өздері ауырмаса да микробтың спораларын ұзақ уақыт бойы нәжісімен бірге
бөліп шығарады.
Топыраққа түскен топалаңның спорасының тағдыры топырақтың түріне
байланысты. Микробтың ұзақ сақталуына гумусы мол, рН-ы бейтарап топы-
рақ аса қолайлы. Мұндай жағдайда тиісті температура
мен ылғалдылықта
спора вегетативтік түрге ауысуы мүмкін. Спораның топырақта ұзак сақталуы
топалаңның тұрақтылығын қалыптастырады. Бұрынғы уақытта микробпен
ластанған аймақта су жэне жел эрозиясының, өзендердің тасуынан, жер қазу
жұмыстарыңьщ, ін қазатын жануарлардың тіршілігінің,
өсімдіктердің өнуіңің
ңәтижесінде микроб топырақ бетіне щығып, одан басқа жерге апарылуы
мүмкін, бұдан барып жануарларға ауру жүғу қаупі туады.
Топалаң негізінен алиментарлық жолмен жұғады. Қоздырушы микроб
жануар оргаңизміне ауру жайлаған жайылымда жем-шөп немесе су арқылы
түседі. Оның денеге бойлай енуіне ауыз бен жұтқыншақтың кілегей қабы-
ғының зақымдануы,
тістің тісеуі, гастрит, гастроэнтерит жағдай туғызады.
Организмнің төзімділігі жүдеген, ыстыққа ұрынған, авитаминозға шалдыққан
кезде күрт төмендейді. А)фудың аэрогендік жолмен жуғуын ескермесе бол-
майды. Әсіресе қой қоздырущы микроб бар шаңмен тыныс алғанда топалаңға
шалдығуы ықтимал.
Қан сорғыш жәндіктер (сона, маса, көк шыбын) көп болған жағдайда
трансмиссиялық жолмен де жұғуы мүмкін. Соналардың қоздырушы микробты
ауру малдан ғана емес өлекседен, ластанған су
мен топырақтан да алатын-
дығы дәлелденді.
Ңегізгі жүғу жолдары топалаңның маусымдық ерекшеліктеріне негіз
болады. Әдетте ауру жылдың жылы мезгілдерінде, малды шөбі сирек жэне
қуаң жайылымдарда жайғанда байқалады. Бірақ 'топалаң жайлаған жерде
дайындалған жем-шөп, ауырған малдан алынған ет-сүйек ұны арқылы ауру
қыс кезінде қорадағы малда да үшырасып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: