Оқулық. Алматы, 518 бет


 Жұқпалы аурулардың аталуы және жіктелуі



Pdf көрінісі
бет93/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

8.2. Жұқпалы аурулардың аталуы және жіктелуі
Әрбір жұқпалы ауру - ұзақ эволюцияның нэтижесінде қалыптасқаң 
нозологиялық бірлік (грекше 
nos os
- ауру). Оның өзгешелігі мен дербестілігі 
- қоздырушы микробпен байланысты. Жұқпалы аурудың дербестігін тану 
үшін оны қоздырушы микробтың өзгешелігіне яғни жеке даралығына көз жет- 
кізу қажет. Басқаша айтқанда әрбір жұқпалы аурудың өзіне ғана тән қоздыру- 
шысы болады, ал әрбір зардапты микроб өзіне ғана тән ауру қоздырады. Яғни 
бір аурудың екі бірдей қоздырушысы болмайды, керісінше эр түрлі бірнеше 
зардапты микроб бір ғана ауру тудырмайды. Бұл қағиданың дүрыстығы 
тэжірибеде дэлелденген. Оған сэйкес келмейтін тосын жэйттердің жәй ғана 
кездейсоқгық екені айқындалды. Мысалы, шошқа обасының қоздырушы 
вирусы ашылмаған, вирусологиялық әдістердің белгісіз кезінде обадак өлген 
шошқаның өлексесінен салмонеллалардың жиі бөлінуіне байланысты осы 
микроб обаның қоздырушысы ретінде қабылданды. Содан барып 
Salmonella
suipestifer
(шошқа обасының салмоңелласы) деген атау пайда болды. Осыдан 
кейін салмонелла бактериясының бір ғана ауруды - салмоннелезді қоздыра- 
тындығы, ал оба кезінде тек қана қосалқы микроб ретінде бөлінетіндігі ,дау 
тудьфмайтын болды.
Сиырдың жұқпалы ринотрахеиті жэне жұқпалы вульвоваганиті кезінде 
бөлініп алынған вирустың осы екі ауруға да ортақ қоздырушы екені анықтал- 
ды. Бұдан кейін бұл ауруларды жалғыз ғана нозологиялық бірлік .деп қабыл- 
дап, оның тыныс және жыныс мүшелерін зақымдайтын клиникалық екі түрі 
бар деп тұжырымдалды. Практика бұл корытындынын дұрыс еқендігің толық 
дэлелдеді, сондықтан қодданылатын вакцина жэне диагностикум аурудың эр 
түрі үшін емес, екеуіне де ортақ.
Бір, микробтың бірнеше варианттары болуы мүмкін. Мүндай жағдай леп- 
тоспироз, аусыл сияқты ауруларға тән. Сонымен қатар жоғарыда айтылғаңдай 
бір микроб қоздырған аурудың бірнеше клиникалық түрлері болуы да дау 
туғызбайды. Бұл жағдайлар эр ,аурудың өзіне ғана тэн қоздырушысы бола- 
тындығын жоққа шығара алмайды, тек қана қоздырушының да, аурудың да, 
бір қалыпта ғана емес бірнеше вариантты болатындығын дәлелдейді.
Әйтсе де осы уақытқа дейін "микробтар ассоциациясы қоздыратын ау- 
рулар" деген үғым бар. Оған клостридиоздар, вирустык пневмоэнтериттер жа- 
тады. Жан-жақты терең зерттеулердің нэтижесінде әрбір себепкер микробтың 
рөлі айқындалып, мүндай аурулардың саны барған сайын азайып келеді. 
Микробтар ассоциациясы, эсіресе шартты түрде зардапты микробтар жиын- 
тығы, тек қана кейбір ерекше жағдайларда ғана, мысалы жаңуар жарақаттан- 
ғанда, суыққа немесе ыстыққа шалдыққанда жэне басқа да стресс факторлар 
эсер еткенде ауру қоздырады. Өзіне тэн қоздырушысы болмағандықтан бүл 
ауруларды өзгеше жеке дара жұқпалы ауру ретінде карастыруға болмайды.
126




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет