тиктерді беруді тоқтатады. Аталық жэне өсірілетін балықтарға құрсақ қуысына инъекция арқылы 1 кг массасына 20-30 мг левомицитинді 3 рет: көктемде қыстамадан кейін жэне санақ кезінде, күзде қыстама алдында береді. Дибиомицинді 25мг/кг дозада экмолинмен қосып, 1 рет уылдырық шашардан 3 апта бұрын береді. Дауалық мақсатпен ваннада тоғыту үшін левомицетинді ЗООмг/л, экспо- зициясы 24 сағат, синтомицинді 600-1 000 мг/л, экспозициясы 16 сағат, пайда- ланады. Дауалау және күресу шаралары. Аэромонозбен ауырып жазылған бапықтарда қалыпты иммунитет қалыптасады. Аурудың алдын алу үшін су қоймасын қоздырушы микробпен ластанудан сақтау керек. Ол үшін тасыла- тын өсіруге арналған балықтарға қатаң ветеринариялық-санитариялық бақы- лау жасау қажет. Әкелінген балықтарды жергілікті балықтармен араластыр- май, тоғанның жеке бөлігіне жібереді де, 30 күндей карантин жағдайында ұстайды. Аэромоноз шыққанда балық шаруашылығына карантин қояды. Өлген балықтарды жинап, жояды. Күзде балықтарды ұстап алған соң, тоғандағы су- ды ағызып жіберіп, түбін тазалап 2 рет хлорлы әкпен дезинфекциялайды. Са- уықтыру үшін тоғанның орнына шөп немесе көкөніс өсіреді. Нэтижесінде тоған орыны құрғатылып, зарарсыздандырылады. Осындай шаралардан кейін тоғанды сумен толтырып, қайтадан балық жібереді. 17.2. Көктемгі вирус ауруы Көктемгі вирус ауруы (Весенняя вирусная болезнь) - баиықтың дене қимылын меңгере алмай, көзі бадырайып, іші кеуіп, терісі зақымданумен сипатталатын жіті өтетін жұқпалы ауру. Қоздырушысы - РНҚ геномды вирус, пішіні оқ тәрізді, мөлшері 105-125х70-85нм. Эфир мен хлороформға сезімтал, қышқыл ортаға (pH 3) 494
төзімді. 40°С-та бір жылға жуық, 50% глицериннің фосфатты буферлі ерітін-
дісінде 6 ай сақталады. Суда 3 күнде өледі.