Кең тараған классификацияның бірі
жануарлардың түрлеріне
негіздел-
ген
зоологиялъщ жіктелуі.
Бұл қағида бойынша жұқпалы аурулар бірнепи
түлікке ортақ, жылқы, сиыр, қой-ешкі, шошқа, төлдің, құс, балық, бап арась'
ит, үй қояны, терісі бағалы аңдардың аурулары деп бөлінеді. Бұл классі
ция оқу жүйесінде жэне статистикада есепке алу үшін қолайлы.
Инфекция цоздырушысының бастауына байланысты
жұқпалы aypw^p
зооноздар жэне антропоноздарға бөлінеді. Зооноздардың қоздырушыла|
бастауы - жануарлар болып табылады. Бүл аурулар ктеноздар, терионо: “^г
және ктенотерионоздар тобына жіктеледі. Ктеноздардың (грекше
kteis
- үй
хайуаны) қоздырушыларының бастауы тек қана үй жануарлары. Оларға маң-
қа, сақау, пуллароз, колибактериоз, т.б. жатады. Терионоздардың
(therion -
аң) қоздырушыларының бастауы тек қаяа жабайы жануарлар.
Бұл ауруларға
түйе обасы, туляремия, содоку, мелиоидоз жатады. Ктенотерионоздардың
бастауы үй хайуанаттарымен қатар жабайы жануарлар да бола алады. Оларға
лептоспироз, листериоз, шошқа обасы, аусыл, т.б. жатады.
Антропоноздардың
қоздырушыларының бастауы адам болып есептеледі.
Адамнан жануарларға губеркулез, те ш е к қатарлы аурулар жұғады. Адам мен
жануарларға ортақ аурулар саны біршама. Олардың қоздырушыларының бас-
тауы адам мен жануарлар бұл аурулар зооантопоноздар (негізгі бастауы -
жануарлар) немесе антропозооноздар (негізгі бастауы - адам) деп аталады.
Жануарларға тэн жұқпалы ауруларды зооноздар, адамның жүқпалы аурула-
рын антропоноздар, ал адам мен жануарларға ортақ ауруларды зооантропо-
ноздар немесе антропоноздар деп атау да қолданылады.
Жануарлардың жұқпалы ауруларының адам үшін қауіптілігіне ерекше
мэн беріледі. Бұл аурулардың адамға жүғу мүмкіндігін
аурудың зоонотика-
лық потенциалы деп атайды.
Сапроноздар.
Қалыптасқан ғылыми қағидалар түрғысынан инфекция қоз-
дырушысының бастауы тек қана тірі организмдер деп қарастырылғанымен
сыртқы орта нысандарының да ауру қоздырушыларының өсіп-өніп, сақта-
луындағы маңызын ескермеуге болмайды. Тек қана токсикоинфекциялардың
қоздырушылары ғана емес, бірқатар басқа да зардапты микробтар сыртқы
ортада өсіп-өне алады. Мүндай микробтар қоздыратын аурулар сапроноздар
деп аталады. Оларға дерматомикоздар, листериоз, лептоспироз, сальмонеллез,
клостридиоздар қатарлы аурулар жатады.
Инфекция цоздырушысының берілу тетіктеріне
байланысты жүқпалы
аурулар төрт топқа бөлінеді.
Олар - алиментарлық, респираторлық, трансмис-
сивтік жэне тері арқылы тасымалдаушысыз берілетін жұқпалы аурулар. Бұлар
жануарлар организмінің төрт анатомиялық жэне физиологиялық жүйесіне: ас
қорыту, тыныс алу, қан айналу мен тері жүйесіне сэйкес келеді. Ауру қоз-
дырушы микробтар осы жүйелер арқылы беріледі. Микробтың тағы бір бер-
ілу жолы ана құрсағында туғанға дейінгі. Бірақ, бұл жолмен аурудың жұғуы
оншама манызды рөл атқармайды.
Алиментарлыц инфекциялар
ас қорыту жолдары арқылы беріледі. Ауру
қоздырушылары ішекқарында боладыіда, сыртқы ортаға нэжіспен бірге бөлі-
ніп, денеге ауыз арқылы жемшөп жэне сумен енеді. Бұл топқа колибактериоз,
128
сальмонеллез, пуллороз, дизентерия, трансмиссиялық гастроэнтерит, парату-
беркулез, энтеротоксемия сияқты іш ауруларымен қатар топалаң, қарасан,
бруцеллез, шощқаның тілмесі мен обасы, туберкулез, т.б. жатады, сөйтіп саны
жағынан жұқпалы аурулардың ең үлкен тобы. Олардың қоздырушыларының
берілу тетігі өте күрделі. Берілу факторларына ауру қоздырушы микробпен
ластанған жемшөп, төсеніш, су, т.б. сыртқы ортадағы заттар жатады. Әдетте
микроб ауру малдан сау малға тікелей берілмейді. Қоздырушының сыртқы
ортаға бөлініп шығуы мен келесі жануарға жұғуының аралығында уақыт
жағынан, тіпті кеңістік жағынан да үзіліс байқалады. Бұл ауру қоздырушы-
ларының эволюциялық табиғи жолмен сыртқы ортада ерекше төзімділігі
қалыптасқан. Олар спора түзеді немесе аса мықты
сыртқы қабыршағы бола-
ды. Бұл аурулардың қоздырушыларының көбі бактерияларға жатады. И.А.
Бакуловтың деректері бойыніпа бүл топқа жататын 42 аурудың 24-ін бакте-
риялар, 15-ін вирустар, біреуін - микоплазма, біреуін - хламидия, біреуін -
саңырауқұлақ қоздырады.
Алиментарлық жұқпалы аурулар кезіндегі індетке қарсы шаралар: ауыр-
ған жануарды оқшаулап, жеке бағып-қүту жэңе ветериңариялық-санитария-
лық шаралар (дезинфекция, т.б.).
Респираторлъщ инфекциялар
тыныс алу жолдары арқылы беріледі. Олар-
ға 2 бактериоз, 12 вироз, 3 микоплазмоз, 1 хламидиоз жэне 4 микоз жатады,
яғни басым көпшілігі вирустық инфекциялар. Бүл
аурулардың таралуына
жануарлардың тығыз орналасуы, вентиляцияның нашар жүмыс істеуі, ауаның
жоғары ылғалдылығы мен суықтығы жағдай жасайды.
Респираторлық инфекциялар тыныс жолдары арқылы ауамен берілетін-
діктен қоздырушы микробтар денеге тыныс жолдарының кілегейлі қабығы
жэне өкпе арқылы енеді. Микробтар тамшы тозаң жэне шаң тозаң арқылы
беріледі. Біріншісі ауаның ылғалдылығы жоғары болғаңда жэне мал қорада
тығыз орналасқанда байқалса, екіншісі ауа құрғақ болғанда микроб төсеніш-
пен немесе топырақтан шаңмен бірге көтеріледі. Тамшы тозаңмен зардапты
микробтардың таралуы ауру малдың түшкіріп-пысқыруының, жөтелуінің
нэтижесінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: