Өтуі мен симптомдары. Жасырын кезеңі 5-7 күн. Симптомдары алуан
түрлі. Аурудың алғашқы белгілері: температура сызығы қос өркештенід
келген қызба, аппетиттің нашарлауы, шөлдің күшеюі. жэне құсу, конъюнк-
тивит, ринит, алқым мен тері асты шелінің ісінуі. Жүқпалы гепатиттің бірден
бір түрақты белгісі - сүріншек шеміршектің түсын басқанда ауырсынуы. Қан-
ның ұюы күшейіп, несепте қанттың мөлшері төмендейді. Ауырған аңдардың
көпшілігіңің бір немесе екі көзінің қасаң қабығына ақ түсіп, кейде өзінен-өзі
кетіп қалады. Өлім көрсеткіші 5-10%. Түлкіде аурудың бұл белгілеріне қо-
сымша орталық жүйке жүйесінің зақымдану симптомдары байқалады.
Ауру жас күшіктерде көбінесе жіті, ал ересектерінде негізінен созыііма-
лы өтеді. Кей жағдайда аса жіті өтіп, жануар кенеттен қүрыстанып, қалшыл-
дап барып, өліп кетеді.
Патологоанатомиялық өзгерістер. Бауыр аздап ұлғайып, түсі бозғылт
қоңырдан қызғылт реңге дейінгі аралықта болады. Көк бауыр екінің бірінде
қанға кернеліп, үлғаяды. Өт қабығының сырты, ал жас күшіктердің айырша
безінің аралық үлпасында серозды немесе геморрогиялық ісік болады. Көкі-
рек жэне қүрсақ қуысында қан аралас сұйықтық болады. Ішек пен бауырда
фибриннің шөгіндісі, ас қорыту жолдарының кілегейлі қабықтарында қанта-
лаулар болады.
Гистологиялық зерттеулер кезінде бауыр мен басқа ағзалардың торшала-
рында 0,5-0,75 мкм ядро ішіндегі денешіктер табылады. Рубарт денешік-тері
деп аталатын бұл қүрылымдар ядроның ортасында орңаласады, көкшіл-
қызғылт түске боялады. Ауру созылмалы өткенде Рубарт денешіктері сирек
үшырайды.
Балау. Індеттанулық, клиникалық, патологоанатомиялық деректермен
қатар зертханалық тексеру жүргізіледі. Гистологиялық зерттеу арқылы Ру-
барт денешіктеріне тексереді. Серологиялық эдістердең деффузды преципита-
ция, комплемент байланыстыру, иммунофлуоресценция, бейтараптау реак-
циялары қолданылады, сонымен қатар, торша өсіндісінде вирусты бөліп алып,
айқындайды.
,
Жүқпалы гепатиті обадан, лептоспироздан, қүтырықтан, сальмоңеллез-
ден, токсоплазмоздан, Ві авитаминозынан, парвовирустық энтериттен ажыра-
тады.
Емі. Негізінен симптоматикалық ем қолданылады. Көбінесе В витамин-
дері, аскорбин қышқылы, поливитаминдер, сиырдың бауырының езіндісі,
протеин гидролизаттары, глюкоза, гаммаглобулиндер, жүрекке эсер ететін
471
дәрілер қолданылады Қосалқы инфекцияларға қарсы антибиотиктер мен
сульфаниламидтер пайдапанылады.