Оқулық. Алматы, 518 бет


"8.2.1. Жүқпалы аурулардың атауы



Pdf көрінісі
бет94/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап
2023, Баяхметова Аружан 5 апта, Презентация Microsoft PowerPoint, Баяхметова Аружан 14 апта, 3-і курс вет мед
"8.2.1. Жүқпалы аурулардың атауы. 
Жүқпалы аурулардың осы заманғы 
атаулары ешбір жүйесіз кездейсоқтық нәтижёсінде қалыптасқан. Ғылыми 
негізге ең жақын ещбір дау тудырмайтын ауру аттары қоздырушыларының 
туыстық атауына -оз, -ез жалғауларын жалғау арқылы жасалады. Мысалы: 
бруцеллез, листериоз, "лептоспироз, пастереллез, кампилобакгериоз. Кейбір 
жағдайда аталған жалғау ауру қоздырушысының туыстық атауына емес, 
түрлік атауына жалғанады. Мысалы, туберкулез, колибактериоз. Бірқатар 
аурулардың атауы олардың клиникалык белгілеріне негізделген, олар -
дизентерия, атрофиялық ринит, ларинготрахеит.' Клиникалық ерекшеліктері 
аурудың қазақша атауларына да негіз болған. Мысалы, аусыл, сіреспе, гопа- 
лаң, тілме, кұтырық, маңқа, сақау, мандам, делбе. Аурулардың аты география- 
лық - атаулармен де (Африка обасы, Найроби ауруы, Алеут ауруы, Тешен 
ауруы) кісі аттарымен де (Ауески ауруы, Марек ауруы) байланысты қойыла- 
ды. Ал кейбір жағдайда жергілікті бір атаулар барльіқ халықтар үщін ортақ 
болып кетеді. Мысалы брадзот датчан тіліяде кенеттен өлу (қазақ тіліндегі 
топалаң сөзінің мағынасындай) деген ұғым береді. Инвазиялық ауруларға 
жататын су-ауру қазақ сөзі болса, қазір халықаралық ортақ атау болып 
табылады.
8.2.2. 
Жұқпалы аурулардың жіктелуі. 
Жұқпалы ауруларды бір жүйеге 
келгіріп, жіктеудің теориялық жэне практикалық маңызы зор. Жіктеу, яғни 
классификация (грекше 
klassis
- дэреже, 
facio
- бөлемін), ауруларды зерттеп 
білу, оқып тану жэне есепке алу үшін қажетті алғышарттардың бірі. Өкінішке 
орай мүдцелі мамандардың барлығын бірдей қанағаттандыратын классифика- 
ция элі жасалған жоқ. Жұқпалы ауруларды жіктеудің бірнеше түрлері белгілі, 
олардың эрқайсысының тиімді жақтарымен қатар кемшіліктері де бар.
Жұқпалы аурулардың 
микробиологиялъщ жіктелуі
оларды қоздырушы 
микробтардың токсономиялық орнына негізделген. Бұл жіктеу бойынша жұқ- 
палы аурулар келесі топтарға бөлінеді.
- бактериоздар немесе бактериялық инфекциялар;
- вироздар (вирустық инфекциялар);
- хламидиоздар (хламидиялық инфекциялар);
- риккетсиоздар (риккетсиялық инфекциялар);
- микоплазмоздар (микоплазмалық инфекциялар);
- микоздар (микоздық инфекциялар).
Бұл жіктеу аурулардың қоздырушыларының табиғатын ескергенмен, 
аурулардың клиникалық және індеттік ерекшеліктерін қамтымайды, соңдық- 
тан да оның практикалық маңызы оншалықты емес.
Аурулардың 
клиникалъщ-анатомиялъщ жіктелуі
бойынша патологиялық 
процестердің орналасуына байланысты жұқпалы аурулар ішек, өкпе, тері, 
орталық жүйе жүйесінің, сепсистік, т.б. инфекцияларға бөлінеді. Осындай не- 
гізде клиникалық-анатомиялық ерекшеліктері бойынша дененің қай жүйесін 
зақымдайтындығына жэне жіті немесе созылмалы өтуіне байланысты жіті 
ішек инфекциялары, созылмалы өкпе инфекциялары, жіті экземалық, денені 
жайлаған, т.т. инфекция түрлері айқындалды.
127


Кең тараған классификацияның бірі 
жануарлардың түрлеріне
негіздел- 
ген 
зоологиялъщ жіктелуі.
Бұл қағида бойынша жұқпалы аурулар бірнепи 
түлікке ортақ, жылқы, сиыр, қой-ешкі, шошқа, төлдің, құс, балық, бап арась' 
ит, үй қояны, терісі бағалы аңдардың аурулары деп бөлінеді. Бұл классі 
ция оқу жүйесінде жэне статистикада есепке алу үшін қолайлы.
Инфекция цоздырушысының бастауына байланысты
жұқпалы aypw^p 
зооноздар жэне антропоноздарға бөлінеді. Зооноздардың қоздырушыла| 
бастауы - жануарлар болып табылады. Бүл аурулар ктеноздар, терионо: “^г 
және ктенотерионоздар тобына жіктеледі. Ктеноздардың (грекше 
kteis
- үй 
хайуаны) қоздырушыларының бастауы тек қана үй жануарлары. Оларға маң- 
қа, сақау, пуллароз, колибактериоз, т.б. жатады. Терионоздардың 
(therion -
аң) қоздырушыларының бастауы тек қаяа жабайы жануарлар. Бұл ауруларға 
түйе обасы, туляремия, содоку, мелиоидоз жатады. Ктенотерионоздардың 
бастауы үй хайуанаттарымен қатар жабайы жануарлар да бола алады. Оларға 
лептоспироз, листериоз, шошқа обасы, аусыл, т.б. жатады.
Антропоноздардың
қоздырушыларының бастауы адам болып есептеледі. 
Адамнан жануарларға губеркулез, те ш е к қатарлы аурулар жұғады. Адам мен 
жануарларға ортақ аурулар саны біршама. Олардың қоздырушыларының бас- 
тауы адам мен жануарлар бұл аурулар зооантопоноздар (негізгі бастауы -
жануарлар) немесе антропозооноздар (негізгі бастауы - адам) деп аталады. 
Жануарларға тэн жұқпалы ауруларды зооноздар, адамның жүқпалы аурула- 
рын антропоноздар, ал адам мен жануарларға ортақ ауруларды зооантропо- 
ноздар немесе антропоноздар деп атау да қолданылады.
Жануарлардың жұқпалы ауруларының адам үшін қауіптілігіне ерекше 
мэн беріледі. Бұл аурулардың адамға жүғу мүмкіндігін аурудың зоонотика- 
лық потенциалы деп атайды.
Сапроноздар.
Қалыптасқан ғылыми қағидалар түрғысынан инфекция қоз- 
дырушысының бастауы тек қана тірі организмдер деп қарастырылғанымен 
сыртқы орта нысандарының да ауру қоздырушыларының өсіп-өніп, сақта- 
луындағы маңызын ескермеуге болмайды. Тек қана токсикоинфекциялардың 
қоздырушылары ғана емес, бірқатар басқа да зардапты микробтар сыртқы 
ортада өсіп-өне алады. Мүндай микробтар қоздыратын аурулар сапроноздар 
деп аталады. Оларға дерматомикоздар, листериоз, лептоспироз, сальмонеллез, 
клостридиоздар қатарлы аурулар жатады.
Инфекция цоздырушысының берілу тетіктеріне
байланысты жүқпалы 
аурулар төрт топқа бөлінеді. Олар - алиментарлық, респираторлық, трансмис- 
сивтік жэне тері арқылы тасымалдаушысыз берілетін жұқпалы аурулар. Бұлар 
жануарлар организмінің төрт анатомиялық жэне физиологиялық жүйесіне: ас 
қорыту, тыныс алу, қан айналу мен тері жүйесіне сэйкес келеді. Ауру қоз- 
дырушы микробтар осы жүйелер арқылы беріледі. Микробтың тағы бір бер- 
ілу жолы ана құрсағында туғанға дейінгі. Бірақ, бұл жолмен аурудың жұғуы 
оншама манызды рөл атқармайды.
Алиментарлыц инфекциялар
ас қорыту жолдары арқылы беріледі. Ауру 
қоздырушылары ішекқарында боладыіда, сыртқы ортаға нэжіспен бірге бөлі- 
ніп, денеге ауыз арқылы жемшөп жэне сумен енеді. Бұл топқа колибактериоз,
128


сальмонеллез, пуллороз, дизентерия, трансмиссиялық гастроэнтерит, парату- 
беркулез, энтеротоксемия сияқты іш ауруларымен қатар топалаң, қарасан, 
бруцеллез, шощқаның тілмесі мен обасы, туберкулез, т.б. жатады, сөйтіп саны 
жағынан жұқпалы аурулардың ең үлкен тобы. Олардың қоздырушыларының 
берілу тетігі өте күрделі. Берілу факторларына ауру қоздырушы микробпен 
ластанған жемшөп, төсеніш, су, т.б. сыртқы ортадағы заттар жатады. Әдетте 
микроб ауру малдан сау малға тікелей берілмейді. Қоздырушының сыртқы 
ортаға бөлініп шығуы мен келесі жануарға жұғуының аралығында уақыт 
жағынан, тіпті кеңістік жағынан да үзіліс байқалады. Бұл ауру қоздырушы- 
ларының эволюциялық табиғи жолмен сыртқы ортада ерекше төзімділігі 
қалыптасқан. Олар спора түзеді немесе аса мықты сыртқы қабыршағы бола- 
ды. Бұл аурулардың қоздырушыларының көбі бактерияларға жатады. И.А. 
Бакуловтың деректері бойыніпа бүл топқа жататын 42 аурудың 24-ін бакте- 
риялар, 15-ін вирустар, біреуін - микоплазма, біреуін - хламидия, біреуін -
саңырауқұлақ қоздырады.
Алиментарлық жұқпалы аурулар кезіндегі індетке қарсы шаралар: ауыр- 
ған жануарды оқшаулап, жеке бағып-қүту жэңе ветериңариялық-санитария- 
лық шаралар (дезинфекция, т.б.).
Респираторлъщ инфекциялар
тыныс алу жолдары арқылы беріледі. Олар- 
ға 2 бактериоз, 12 вироз, 3 микоплазмоз, 1 хламидиоз жэне 4 микоз жатады, 
яғни басым көпшілігі вирустық инфекциялар. Бүл аурулардың таралуына 
жануарлардың тығыз орналасуы, вентиляцияның нашар жүмыс істеуі, ауаның 
жоғары ылғалдылығы мен суықтығы жағдай жасайды.
Респираторлық инфекциялар тыныс жолдары арқылы ауамен берілетін- 
діктен қоздырушы микробтар денеге тыныс жолдарының кілегейлі қабығы 
жэне өкпе арқылы енеді. Микробтар тамшы тозаң жэне шаң тозаң арқылы 
беріледі. Біріншісі ауаның ылғалдылығы жоғары болғаңда жэне мал қорада 
тығыз орналасқанда байқалса, екіншісі ауа құрғақ болғанда микроб төсеніш- 
пен немесе топырақтан шаңмен бірге көтеріледі. Тамшы тозаңмен зардапты 
микробтардың таралуы ауру малдың түшкіріп-пысқыруының, жөтелуінің 
нэтижесінде болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет