4-сурет. Топалаңмен ауырган цой (саны мен қолтыгының ісінуі, цозыну сәті)
5-сурет. Топалаңмен ауырган сиыр, эуекесі мен сөл түйіндерінің домбьігуы
Балау. Диагноз қою үшін міндетті түрде індеттанулық деректер, клини-
калық белгілері, өлексені көрудің нэтижелері ескеріледі. Жайылым маусы-
мында бүрын сау емес территорияда, не болмаса жер қазу жұмыстары жүргі-
зілгеннен соң, қатты жауын, сел, тасқыннан кейін малдың кенеттен өлуі то-
палаңға күдік тудырады. Бұнымен қатар аурудың өте қатты өлі тиюі (ыстығы
көтеріліп), күйдіргі шығу білінетіндігі ескеріледі.
Сонымен бірге өлексенің
тез бұзылуы, сіресуінің білінбеуі, табиғи тесіктерінен қанды сора ағуы ма-
ңызды мэліметтер болып табылады. Бүл күдіктердің негізінде күттірмейтін
жедел шаралар қолға алынады. Бірақ та түпкілікті диагноз лабораториялық
зерттеулерге негізделуі керек.
Зертханаға жаңа өліктің құлағының көк тамырындағы қаннан даярланған
қалың жағындыны жібереді. Қан алған кезде терінің тілінген орынын қариды.
Жағындыны көлеңкеде кептіріп, бекітпейді. Егер шыны болмаса, бірнеше
тамшы қанды борға, гипске, ағаш көміріне, шақпақ қантқа тамызады.
Басқа
мүмкіндік бблмаған жағдайда тексеруге кесіліп алынған құлақты жібереді. Ол
үшін астыңғы құлақтың түбін екі жерден байлап, арасынан кеседі. Тілінген
жерді қарып, күйдіреді. Құлақты пергамент қағазбен немесе целофанмен
орап, металл қорабқа, банкіге, немесе м ықты ж эш ікке салып, кісі арқылы
139
лабораторияға жіберіледі. Лажсыз сойылған малдан ең лайықты материал -
көк бауыр, шошқадан жақасты жэне жүтқыншақ сөл түйіндері.
Зертханада ең алдымен жағындыны микроскоптайды. Капсуламен қор-
шалған өзгеше ірі таяқшалардың болуы топалаңға
алдын-ала диагноз қоюға
негіз болады да, бұл туралы шаруашылықты жэне ауданды бақылайтын вете-
ринариялық қызметке хабар етіледі. Бұл алдын-ала қойылған диагноз ауру
қоздырушысының таза өсінін бөлу арқылы расталуы керек. Ол үшін тексе-
рілетін материалды қоректік ортаға себеді жэне лабораториялық жануарларға
жұктырады. Бөлінген өсінді өзіне тэн қасиеттері бойынша (қозғалмайтын,
гемолиздік белсенділігі жоқ, оң "меруерт моншағы" сынамасы, өзгеше то-
палаң бактариофагымен эрекеттескенде еруі) айқындалады. Бациллаларды
бұдан да тезірек иммунофлуоресценция эдісі бойынша табады.
Бөліп алынған
микробтың уыттылығын анықтау міндетті шарт болып есептеледі.
Егер өлексе бұзылып кетсе лабораторияға терінің (10x10 см) немесе
ағзалардың кесіндісін жібереді. Бұлардан даярланған экстракты преципитация
реакциясында тексеру арқылы бактериологияның нэтижесі теріс болған жағ-
дайда да диагноз қоюға болады Лажсыз сойылған малдың етін міндетті түрде
топалаңға тексеру қажет. Медицина практикасында адамды, ал соңғы кезде
ветеринарияда шошқаны тірі кезінде ауруға топалаң аллергені (антраксин)
арқылы тері сынамасын қолданып тексереді.
Ажыратып балау.
Сиырда қарасаннан, қойда брадзот пен энтеротоксе-
миядан, барлық жануарларда қатерлі домбығудан, пастереллезден, пироплаз-
моздардан, лейкоздан,
уланудан, тышқаншықтан, тимпаниядан, күн өтуден
жэне ыстық өтуден ажьфату қажет.
Емі.
Диагнозы қойылғаннан соң ауырған малды жедел оқшаулап, емдеу-
ге кіріседі. Емдеу үшін топалаңға қарсы қан сарысуы мен иммуноглобулин
қолданылады. Бұл дэрмектерді тері астына бір орынға 25-30 мл, жылқы мен
ірі қараға 100-200 мл, қой, ешкі, шошқаға 50-100 мл жібереді. Аурудың қатты
болған кезінде көк гамырға жібереді. Қолданылар
алдыңда дәрмектерді су
қобдиында 37-38°С дейін жылытады. Анафилаксия болмау үшін алдымен тері
астына 0,5-1 мл жіберіліп, 15-30 мин соң қалғанын жібереді. Қан сарысуымен
қабаттастырып пенициллин немесе стрептомицин пайдаланса емнің нәтижесі
жоғары болады. Сауыққан малды 14 күн өткен соң вакциналайды.
Достарыңызбен бөлісу: