Оқулық. Алматы, 518 бет


-сурет. Обамен ауырган иттің аяқтарының салдануы



Pdf көрінісі
бет383/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

63-сурет. Обамен ауырган иттің аяқтарының салдануы.
Оба жітіден төмен өткенде өкпедегі, ішектегі, жүйкелік, терідегі, аралас 
түрде байқапады. Алғашында дененің қызуы көтеріліп, 1-2 күн, кейде 1-2 апта 
сақталады. Кейіннен қызуы қайтып, аздап қайталап тұрады. 1-1,5 айлық 
күшіктің қызуы аздап қана көтеріледі немесе мүлде болмайды. Дененің қы- 
зынуымен бірге жануар күйзеліп, дел-сал болып, дірілдеп, жасқаншақтанып, 
қаңсары құрғап, аппетиті жоғалады. 2-3 күн өткенде танаудан серозды-кіле- 
гейлі, кейіннен іріңді сора ағып, құрғағанда мүрыны бітеліп қалады. Ит жөте- 
ліп, түшкіріп, пысқырынып, аяғы мен тұмсығын үйкейді. Тынысы пысылдап, 
жиілейді. Обаның өкпедегі түрінде аускультация кезінде өкпесінде сырыл ес- 
тіледі, перкуссия кезінде дыбыс әлсіреп шығады. Тамыры лыпылдап, жиі со- 
ғады. Көзінен бастапқыда серозды, кілегейлі, кейіннен іріңді сора агады, кеп- 
кен кезде көз қабақтары бір-біріне жабысып қалады. Конъюнктивасы қыза- 
рып, домбығып, ит жарыққа қарай алмайды. Кейде кератит байқалады. Тыныс 
жолдарының катары және конъюнктивитпен қоса ішек-қарынньщ жіті ка- 
тарлы қабынуы жиі болады (обаның ішектегі түрі). Мұндай жағдайда иттің 
іші қатып, жиі-жиі қүсады, іші қан аралас өтеді. Ауырған иттен аса жағымсыз 
иіс шығады.
Аурудың терідегі түрі кезінде санының ішкі жағында, құлағының ішінде, 
қарын тұсында, ауызының айналасында иттің терісі қолдырап, бөртеді. Кейін-
467


нен қолдырауықтар жарылып, бөлінділері кепкен кезде қабыршақтар пайда 
болады.
Жүйкелік түрі кезіңде иттің күйзелісі қозынумен алмасып, денесі құрыс- 
танып, бүлшық еттері-дірілдейді. Жүргенде денесін дұрыс меңгере алмайды. 
Оқтын-оқтьш ссреңдси, соңынан дел сал болып қапады. Сирақтары, бет жүй- 
кесі, қуығы мен артқы тесігінің сфинктерлері салданады.
Оба созылмапы өткенде көбінесе жүйкелік түрінде байқаиады. Ауырған 
иттің бұлшық еттері құрыстанып, сапдану байқапады, көру, есту, иіс сезу қа- 
білетінен айырылады. Көздің қасаң қабығьшда бұдыршақтар пайда болып, 
қарашығы жабылып, көз апмасы солады. Қосаиқы инфекциямён асқынғанда 
аурудың клияикасы аса күрдёлі сшіат алады. Егер ауру асқынбаса 1-4 аптадан 
кейін иттің жазылуы мүмкін. Өлім көрсеткіші 50% шамасында, жүйке жүйесі 
зақымдапғанда 85%-ке жетеді, не одан да жоғары болады.
Үзікті түрі кезінде ит 1-2 күн мазасызданып жүреді де, жазылып кетеді.
Обаның клиникалық белгілерінің әр түрлі аңдарда біраз айырмашылық- 
тары болады. Түлкі мен қарсақта аурудың терідегі түрі байқапмайды, an жүй- 
келік түрі індеттің ақырғы кезеңінде басым болады. Қарсақта түлкіге қараған- 
да катарлы қүбылыстар элсіз білінеді. Күзенде терідегі түрі жиі байқалып, 
сирақтары, қабақтары, түмсығы, еріні домбығады. Домбыққан телімдер көп 
үзамай қолдырап, суланып, кейіннен қабыршақтанады. Процесс үзаққа со- 
зылғанда дерматит мойыны мен арқасына жайылады. Ауру негізінен созыл- 
малы өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   379   380   381   382   383   384   385   386   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет