Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет381/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары. 
Вирустық гепатитке қарсы гиперим- 
мунды жылқы 
қан сарсуын пайдаланады. Оның емдік қасиеті төмен болғаны- 
мен, 
аурудың алдын алу үшін жақсы нэтиже береді. Сонымен қатар,' вирустың 
3-М штамынан даярланған сүйық вакцина бар. Онымен бір күндік жэне одан 
ересек балапандарды егеді. 3 күннен кейін йммунитет қалыптасып, бүкш қа- 
уіпті 
мерзім бойы аурудан сақтайды.
Ауру шыққан жағдайда шаруашылыққа карантин қойылады. Одан инку- 
бациялық 
жұмыртқа, балапан жэне үйрек алуға тыйым салынады. Барлық 
құсты 
егіп, ауру тоқтағаннан кейін 30 күн өткен соң қорытынды дезинфекция 
жасап, 
карантин алынады.
Атаулар мен ұғымдар
Үйрек балапанының вирустық гепатиті, Вирусный гепатит утят, Hepatitis 
viralis anaticularum, Anativ enterovirus.
464


Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомшілық өзгерістер, 
балау, емі, иммунитет, дауалау жэне күресу шаралары.
465


15 mapay
Ит пен аңдардың аурулары
15.1. Ет қоректілердің обасы
Ет қоректілердің обасы 
(Pestis carnivorum,
чума плотоядных) - қызба, 
тыныс және ас қорыту жолдарының, көздің кілегейлі қабығының қабынуы- 
мен, терінің бөртуімен және орталық жүйке жүйесінің зақымдануымен сипат- 
талатын аса жүғымтал ауру.
Тарихи деректер. 
Оба адамзатқа итті қолға үйреткеннен бері белгілі. 
Аристотельдің еңбектерінде ол ангина ретінде сипатталған. Иттің обасының 
қоздырушысының вирус екендігін 1905 ж Карре дәлелдеді.
Қоздырушысы 
-
Canine distemper morbillivirus
парамиксовирустар 
түқымдастығының мобилливирустар туыстастығына жатады, құрамында РНҚ 
бар. Адамның қызылшасының және сиырдың обасының вирустарымен анти- 
гендік байланыстар бар.
Вирустың сыртқы ортадағы төзімділігі оншама емес. Танаудан аққан 
сора және нәжісте 7-11 күнде белсенділігін жояды. Соған қарамастан кепті- 
рілген немесе мұздатылған вирус бірнеше ай, ал лиофилденген күйінде ке- 
мінде бір жьіл сақталады. 60°С-та 30 минутта, 100°С-та бірден жойылады. 
Дезинфектантар жэне физикалық факторлар тез өлтіреді. 1% лизол, ультра- 
күлгін сэуле 30 мин., 2% күйдіргіш натрий -60 мин., күн сэулесі мен 0,1-0,5% 
формалин немесе фенол ерітінділері бірер сағатта өлтіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   377   378   379   380   381   382   383   384   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет