Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет91/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

8.1.2. 
Індеттанудың заңдары. 
Жұқпалы аурулардың табиғатын айқын- 
дайтын індеттанудың жалпы зандылығы келесі жеке заңдар арқылы көрініс 
береді.
Бірінші заң инфекция цоздырушысының бастауы туралы:
жануарлар 
үшін инфекция қоздырушысының бастауы жұқпалы ауруға шалдыққан ауру 
белгісі бар немесе микроб алып жүруші үй немесе жабайы жануардың, ал 
сирек жағдайда адамның организмі болады.
Бұл заңда жануар үшің инфекция қоздырушысы бастауының алуан түрлі 
болатындьііъі көрініс тапқан. Ондай рольді үй жэне жабайы жануарлар, ал 
кейбір жағдайда адам атқарады. Сонымен қатар инфекция қоздырушысының 
аурудаи да (айқын немесе жасырын, оның ішінде сауыққан) жэне микроб 
тасымалдаушыдан да берілетіндігі көрсетілген. Індетке қарсы шараларды 
жүргізгенде бүл жағдайларга ерекше көңіл бөлген жөн. Өйткені оңай 
анықталатын аурудың айқын түрінен гөрі жасырын түрін жэне микроб алып 
жүрушілерді тауып алу қиынға соғады.
Екінші заң ауру цоздырушысыныц ирын тебуінің, шыгу жолдарыньщ
және бейім жануарга берілу тетігінің сәйкестігі туралы:
инфекция қозды- 
рушысының жануар организмінде орын тебуі, сыртқы ортаға шығатын негізгі 
жолдары, оның бір жануардан екінші бір жануарға (не адамға) берілу тетігі 
эволюция нәтижесінде қалыптасқан жэне бір біріне сәйкес келеді.
Бұл өзара тығыз байланысқан бірінен бірі туындайтын құбылыстар 
инфекция қоздырущысының түр ретінде табиғатта сақталуын, сонымен қатар 
кез келген жұқпалы ауру кезінде үздіксіз індеттенуін қамтамасыз етеді. 
Кейбір жұқпалы ауру кезінде қоздырушының негізгі берілу жолымен қатар 
қосалқы берілу жолдары болатындығы белгілі. Бірақ, қосалқы берілу жол- 
дары ол зардапты микробтың түр ретінде сақталуын қамтамасыз ете алмайды. 
Мысалы, топалаңның қоздырушысы ауру малдың денесінде негізінен қанда 
болады. Сондықтан да ол негізінен трансмиссивтік жолмен берілуге тиіс деп 
болжауға болар еді. Бірақ, бүл микроб бейім жануардың денесіне негізінен ас 
қорыту жолдарымен, кей жағдайда ғана жарақаттанған кезде немесе микроб 
тасымалдаушы жэндіктер шаққан кезде, тері арқылы жұғады. Соңғы берілу 
жолының аурудың таралуына қатысы болса да, топалаңның қоздырушысы- 
ның табиғатта сақталуына оншама ықпал етпейді. Бұл микробтың табиғатта 
сақталуы үшін оның эвалюциялық жолмен қалыптасқан спора түрінде ұзақ 
тіршілік ету және ас қорыту мүшелері арқылы денеге ену қабілеті шешуші 
роль атқарады. Ал трансмиссивтік ауруларға келетін болсақ, олардың қозды- 
рушылары сыртқы ортаға төзімсіз де, қан соратын буынаяқтылар арқылы 
берілуі - микробтың бірден-бір табиғатта сақталуының жолы болып табыла- 
ды.
Бұл заңды талдаған кезде ауру қоздырушысының орын тебуі мен берілу 
жолдарының арасындағы байланысты үстірт қарастыруға болмайды. Мысалы, 
листериоздың қоздырушысы негізінен мида болады. Микробтың осындай 
орын тебуі мен оның негізінен алиментарлық жолмен берілуінің арасындағы
123


байланысты жеңіл-желпі түсіндіруге болмайды., Өйткені эрбір ;аурудын қоз- 
дырушысының орын тебуі, шығу жолдары және басқа жануарға берілу тетігі 
ұзақ эволюция нэтижесінде қалыптасқан ө зар а. тэуелділікпен бірінен бірі 
туындайды.
Үшінші заң індеттің цозгауіиы күштері туралы:
індет процесі тек қана 
инфекция қоздырушысының бастауы, оның берілу тетігі жэне осы қоздыру- 
шыға бейім жануарлар өзара эсер еткенде ғана пайда болып, дамиды, бұл үш 
фактор іңдеттенудің тікелей қозғаушы күщгері болып табылады.
Аталған үш құрама бөлігі де іңдет процесінің пайда болуы жэне дамуы 
үшін міндетті болып табылады. Оның біреуі ғана қатардан шығып қалса, 
іңдеттену тоқтайды. Індетке қарсы шаралар осы қағидаға негізделген. Іс 
жүзінде індет процесінің бір буынын толықтай жою мүмкін болмағандықтан 
іңдетке қарсы шаралар індеттенудің барлық буындарына қарсы бағытталады.
Төртінші заң індеттенудіц цосалцы қозгаушы күштері, туральі:
табиғи 
жэне экономикалық (шаруашылық) факторлар індет процесінің тікелей қоз- 
ғаушы күштеріне (инфекция қдздырушысыньщ бастауына, берілу тетігіне 
жэне бейім жануарларға) эсер ету арқылы індеттенуді сандық жэне сапалық 
өзгерістерге үшыратады, сондықтан індет гіроцесінің қосалқы қозғаушы 
күштері болып табылады.
Аталған факторлардың қосалқы қозғаушы күштер ретінде қарастыры-г 
латын себебі, олар індет процесінің тікелей қозғаушы күштеріне эсер ету ар- 
қылы оның қарқынын өзгертеді. Жоғарыда айтылғандай негізгі тікелей қоз- 
ғаушы күштерінсіз індет процесінің жалпы өзі де болмайды.
Егер уақыт өткен сайын қоғамның экономикалық-шаруашылық іс-эрекеті 
өзгеріп, соған байланысты малдың бағып-күтуі, жабайы жануарлардың тірші-; 
лік жағдайы өзгеріске ұшыраса, індет процесінің тікелей қозғаушы күштері не 
күшейіп, не әлсірейді де, соның салдарынан кез келген жүқпалы аурудың 
індеттенуі өзгеріске үшырауы мүмкін.
Егер тарихқа көз жіберсек шаруашылык жағдайының өзгеруі жүқпальі 
аурулардың індеттенуіне тікелей эсер ететінін көруге болады. Үжымдастыру 
кезінде жүқпалы аурулар мал шаруашылығына орасан зор шығындар келтір-- 
се, мүндай жағдай тың игеру кезінде де, мал шаруашылығын өндірістік 
негізге көшіру науқанында да, ірі шаруашылықтар жекешелендірілген кезде 
де анық байқалды.
Бесінші заң індет процесінің сатылары туралы:
індет процесі белгілі бір 
ретпен өтетін індетаралық, індеталды, өршу, шегіне жету, өшу, індет соңы 
сатыларынан түрады.
Бұл заң жүқпалы аурудың байқалуынан бастап жануарлар .арасында 
таралып, басылғанға дейінгі індет процесінің динамикасын сипаттайды жэне 
аурудың келесі байқалғанына дейін .қоздырушы микробтын табиғатта. сақта- 
луы жэне бұл кезеңде бейім жануарлардың иммундік статусына байланысты 
жағдайларды сипаттайды.
Алтыншы зац аурулардыц табиги ошацтылыгы туралы:
жүқпалы ауру- 
лардың табиғи ошағы инфекция қоздырушысының белгілі бір территорияда 
түрақты тірш ілік ететін жабайы жануарлардың арасында айналымда болуы
124


салдарынан сол жерде адам мен үй жануарларының қатысуынсыз пайда 
болып, сақталады да, ауру бейім үй жануарларына (немесе адаміа), олар сол 
территорияда болғанда табиғи ошақтың белсенді кезінде жұғады.
Табиғи ошақтың белсенділігі трансмиссиялық аурулар үшін олардың 
қоздырушыларын тасымалдайтын қан сорғыш буын аяқтылардың биология- 
лық белсенді кезеңіне сэйкес келеді. Сонымен бірге табиғи ошақтың белсенді- 
лігі сондағы ауру қоздырушысының резервуары болып есептелетін жабайы 
жануарлардың да белсенділіі іне байланысты болады.
Соңгы жетінші заң індетке қарсы шараларды жүргізу цагидалары
туралы:
індетке қарсы шаралар індет бұғауының барлық буындарына: инфек- 
ция қоздырушысының бастауын жоюға (оқшаулау, зарарсыздандыру), қозды- 
рушының берілу тетігін ажыратуға жэне жануарлардың жүқпалы ауруға тө- 
зімділігін қалыптастыруға бағытталуы керек, эрдайым аурудың ерекшелік- 
тері мен қалыптасқан жағдайға байланысты негізгі шара белгіленеді (басты 
буынды айқындау).
Жұқпалы ауру байқалған сэтте оған қарсы шұғыл шаралар жүргізіледі. 
Бұл шаралар індет процесінің барлық буындарына бағытталғанымен эр 
ауруда жақсы нәтиже беретін сенімді шаралар болады. Бір ауру кезінде ондай 
шара - караңтин тәртібін сақтау болса, екінші бір ауру кезінде - дезинфекция, 
ал үшінші жағдайда - вакциналау болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет