жэне сасық күзен үшін тура бола бермейді. Патологоанатомиялық өзгерістер-
дің ішінде обаға тэн белгі қуығы мен басқа ішкі ағзалардың қанталауы.
Түпкілікті диагноз қою үшін иттің, түлкінің, қарсақтың, сасық күзеннің
күшіктеріне биосынама қояды. Жүқтыру үшін денесінің ыстығы алғаш көтер-
ілген кезде ауырған жануардың қаны немесе өлекседен алынған ішкі ағзалар-
дың езіндісі пайдапанылады.
Обаны лептоспироздан, жүқпапы гепатиттен, құтырықтан, Ауески ауру-
ынан, сальмоннеллезден, пастереллезден, В! авитаминозынан ажырату қажет.
Емі. Арнаулы қан сарысуы шығарылмайды. Аурудың бастапқы кезеңінде
қызылшаға қарсы қан сарысуының глобулинін пайдалануға болады. Қосаяқы
микробтарды тежеуүшін антибиотиктер мен сульфаниламидтер жақсы нэтиже
береді. Бұнымен қабат диетаны жақсарту қажет. Ауру жануарлардың жағда-
йына байланысты симптоматикалық (ыстық қайтаратын, қақырық түсіретін,
іш жүргізетін, тыныштандыратын, жүректің қызметін жақсартатын) дәрілер
беріледі. Витамин препараттары, кокарбаксилаза, ультракүлгін сәулесі, т.б.
қуаттандыратын емдік процедуралар өте пайдалы.
Иммунитет.
Ауырып жазылған итте берік иммунитет қалыптасады.
Иммунді қаншықтың күшіктері 2-3 айға дейін обамен ауырмайды. Өлі вакци-
налар қолданыс тапқан жоқ. Аттенуацияланған штаммдардан вакцина даярлау
үшін қолданылатындары: 668-КФ, ЭПМ, Вакчум, Канивак. Буаз қаншықтар-
ды егу жақсы нэтиже береді.
Достарыңызбен бөлісу: