Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет400/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Тарихи деректер. 
Ауру Европа елдерінде ертеден белгілі болғанымен
оның қоздырушысы туралы тұжырым жасау қиындық тудырды. Қоздырушы 
ретінде аталған микробтар. 
Вас. alvei
(Чишайр жэне Чайн, 
1885), 
Streptococcus apis
(Бурри, 1906), 
Actinomyces apis
(Сербинов, 1910), 
Вас.
pluton
(Уайт, 1912), 
Вас. paraalvei
(Фостер жэне Бернсайд, 1933), 
Str. pluton
(Бейли, 1956, 1967). Сонымен қатар, ауруды вирус қоздырады деген де 
көзқарас бар. Европалық шіріме ара өсіру дамыған елдерде кең тараған, 
солтүстік жэне орталық аймақтарда оңтүстікке қарағанда жиі кездеседі.
Қоздырушысы 
-
Streptococcus pluton.
Басқа сипатталған микроорга- 
низмдер қосалқы рөл атқарады. 
Str. pluton
қандауыр (ланцет) пішінді коктарға 
ұқсайды, ұлпадан алынған жағындыда жеке дара, қосқостан, тізбектеліп 
орналасады. Микробтың қауашағы бар, грамоң боялады. Бейли жэне Черепов 
ортасында 33°С-та, pH 6,6, жақсы өседі. 24-48 сағат өткенде дөңгелек ақ 
меруерт тэрізді диаметрі 1-1,6 мм шоғыр түзеді.
Бөлме температурасында стрептококтар 17 ай, ал кәрез бен ұядағы балда 
жылдан артық сақталады. Күн сәулесінің эсерінен тез өледі, кептіргенде 21-31 
сағат, суда 5-6 сағат, балда 3-4 сағат өткенде өледі. 2% формалиң ерітіндісі 3 
сағат ішінде өлтіреді. Бос кәрезді формалин буы 3 сағат, 2% хинозол ері- 
тіндісі 10 минутта дезинфекциялайды.
Індеттік ерекшеліктері. 
Ауру қоздырушысы бал арасы мен жабайы ара 
үшін зардапты, адам мен жылы қанды жануарларға зияны жоқ. Инфекция 
қоздырушысының бастауы - ауруға шалдыққан ара үясы. Қоздырушының 
таралуына сумақы аралар, адасқан аралар, ара үйірінің үшып кетуі мен орын 
ауыстыруы себеп болады. Аурудың шығуына ара үясының суыққа үрынуы, 
бал жинағандағы ұзақ үзіліс, жақын туыстық үрықтандыру ықпал етеді. Ке- 
рісінше ауа райы қолайлы, бал жинау жағдайлы болса араның балапан құрт- 
тарының ауруға шалдығуы азайып, кәрезді ауру балапан қүрттардан тез таза- 
лап алатын күшті үялар сауығып кетеді. Ауру көктемнің соңғы немесе жаз- 
дың басында байқалып, ашық өсіні бар бүкіл маусымды қамтуы мүмкін.
Дерттенуі. 
Ауру қоздырушысы 3 күндік балапан қүртқа, оның азығына 
аралар бал мен гүл тозаңын қоса бастаған кезде енеді. 4-6-шы күндері қоз- 
дырушы ортаңғы ішектің эпителиіне өтіп, балапан қүрт шіри бастайды. Қоз- 
дырушымен қатар балапан қүрттың денесіне қосалқы микробтар енеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   396   397   398   399   400   401   402   403   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет