Ауру қоздырушысының бастауы - ауьірған және вирус алып жүретін
жануарлар. Негізінен вирус сыртқы
ортаға нэжіспен бөлініп шығады, басты
жүғу жолы - алиментарлық.
Дерттенуі.
Ауыз
арқылы енген вирус жұгқыншақ, шажырқай сөл түйін-
дерінде іркіліп, көбейеді. Нэтижесінде өліеттенген ошақтар пайда болады. 2-3
тәуліктен кейін виремия басталып эртүрлі ағзаларда лимфоидты ұлпалар,
ішек эпителийі зақымданады. 6-10 күн аралығында ішек күшті зақымданады.
Диареяның эсерінен организм сусызданып, интоксикация басталады.
Өтуі
мен симптомдары.
Жасырын кезеңі әдетте 2-6 күн. Ауру үш түрде:
ішектегі, жүректі зақымдаған жэне аралас түрінде
байқалып, жіті жэне аса
жіті өтеді.
Парвовирустық энтерит аса жіті өткенде 6-10 апталық күшіктер элсіреп,
құлап, бірнеше сағаттың ішінде өліп кетеді. Әдетте диарея байқала қоймайды.
Жіті өтетін ішектегі түрі энтериттің симптомдарымен сипатталады. Бас-
тапқыда бей-жай күйге түсіп, біраздан кейін құса бастайды. 6-24
сағат өткен-
нен кейін диарея байқалады. Нәжісі бастапқыда сұрғылт түсті, кейіннен көк-
шіл-жасыл тартады,
қан ұйындысы кездеседі, өте сұйылып,
иісі өте жағымсыз
болады. Дененің ыстығы 39°С-қа, кейде 40-41°С-қа дейін көтеріледі. Құсу мен
іші өтудің нэтижесінде организм сусызданып, күйі күрт төмендеп, әлсірейді.
Аурудың жүректегі түрі 1-2 айлық, сирегірек 7 айға дейінгі күшіктерде
болады. Жүректің мүкістігі байқалып,
тамыр соғысы жиілеп, элсірейді, өкпе
домбығады. Жүйке қызметі бұзылып, ит кенеттен өліп кетеді.
Парвовирустық энтериттің ішектегі түрі кезінде өлім көрсеткіші күшік-
терде 50%-ға жетеді, ересек иттерде 5-10%, жүректегі түрінде 70-80% болады.
Достарыңызбен бөлісу: