іш пердесі мен бауырының қабынғаны көрінеді. Басқа жүйелердің
мүшелерінде ісіну немесе қантапау байқалмайды.
Балау. Ауру өзіне тэн, кәдімгідей өткенде оны анықтау онша қиын емес.
Ауырған тауықтарды мұқият қарап, бірнеше өлексені сойып, тексеріп көрсе
болғаны.
Ал Ньюкасл ауруы туа біткен иммунитеті элсіз немесе кейіннен пайда
болған иммунитет бар тауықтарда жэне бұрыннан бұл ауру шығып жүрген
шаруашылқтарда кездессе, онда оны дэл анықтау біршама қиындықтар ту-
дырады. Енесінен ауысқан иммунитет элі таусылмаған бапапандарда ньюкасл
ауруын бапау өте күрделі.
Ауруды бапау негізінен зертханалық зерттеу арқылы ауру қоздыру-
шысын бөліп any, оның зардаптылығын және гемагглютинациялаушы қасие-
тін анықтау жэне құстың қанында өзіне тэн бейтараптаушы антиденелердің
барлығына көз жеткізу арқылы жүргізіледі.
Вирусты бөліп any үшін өлген құстың миы мен өңешінен, кеңірдегі мен
көк бауырынан кесіп алып, фосфатты буферлік ерітіндіге (1:10) езеді де,
5 мың ӘБ пенциллин жэне стрептомицин араластырып, физиологиялық
ерітіндіге (1:50) қосады да, эрбір сау құсқа 0,5 мл мөлшерінде бұлшық етке
немесе тері астына жібереді. Содан соң дайындалған езінді тұнбасынан пісек-
пен аз ғана аиып, 10-12 күндік тауық эмбрионының аллантоис қуысына
жібереді. Патматериалда вирус бар болса тэжірибедегі сақа тауықтар 3-10
күнде өледі, an тауық эмбрионында 48-96 сағат ішінде Ньюкасл ауруына тэн
өзгерістер байқапып, үрық өлуге тиіс. Осы өлген эмбрионның апантоис қуы-
сынан апынған сұйықта ауру қоздырушысын ГАР, БР, ГАТР реакцияларымен
анықтайды.