Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет96/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

ЖЕКЕШЕ ІНДЕТТАҢУ
Ж е к е ш е ін д е
11
а н у д ы ң м а з м р ы м е н м а қ с а т т а р ы
Оқулықтың бұл бөлімінде жануарлардың нақты жұқпалы аурулары қа- 
растырылады. Олар жануарлардың түрлёріне негізделген зоологиялык клас- 
сификация бойынша төмендегідей тараулардан тұрады:
- бірнеше түлікке ортақ аурулар;
- күйістілердің аурулары;
- жылқының аурулары;
- шошқаның аурулары;
- төлдің аурулары;
- құстардың аурулары;
- ит пен андардың аурулары;
- бал арасының аурулары;
- балықтың аурулары.
Әрбір ауру туралы мэліметтер келесі жүйе бойынша берілді:
- аурудың атауы мен анықтамасы;
- тарихи деректер;
- қоздырушысы;
- індеттік ерекшеліктері;
- дерттенуі;
- өтуі мен симптомдары;
- патологоанатомиялық өзгерістер;
- балау;
-емі;
- иммунитет;
- дауалау жэне күресу шаралары.
Бұл мәліметтер өзекті мэселелер ретінде қарастырылып, сол ауру туралы 
білімнің негізін құрайды.
Аурудың атауы
қазақ, латын немесе ағылшын, орыс тілдерінде келті- 
рілді. Қазақша атауы тарихи қалыптасқан, қазіргі ғылыми терминология бо- 
йынша, бар болса синонимдері берілді. Халықаралық атауы ретіндё латын 
тілінде, егер Халықаралық Індет Бюросының тізімінде ағылшын тілінде тір- 
келсе осы тілде келтірілді. Орыс тілінде аурулар бұрынғы Кеңестер Одағында 
қабылданған, қазіргі Ресей Федерациясында қолданыстағы нұсқалары бо- 
йынша аталды.
Аурудың анъщтамасында
оның клиникалық белгілері мен індеттік ерек- 
шеліктеріне мэн берілді.
Тарихи деректер
аурудың адамзат тарихында алғаш мэлім болған кезе- 
ңін, дүниежүзінде таралуы, ғылыми тұрғыдан сипатталуы, зерттелуінің негізгі 
жетістіктерін (қоздырушысының анықталуы, диагностикумдар мен иммундік 
препараттардың жасалуы) жэне оған үлес қосқан ғалымдардың еңбектерін 
қамтиды.
132


Ауру цоздырушысының
латынша аталуы, негізгі морфологиялық, өсіндік 
ерекшеліктері, антигендік құрылымы, сыртқы ортада, физикалық және химия- 
лық факторларға төзімділігі, дезинфектанттарға сезімталдығы.
Індеттік ерекшеліктеріне
қатысты бұл ауруға жануарлардың қандай 
түрлері шалдығатынын жэне ауруға бейімділіктің жануардың жынысына, 
жасына, тұқымына қатыстылығы, аурудың кезеңділігі, маусымдылығы, індет- 
тенуінің және індет ошағының ерекшеліктері. Инфекция қоздырушысының 
бастауы және берілу жолдары қарастырылды.
Дерттенуі.
Қоздырушы микробтың денеге енген сэтінен оның ағзаларға 
тарап, орын тебуі, организмге зиянды әсері жэне соның нәтижесінен туын- 
дайтын морфологиялық өзгерістер.
Өтуі мен симптомдары.
Аурудың жасырын кезеңі, негізгі клиникалық 
белгілері, өту жітілігі. Егер эр түрлі мал түліктері шалдығатын болса, олар- 
дағы ерекшеліктері. Аурудан сауығу мүмкіндігі.
Патологоанатомиялың өзгерістер
өлекседе байқалатын көзге керінетін 
жэне гистологиялық немесе микроскопиялық тексеру нэтижесінде байқала- 
тын морфологиялық көріністерді қамтиды.
Балау.
Ауруға нозологиялық диагноз қоюға негіз болатын мәліметтер: 
індеттанулық деректер, клиникалық белгілері, патологоанатомиялық өзгеріс- 
тер, микробиологиялық (бактериологиялық, вирусологиялық) зертеулердің, 
серологиялық жэне аллергиялық тексерулердің нэтижелері.
Емі.
Аурудың эрбір клиникалық түріне байланысты симптоматикалық 
емдік шаралар. Этиотропты емдік үшін қолданылатын телімді иммундік пре- 
параттар мен телімсіз жалпы эсер ететін антимикробтық дәрі-дэрмектердің 
қолданылуы. Кейбір аурулар кезінде емдік шаралар жүргізілмейді.
Иммунитет.
Табиғи имунитеттің қалыптасу ерекшеліктері. Жасанды 
иммунитет қалыптастыруға арналған биопрепараттар жэне олардың қолда- 
нылуы.
Дауалау және күресу шаралары.
Аурудың алдын алу үшін жэне ауру 
байқалғанда жүргізілетін сауықтыру шаралары. Оқулықта алдын алу жэне 
сауықтыру шараларының негізгі бағыттары ғана (ұйымдастыру-шаруашылық, 
ветеринариялық-санитариялық жэне арнайы) баяндалады. Үкіметтің құзырлы 
органдары бекіткен ағымдағы уақытта күші бар тиісті нүскауларда нақты 
жүқпалы ауруға қарсы шаралар жан-жақты баяндалады. Осы құжаттардың 
негізінде белгілі бір шаруашылық жағдайына лайықтап студент өздігінен 
аурудың алдын алу жэне сол ауру байқалғанда сауықтыру шараларының 
үлгілік жоспарын жасауы керек.
133


9 mapay


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет