Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет95/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

М и к р о б т а р
ауа арқылы тез тарайтындықтан респиратор- 
лық аурулар жылдам жұғады. Бүл аурулардың өзін тағыда екі кіші топқа 
бөлуге болады. Біріншісі - тек қана ауа арқылы берілетін аурулар (парагрипп, 
шошқаның энзоотиялық пневмониясы жэне тұмауы). Екіншісі - басқа да 
жолдармен берілетін аурулар (қой мен ешкінің шешегі, ет қоректілердің оба- 
сы). Бірінші кіші топтағы ауруларға күзгі-қысқы маусымдық тэң болса, екіңші 
кіші топтың маусымдылығы оншама байқалмайды. Бірінші кіші топтағы 
ауруларға қарсы шаралар: тез диганозын анықтау, уақтылы оқшаулау, жайлы 
микроклимат, фармакопрофилактика жэне иммундеу. Екінші кіші топтағы 
аурулармен күресу үшін аталған шараларды жануарларға аурудың жемшөп 
жэне су арқылы жүғуын болдырмау жэне қора-жай, күту жабдықтарын зарар- 
сыздандыру эдістерімен толықтыру қажет.
Трансмиссивтік инфекциялар
қан сорғыш жәндіктер арқылы беріледі. 
Олардың қоздырушылары тұрақты немесе оқтын-оқтын қанда болады. Тасы- 
малдаушыларының таралу ареалына жэне олардың белсенді маусымдарына
129


сәйкес бұл аурулар белгілі бір территорияда энзоотия ретінде маусым^ь' 
түр-
де байқалады.
Трансмиссивтік аурулар облигатты және факультативті деп аталатыи а в
топқа бөлінеді. Облигатты, яғни міндетті, трансмиссивтік инфекпкл.т-г т з
қана қан сорғыш жәндіктердің тасымалдауымен тарайды. Бұларға 
сиоздар, энцефаломиелиттер жатады. Ондай аурларды дауалау үшін ен 
мен жануарларды инфекция қоздырушыларын тасымалдайтын 
шағуынан қорғау керек. Факультативті (жартылай) трансмиссивгк - - 
дың таралуы үшін тасымалдаушылар негізгі берілу тетігінің бірі бо.ть^ 
лады. Бұл аурулармен (туляремия, инан) күрес жолы инфекцияньш коз^н ррі 
шыларының басқа да берілу жолдарын ескере отырып қарастырылады.
Тері арцылы тасымалдаушысыз
берілетін инфекциялар таралу жолда- 
рының ерекшеліктеріне қарай үш кіші топқа бөлінеді:
- топырақ инфекциялары, қоздырушылары топырақта сақталады да жара- 
қаттанып, зақымданған кезде жұғады (сіреспе, зілді домбығу, сарып, шірік- 
бақай).
- тікелей жэне жанасу кезінде берілетін аурулар: шешек, кампило-бак- 
териоз, мандам.
- тек қана тікелей жанасу арқылы берілетін аурулар (қүтырық). Бірінші 
кіші топтағы ауруларды дауалау үшін жарақатты болдырмау, ал қалған екі 
кіші топтардағы аурулар үшін - аурудың диагнозын тез қойып, шалдыққан 
жануарларды оқшаулау болып табылады.
Инфекция қоздырушысының берілу тетігі бойынша жіктелуін індеттану- 
лық жіктелу деп те атайды. Оның жұқпалы ауруларды танып білуде, олармен 
күрес жүргізуде маңызы зор. Бірақ, оның да кемшіліктері жоқ емес. Кейбір 
аурулар жоғарыда қарастырылған топтардың ешқайсысымен де үйлеспейді. 
Ауру қоздырушысының жануар организмінде екі-үш немесе одан да көп 
жерде орын тебуі жэне соған сәйкес соншама берілу тетіктері болуы мүмкін. 
Мысалы, топалаңның өлі тиген (сепсистік), терідегі, ішектегі, өкпедегі клини- 
калық түрлері кездеседі. Бұл ауруды топырақ инфекциясына да, алиментар- 
лық инфекцияға да жатқызуға болады жэне топалаңның қоздырушысының 
трансмиссивтік жолмен берілетіндігі де айқындалып отыр. Кейбір зерттеуші- 
лер мұндай ауруларды жеке бір топқа бөлуді ұсынады. Бірақ, зерделеп қара- 
ғанда эрбір аурудың шешуші рөл атқаратын негізгі бір берілу тетігі бар.
Жоғарыда келтірілген көлбеу берілу тетігімен қатар инфекция қоздыру- 
шысының тікелей берілу жолдары жүқпалы аурулардың классификациясы 
мен күрес жолдарында ескеріле бастады. Мысалы, тауықтың пулларозымен 
күресу ушін оның тік жолмен жұмыртқа арқылы балапанға жүғатындығы 
ескеріледі.
Жұқпалы ауруларды індеттанулық жіктеуді жетілдіру жолындағы тео- 
риялық ізденістер элі де жалғасуда. Инфекция коздырушыларының берілу 
тетігін неғүрлым толық білсек, олармен күрес жолдары да нақтылана түседі. 
Бүл саладағы біздің біліміміз толыққан сайын классификациясы айқындал- 
маған аурулар саны да азайып келеді.


Атаулар мен ұғымдар
Індеттанудың негізгі заңы, індеттанудың жекеше заңдары, індеттанудың 
ұғымдары, індеттанудың ғылыми категориялары, бактериоз, вироз, хламид- 
иоз, микоплазмоз, микоз, антропоноз, зооноз, зооантропоноз, антропозооноз, 
ктеноз, терионоз, зоонотикалық потенциал, сапроноз, алиментарлық инфек- 
ция, респираторлық инфекция, трансмиссивтік инфекция, топырақ инфекция- 
сы.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Індеттанудың негізгі заңы жэне оның маңызы қандай?
2. Індеттанудың жеке заңдары жэне олардың жұқпалы аурулардың 
табиғатын айқындауда маңызы қандай?
3. Жұқпалы аурулар мен олардың қоздырушыларының атауларында қан- 
дай байланыс бар?
4. Қандай жұқпалы аурудың атауы аурудың клиникалык көрінісіне 
негізделген?
5. Географиялық атаулармен, адам есімдерімен аталатын қандай аурулар
бар?
6. Микробиологиялық жіктелуі бойынша жұқпалы аурулар қандай топ- 
тарға бөлінеді?
7. Клиникалық-анатомиялық жіктелуі бойынша жұқпалы аурулар қандай 
топтарға бөлінеді?
8. Жануарлардың түрлеріне негізделген жіктелуі бойынша жұқпалы 
аурулар қандай топтарға бөлінеді?
9. Инфекция қоздырушысының бастауына байланысты жұқпалы аурулар 
қандай топтарға бөлінеді?
10. Инфекция қоздырушысының берілу тетіктеріне байланьісты жұқ- 
палы аурулар қандай топтарға бөлінеді?
■131


-2- бөлім


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет