Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет99/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Зақымданған кілегейлі қабық пен тері арқылы өткен ауру 
қоздырушысы өзінің агрессиндері мен экзотоксиндері арқылы енген жеріндегі 
дененің қорғаныс күштерін бейтараптап, өсіп-өнеді де, сөл жүйесіне өтіп, сөл 
түйініне, одан соң қанға тарайды да фагоциттермен түтылады. Сөл арқылы 
бүкіл денеге жайылып, лимфалық макрофагтық жүйенің элементтерінде бекі- 
тіледі. Бациллалар эсіресе көкбауырда шоғырланып, онда елеулі патология- 
лық өзгерістер туғызады. Дерттену процесіне бацилланың қауашағын құрай- 
тын заттары, бөліп шығаратын экзотоксині мен протеаза ферменті күшті эсер 
етеді. Қауашақ топалаң қоздырушысының фагоцитозға ұшырауына госқауыл 
болады, ал микроб бөліп шығарған улы заттар оны бекіткен торшаларды ыды- 
ратады. Босанған бациллалар тағы да қан ағысына түсіп, септицемия мен ин- 
токсикацияның өрлеуіне экеп соқтырады. Гипоксия байқалып, қышқыл-сілті 
тепе-тендігі бұзылады, қан ұю қасиетін жоғалтады.
Егер әлсіреген жануар аса уытты микробпен қағынса бірден септицемия 
(өлі тию) байқалады да, мал бірер сағаттан кейін өліп қалады.
Топалаңның қоздырушысы денеге тері арқылы енсе, сол орын қанталап 
ісінеді де, карбункулға (күйдіргі) айналады. Карбункул бірден емес, кейіннен,
136


аУРУ қоздырушысының қан арқылы келуінен де болады. Бұл ошақта микроб 
өніп-өсіп, токсиндер бөледі де, организмді уландырады. Алдымен таяудағы 
сөл түйіні қанталап, ісініп, одан микроб қанға өтіп, ақыры септицемиядан мал 
өледі.
Өтуі мен симптомдары. 
Аурудың өтуі, жасырын кезеңнің ұзақтығы 
ауырған жануардың төзімділігіне жэне микробтың уыттылығына, мөлшеріне, 
денеге енген орнына байланысты болады. Әдетте жасырын кезеңінің ұзақ- 
тығы 1-3 күн.
'Аурудың негізгі екі түрі бар: 
өлі тиген
жэне 
күйдіргілі
(карбункулездік). 
Күйдіргі ретінде байқалған дерт процесінің орын тебуіне байланысты топа- 
лаңның тері, ішек, өкпе, ангина түрлері болады. Мүндай жіктеу шартты түрде, 
ауруды сипаттау үшін қолданылады. Іс жүзінде топалаңға шалдыққан жаңуар- 
дың бір ғана мүшесі не ұлпасының дерттенуі өте сирек құбылыс. Алғашқыда 
күйдіргі ретінде білінген ауру сепсиске айналып, не керісінше сепсистен’ке- 
йін дененің эр жеріне күйдіргі шығуы мүмкін. Бірнеше мүшеде орны шектел- 
ген зақымданудың қатар білінуі жиі байқалады.
Топалаң эдетте аса жіті жэне жіті, сирегірек жітіден төмен өтеді. Созыл- 
малы түрі шошқада кездеседі.
Аса жіті топалац
негізінен қой мен ешкіде, сирегірек жылқы мен 
сиырда байқалады. Ауырған мал кенеттен, аурудың клиникалық белгісі бай- 
қалып үлгірмей-ақ, өліп кетеді. Мүидай жағдайда қой ентігіп, дірілдеп-қал- 
шылдап, кейде орнында секіріп барып қүлайды да, бірер минуттың ішінде 
өледі. Мүрны мен аузынан қанды көбік ағып жатады. Жылқы мен сиыр еліріп, 
одан кейін тез басылады. Ентігіп, солығын баса алмай дем алады, тамыры жиі 
соғып, кілегейлі қабықтары көкшілденіп, дене қызуы 41-42°С жетеді. Бірнепіе 
минуттан кейін, кейде бірер сағат өткеннен соң ауырған малдың тапықсып, 
денесі қүрыстанып барып жаны шығады.
Аурудың жіті өрбуі
кезінде сиыр мен жылқыда дененің қызуы көтеріліп 
(41°G дейін), тыныс алуы мен тамырдың соғуы жиілеп, бұлшық еттері 
дірілдейді. Мал жемшөптен қалып, ірі қара күйіс қайтаруын тоқтатып, сауын 
сиырлардың сүті қайтады. Жылқының ішегі түйіліп, ірі қараның таз қарны 
кебеді. Кейде іш қатып, не керісінш е! қан аралас іш өтіп, несепте қан бай- 
қалады. Жануар тез әлсіреп, тынысы тарылып, кілегейлі қабықтары көгеріп, 
қанталай бастайды. Жүтқыншақ маңында, мойынында. эукесінде, қарын 
астында домбығу пайда болады. Аузы мен тілінін кілегейлі қабығында қанды 
жалқақ байқалады. Ауру белгілері білінгеннен соң 2-3 күн өткенде мал өледі. 
Жан тэсілім кезінде мүрны мен ауызынан қанды көбік шығады.
Жітіден төмен
өрбігенде (6-8 күнге дейін) жоғарыдағы сипатталған 
белгілері баяулау өрбиді де, оқтын-оқтын байқалмай да кетігі, мал жазылып 
кеткендей әсер туғызады. Бірақ, артынша оның жағдайы қайтадан нашарлагі, 
ақыры өліммен бітеді.
Созылмсты түрде
(шошқада) өткенде аурудың негізгі белгісі - жануар- 
дың арықтауы. Тек сойылғаннан соң, ұшаны қарағаңда, төменгі жақтың ас- 
тында қанды жалкақ, жақ асты жэне жүтқыншақ бездерінің қабынуы байқа- 
лады, топалаңға күдік туады. Бұл аурудың ангиналық түріне сәйкес келеді,
137


ұзақ өрбіген дерт дененің ыстығы аздап көтерілуі, аигина мен фарингит 
арқылы білінеді. Жануардың алқымы ісіп, жұтынуы қиындап, тынысы тары- 
лады, жөтел дайда болады.
Аурудың үзікті түрі
кезінде дененің ыстығы аздап көтеріледі де, эдетте 
мал жазылып кетеді. 
- -
Топалаңның аса жіті жэне жіті түрлері негізінен септицемия ретінде 
өтеді, ал жіті және сәл жіті түрлерінде көбінде күйдіргі байқалады. Бүл жағ- 
дайда дененің әр жерінде, әсіресе баста, кеудеде, іш аймағында домбыққан 
ісік пайда болады - басында тығыз, ыстық жэне ауырғыш болып, біраздан соң 
ауырмайтын салқын, былқылдақ күйге ауысады. - Ісіктің ортасы өліеттеніп, 
ойьша бастайды.
Топалаңның 
ішектегі түрі
септицемиямен қабаттасып (эсіресе жылқы- 
да), түйнеме больіп (тышқанщық тигең элпеттес), іш қату қанды іщ өтуге 
ұласады.
Өкпедегі түрі
ауырған малдың қауырт өрбитін қанды пневмониясы мен 
жіті өтетін өкпе домбығуы ретінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет