Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет391/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

15.4. Күзеннің Алеут ауруы
Күзеннің Алеут ауруы 
(Morbus Aleutica lutreolarum
, Алеутская болезнь 
норок) - арықтап,.көтерем болып, еріні мен үртының кілегейлі қабықтары ой- 
ылып, қанауымен сипатталатын, иммундік кещендерден туындайтын, созыл- 
малы өтетін жүғымтал ауру.
Тарихи деректер. 
Ауруды алғаш рет 1946 ж АҚШ-та 1941 ж шыға- 
рылған күзеннің Алеут аралдарының атымен аталған мутант түқымдарының 
арасында байқап, 1956 ж толық сипаттап, жазған американ ғалымдары -
Хартзауг жэне Горем. Аңды торда үстап өсіретін елдерде кеңінен тараған, аң 
шаруашылықтарында бүл ауруға шалдығу көрсеткіші ондаған проценттен 
жүзге дейін жетеді.
Қоздырушысы 
-
Aleutian m ink disease parvovirus
парвовирустар тұқым- 
дасының парвовирустар туыстастығына жатады, күрамында РНҚ бар. Вирус 
ортаның қышқылдық көрсеткішіне, сыртқы әсерлеріне төзімді 80°С-қа 1 сағат 
қыздыруға шыдайды, формалиннің, эфирдің, басқа да бір қатар химиялық 
заттардың эсеріне төзімді.
Індеттік 
ереквделіктері. 
Ауруға күзен мен сасық күзен бейім. Ит, 
мысық, тышқан, түлкі, бүлғын, қарсақ, қоян ауруға шалдықпағанмен вирус- 
тың қорламасы болуы мүмкін. Күзен жасына, түқымына қарамай Алеут ауру- 
ына шалдығады. Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған күзен. 
Вирус барлық мүшелерде болып, сыртқы ортаға эртүрлі экскреттермен бөлі-
474


неді. Қоздырушысы ауыз іарқылы, ауамен, аңдар бірін-бірі тістегенде тері 
арқылы, күшіктеріне енесінің жатырында жұғады. Трансмиссивтік жолмен 
бүргелер аркьиіы да берілуі мүмкін. Аң шаруашылықтарында ауру • вирус ал- 
ып жүрген күзендермен экелінеді. Індет әдетте бір жерде үзақ уақыт түрақ- 
танады.
Дерттенуі. 
Денеге енген вирус негізінен лимфоидгы торшаларда шоғыр- 
ланады. Вирустың эсерінен В-лимфоциттер пролиферацияға ұшырап, штазма- 
тикалық торшалар шеттен тыс көбейеді. Нэтижесінде көп мөлшерде иммуно- 
глобулиндер түзіліп, пайда болған антиденелер вирустармен қосылады. Түзіл- 
ген антиген-антидене кешендері қалыпы жағдайдағыдай лимфоидты ағза- 
ларда тұтылмай, ұзақ уақыт қан айналымында болады. Бұл кешендер ком- 
плементті белсенді күйге келтіріп, қан тамырларын, бүйрек түтікшелерін, 
бауыр торшаларын зақымдайды. Сондықтан да ■
бұл ауру иммундік кешендер 
ауруларына жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   387   388   389   390   391   392   393   394   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет