Дауалау және күресу шаралары. Ауырып жазылған жануарларда өмір-
лік иммунитет қапыптасады. Енесінің иммунитеті уыз арқылы күшіктеріне
беріледі. Жасанды иммунитет қапыптастыру үшін кейбір шет елдерде тірі
және өлтірілген вакциналар қолданылады* эдетте жұқпалы гепатиттің вакци^
насы оба, құтырық, лептоспирозға қарсы поливакцинапардың қүрамында бо-
лады.
Ауру шыға қапған жағдайда шектеу қойылып, гиісті сауықтыру шарала-
ры жүргізіледі. Ауырған андарды бөліп алып, емдейді. Жаипы ветеринария-
лық-санитариялық шараларды толық атқарып, соңғы ауру немесе өлім жағ-
дайынан кейін 30 күн өткен соң шектеу алынады.
Атаулар мен ұғымдар
Ет қоректілердің жүқпалы гепатиті, инфекционный гепатит плотоядных,
Рубарт ауруы, Hepatitis infectiosa camivorum, Mastadenovirus canine. Рубарт
денешіктері.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер санапатын негізгі мэліметтер:
аурудың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік
ерекщеліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзге-
рістер, балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шарапары.
15.3. Иттің парвовирустық энтериті Иттің парвовирустық энтериті
(Parvovirus enteritis canine, парвовирус-
ный энтерит собак) - ішек-қарынның геморрогиялық қабынуымен жэне
миокардтың зақымдануымен сипаттапатын, жіті өтетін, жүғымтал ауру.
Тарихи деректер. Алғаш рет 1976 ж. Бельгияда белгілі болған, кейіннен
АҚШ-та Аппель (1978) анықтаған. Қазіргі уақытта иттің ең бір кең тараған
жұқпалы ауру болып есептеледі.
Қоздырушысы -
Canine parvovirus парвовирустар тұқымдастығының
парвовирустар туыстастығына жатады. Мысықтың панлейкемиясының жэне
күзеннің энтеритінің қоздырушыларына жақын. Жоғары температурада,
ортаның қышқылдығына, дезинфектанттарға, сыртқы ортаның эсерлеріне тө-
зімді. 60°С-қа қыздырғанда 1 сағатқа шыдайды.